Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 09:29, реферат
Жеке тұлға –әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады.
Күні:23.10.2011
Тақырыбы: Жеке тұлға дегеніміз кім?
Мақсаты: Оқушыларды жоғарғы буынға өткізе отырып, жеке тұлға түсінігін қалыптастыру.
Өзін қоғамда жеке тұлға
Жеке тұлға –әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар.
Әрекет қабілеттілігі
азамат кәмелетке,
яғни
18 жасқа
толғанда
толық
көлемде
пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын,
атап айтқанда,
жеке кәсіпкер
ретінде қатысуын қамтамасыз
етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке
кәсіпкер
несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз
болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады.
Шет елдің
азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары
сияқты өзіндік
беймүліктік құқықтары
болады.
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Информация о работе Оқушыларды жоғарғы буынға өткізе отырып, жеке тұлға түсінігін қалыптастыру