Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 19:38, реферат
1. Курно дуополиясы
2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы
3. Картельдің құрылуы
4. Баға белгілеудегі лидер
Тепе-тендік стратегиясы 2—2, бірақ бүл ойын нәтижесі 1—1 стратегияны тандағанға қарағанда нашар.
2-стратегия әрбір ойыншы үшін максимин стратегиясы болады. Бұл стратегия қарама-қарсы мақсаты бар бақталастьтң кез келген әрекетінде де ойыншыға ең нашар жағдайдың жақсы нәтижесін әкеледі. Біздің мысалымызда А ойыншы әр стратегияньтң нашар нәтижесін талдайды: 1-стратегияда оның ең төменгі нәтижесі -1-ге тең, ал 2-стратегияда - 0. Осы мүмкін болатын нашар нәтижелерден А фирмасы жақсысын таңдайды, ол 2-стратегия. Бақталас қандай әрекет жасаса да, бұл стратегия бойынша нәтиже 0-ден кем болмайды. Егер В ойыншының іс-әрекетін талдасақ, ол да осыған ұқсас болады. 2-2 стратегиясы Нэш тепе-теңдігі деп аталады, бұл кезде стратегияны басқа ойыншы тандайды деп ұйғарғанда әр ойыншының стратегиясьт ұтымды болады және ойынның тепе-тендік шешімі болады.
Баға
белгілеу процесінде олигополиялық фирма
максимин стратегиясына сүйенеді. Фирма
және оның бақталасы бағаны әр түрлі деңгейде
белгіледі деп ұйғарып, осы екі фирманың
пайдасының матрицасын қарастырайық:
|
Фирмалардың
максимин стратегиясы - тауардың багасын
40 теңгеге дейін төмендету больтп табылады.
Екі фирма өзара келісіп, бағаны 50 теңге
деп белгілесе, пайданы баға 40 теңге болғандағыдан
гөрі көп алады. Бірақ бақталастық және
бір-біріне деген сенімсіздік бағаны төмендетуге
әкеліп соқтырады. Егер фирма бағаны бір
қалпында ұстап тұрса, онда бақталас фирма
бағаны төмендетіп, нарықтағы өз үлесін
көбейтеді де, пайдасын жоғарылатуы мүмкін.
Сондықтан максимин стратегиясының тиімділігі:
пайданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
деп айта аламыз және фирманың берілген
стратегиясында оның пайдасы белгілі
бір деңгейден кейін төмендемейді.
3. Картельдің
құрылуы.
Егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір
монополия
сияқты әрекет жасайды: олар тауардың
бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін
шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан
картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір
квота тағайындалады. Картель кезінде
пайданы неғүрлым жоғары деңгейге жеткізу
мақсаты қалай орындалатынын график түрінде
көрсетейік (10.3-сурет):
Әуелі барлық фирмалар жетілген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп үйғарамыз. Онда Рк, Qk - бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең. Е нүктесі-бәсекелестік кезіндегі тепе-теқдік нүктесі.
Енді,
фирмалар картель құрып, бірікті делік.
Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия
жағдайындағыдай болып шешіледі. Рм және
Qм - монополия бағасы және жалпы өнім шығару
көлемі. Сондықтан өнім келемі, Qк-ден МК
= МС болатын Qm деңгейіне дейін қысқарады.
Енді, бұл өнім шығару көлемі
фирмалар арасында өзара бөлінеді.
Мұндағы басты мәселе әр фирманың
өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды
бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар
өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын
асырады. Егер салада көптеген фирмалар
келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q*-QК)
көбейеді және баға Рк деңгейіне дейін
төмендейді. Сондықтан картель бағасын
ұстап түру үшін әрбір фирма өзінің квота
мөлшерінен, яғни бөлінген өнім көлемін
асырмауы керек. Іс жүзінде картельдер
монополиялық баға жайлы келісу және квотаны
енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.
4. Баға белгілеудегі лидер.
Олигополиялық фирмалар өзара бірігіп, баға мен өнім шығару көлемі туралы келісімге (ашық немесе жасырын) келген уақытта пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзгеретін болса. Егер нарықта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Бұл басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар - ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс барлық олигополиялық нарықтарда кездеседі.
Лидер
(басым) фирма бағаны қалай тағайындайтынын
қарастырып өтейік. Фирма өзіне ең көп
пайда әкелетін баға белгілейтіні бізге
белгілі және бұл кезде шекті түсім шекті
шығынға тең болатын шарт орындалуы керек.
Сондықтан лидер фирма бірінші өзінің
тауарына деген таза сұранысты анықтайды.
Ол үшін басқа ілеспелі фирмалардың әр
түрлі баға деңгейінде сата алатын өнім
көлемін анықтайды (ілеспелі фирмалардың
ұсыныс қисығын 5Ғ), содан кейін бұл көлемді
нарықтағы сұраныс көлемінен шегереді.
Суретте лидер фирманың тауарына деген
таза сүраныс нарықтағы сұраныс кәлемінен
ілеспелі фирмалардың ұсыныс шамасын
алып тастағандағы айырмасына тең болады
Бұдан кейін фирма шекті түсімді (МRn) анықтайды және МRn = МС болғандағы өнім шығару көлемін (QL) табады. Осы көлемге сәйкес келетін баға (РL) басқа фирмалар үшін де белгіленген баға болады. Олар РL бағасы бойынша qF көлемінде өнім шығарады. Нәтижесінде нарықтағы жалпы ұсьныс көлемі qL=qL+qF болады.