Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 07:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Пайда экономикалық катеория ретінде. Пайда нысандары». Курстық жұмысты таңдау себебім нарықтық экономикада экономикалық категория ең маңызды мәселе болып табылады.
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
процентке
тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның
орта пайда нормасымен байланысты болатыны,
соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз
проценті одан асып кете алмайды. Бұдан
шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу
тенденциясының орын алуымен, процент
нормасы да төмендейді.
2.2
Пайда нысандары
және олардың жолдары
Шекті
пайдалылықтың мөлшері тауардың
саны мен соған қажеттіліктің
дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен
бірге адамның әр түрлі қарқындылық
дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері
көп болады. Қажеттіліктің қарқындылығын
бағалау субъективті болғанмен, объективті
түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді
маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға
болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды
адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды
да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді,
осындай қимылдардың арасында ең соңында
тұтынылған игіліктерінің шекті пайдалылығы
бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті
игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы
ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр
тауардың өз бағасы
бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын
оның бағасына бөлсек, онда өлшенген шекті
пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша,
немесе өлшенген шекті пайдалылықтар
бірдей болғанша кеңітеді. Тұтыну тепе-теңдігінің
шартын былай бейнелеуге болады:
Бұл жерде MU - жеке тауарлардың пайдалылығы, ал P - олардың бағасы.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін сандық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деген нені есептеу керек, яғни қандай өлшем бірлігінде игіліктердің шекті пайдалылығы бағалануы және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға бола ма? Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер.
КАРДИНАЛИСТЕР шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін өлшегішті іздеумен шұғылданады (У. Джевонс, А. Маршалл, Д. Робертсон). Алайда олардың бұл ізденістері нәтижесіз болды да, салыстыру кезінде бәрінен жиі пайдалылықты ақшалай бағалау қолданды.
ОРДИНАЛИСТЕР жалпы мұндай әмбебап өлшем бірлігін іздеуден бас тартты да, басқа жол ұсынды (В. Парето, Дж. Хикс, тағы басқалары). Мысалы, В. Парето шекті пайдалылықтың абсолютті өлшеуішінің орнына салыстырмалы талдауға көшкен жемісті болар еді деген идея айтты, яғни сатып алушылардың (сатушылардың) тауарларды бір қисындасуын басқа қисындасуынан таңдап алу себебін анықтау. Мұндай талдаудың құралы (тетігі) ретінде экономикалық процестерді зерттеуде неоклассикалық мектеп кеңінен талғаусыздық қисық сызығы дегенді қолданады.
Пайданы
көбейту жағдайларын талдаудан
бұрын алдымен жетілген және жетілмеген
бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының
қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден
көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма
(1, а - сурет) рыноктық бағаға әсерін тигізбей
қанша сатамын десе, сонша сата алады.
Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу
жатыр. Рыноктың бағаға әсер ете алмауы,
салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің
салыстырмалы түрде үлкен еместігінде.
Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокқа қанша тауарлар шығарса да, бәрібір ол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткіліксіз.
Жетілмеген
бәсекелес фирма жағдайында (1, б
- сурет) ДД сұраныс қисығы төмен
жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған
сайын соған сәйкес төмен баға
белгілейді. Сондықтан монополист фирма
рынокқа тауардың үлкен көлемін
шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер
фирма толық монополияға ие болмаса, P,
яғни бағаны қысқарту 1, б - суретінде көрсеткенімдей
оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға
Д1Д1 жағдайына жылжытады,
сондықтан қарсыласушы фирмаға байланысты
баға төмендеген күнде енді аз көлемде
тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы
графиктерді салыстырудан шығаратын қорытынды
мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы
фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды.
Егер сұраныс сызығы
төмендесе, онда фирма
жетілмеген бәсекеде
болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген
сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті
табыстың (MR) өсіңкілігіне әсер етеді.
Шекті табыс n бірлікті сатудан алынған
жалпы табыс пен n-1 бірлікті саудадан алынған
табыстың арасындағы айырмашылығымен
анықталады. Мысалы, егер бірдей 100 тауар
100 доллар бағамен сатылса, онда жалпы
табыс 10000 доллар. Ал, 101 тауарды сату үшін
бағаны 99,5 доллар төмендету керек, онда
жалпы табыс 99,54 * 101 = 10044,5 доллар аламыз.
Осыны шекті табыс деп атайды. Шекті
табыс деген қосымша
тауарды сатудан алынған
қосымша табыс. Мына 2-кесте арқылы осыны
көрсетемін.
2-кесте
Өндірілген тауарлар саны | Бағасы | Жалпы табыс | Шекті табыс |
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
41
39 37 35 33 31 29 27 25 23 |
41
78 111 140 165 186 203 216 225 230 |
41
37 33 29 25 21 17 13 9 5 |
3-бағаның
мәні соған сәйкес 1-бағаның мәнін
2-бағаның мәніне көбейту
Тағы
да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке
жағдайында жеке кәсіпорын үшін баға
тұрақты әрі белгіленген
Жетілмеген бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті табыс пен сұраныстың жетілмеген бәсеке кезіндегі өсіңкілігін графикалық түрде бейнелейік (ординат тігінде - шекті табыс пен баға, абсцисс тігінде өнімнің саны).
Графиктен MR сызығы ДД сұраныс сызығымен қарағанда тезірек төмендейтіні көрінеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында шекті табыс бағадан аз. Қосымша өнімді сату үшін жетілмеген бәсекелес бағаны төмендетеді. Бұл төмендету оған қайсыбір ұғыс береді. (2-кестеден жалпы табыстың ұлғайғаны көрінеді), бірақ бір мезетте кейбір залал әкеледі. Ол қандай залалдар. Мысалы, өндіруші 3 тауарды 37 долларға сатып, әрбір өнімнің бағасын төмендетті (41-ден, 39-дан, 37 долл.). Сондықтан барлық сатып алушылар 41 және 39 долларға тауарлар сатып алғандарды қосқанда төмен баға төлейді. Алдындағы сатылған тауардан шеккен зиян 4 доллар. Бағадан алынып тасталады, сонда 33 доллар тең шекті табыс қалады.
Қайтадан фирма шығындарына оралайық. Өнімнің орта шығындарында (AC) алдымен, өнімнің саны ұлғайған кезде азаю тенденциясы болады. Алайда, белгілі бір өндіріс көлеміне жеткеннен кейін және одан асқан сайын шығындар өсе бастайды. Орта шығындар өсіңкілігі график түрінде бейнеленгенде жоғарыда көрсетілгендей, И - бейнелі қисық сызық болады. Абстрактілі санды мысал арқылы жетілмеген бәсекелес фирманың орта, жалпы және шекті шығындарын бейнелейміз. Бірақ алдымен мынадай белгілеулерді кіргіземіз:
TC = Q * AC, яғни жалпы шығындар тауарлар санының орта шығындарға көбейтіндісіне тең;
MC = TCn - TCn - 1, яғни шекті шығындар n санындағы тауарлардың жалпы шығындарымен n-1 санындағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылыққа тең;
TP = Q + P, яғни жалпы табыс тауар санының бағасының көбейтіндісіне тең;
MP = TPn - TPn - 1, яғни шекті табыс n сандары тауардың жалпы табысы мен n-1 сандағы тауардың жалпы табыстың айырмашылығына тең.
2,
3, 4-бағаналар (3-кесте)
Фирманың
рационалды тәртібі оның ең жоғары
пайда алуға ұмтылатынын
3-кесте
Өндірілген тауарлар | Орта шығындар | Жалпы шығындар | Шекті шығындар | Баға табыс | Жалпы табыс | Шекті саны |
1
2 3 4 5 6 7 8 10 11 12 13 14 15 16 17 0 |
24
21,75 19,75 18 16,5 15,25 14,25 13,5 12,75 12,75 13 13,5 14,25 15,25 165 18 AC |
24
43,5 59,25 72 82,5 91,5 99,75 108 127,5 140,25 156 175,5 199,5 228,25 264 306 TC |
24
19,5 15,75 12,75 10,5 9 8,25 8,25 10,5 12,5 16,25 19,5 24 29,25 36,75 42 MC |
41
39 37 35 33 31 27 29 23 21 19 17 15 13 11 9 P |
41
78 111 140 165 186 211 203 230 231 228 221 210 195 176 153 TP |
41
37 33 29 25 21 13 17 5 1 -3 -7 -11 -15 19 23 MR |
Жетілген бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форма тепе-теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе-теңдік MC = p болғанда болады. P, яғни баға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыспен сәйкес келеді, сондықтан былай деп жазуға болады: MC = MR = P фирмаға толық тепе-теңдікке жету үшін, Дж. Робинсон атап өткендей, екі шарт орындалуы керек:
Монополист фирманың рыноктағы тәртібі шекті табыстың (MR) және шекті шығындардың (MC) өсіңкілігімен де анықталады. Неге? Өйткені әрбір қосымша өнім жалпы табысқа және бір уақытта жалпы шығындарға да фирма қайсыбір көлемді қосады. Фирма барлық уақытта осы екі көлемді салыстырып отыру керек. MR мен MC арасындағы айырмашылық жағымды болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта береді. Мынадай ұқсастықты байқауға болады: потенциалдардың айырмашылығы электр тоғының қозғалысын қамтамасыз етсе, MR мен MC арасындағы жағымды айырмашылық фирманың өндірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Ал MR = MC болған жағдайда фирма тепе-теңдігі орнайды. Бірақ жетілмеген бәсеке кезінде қандай баға орнығады? Мұндайда орта шығындар (AC) қандай болады? MC = MR = P = AC формуласы сақтала ма?
3-кестеге
көңіл аударайық. Монополист, әрине,
өнімдер үшін жоғары баға
Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35 * 4), ал таза пайдасы (140 - 72) = 68 доллар.
Сұраныс қисық сызығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, 33 доллар бағада ол 5 тауар сатуы мүмкін. Бұл жағдайда бір тауарға тиісті таза пайда азайғанымен пайданың жалпы көлемі өседі. Таза пайдасын ұлғайту үшін жетілмеген бәсекелес бағаны қандай шекке дейін төмендете алады? Айқыны, шекті табыс (MR) шекті шығындарға (MC) тең болғанда, бұл 9 тауарды сатқандағы жағдай. Нақ осындай таза пайданың көлемі ең жоғары болады, яғни (225 - 117) = 108 доллар. Егер сатушы бағаны 25 доллардан (яғни, ең жоғары пайда - 108 доллар пайда алған бағадан) 23 долларға дейін төмендесе, онда мынадай нәтиже болады: 10 тауар сатып алушы 5 доллар табыс ала алатын еді, ал шекті шығындар онда 10,5 доллар болар еді. Сондықтан 10 тауарды 23 доллар бағамен сату сатушының таза пайдасын азайтады: (230 - 125,5) = 104,5 доллар.