Олигополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 19:38, реферат

Описание работы

1. Курно дуополиясы

2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы

3. Картельдің құрылуы

4. Баға белгілеудегі лидер

Работа содержит 1 файл

Олигополия - реферат.doc

— 106.00 Кб (Скачать)

      ОЛИГОПОЛИЯ 

1. Курно дуополиясы

2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы

3. Картельдің құрылуы

4. Баға белгілеудегі лидер 

  Монополия кезінде  нарық құрылымдарында өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясы мен өзінің жеке өндірістік мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл   нарықтардағы фирмалардың пайданы жоғары деңгейге жеткізу мақсаты, тек қана, орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.

       Олигополия  нарығы  төмендегідей  ерекшеліктермен сипатталады:

    а) бүл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;

    ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым(лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемімем өзгеруіне едәуір ықпал етеді;

    б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

   Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

   Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін керсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фир-малардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.

   Монополия кезінде келесі моделдерді қарасту қажет: Курно дуополиясы, қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойъіны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен әнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бүл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бүл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтагы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бүрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет. 

  1. Курно дуополиясы. 

   Олигопология нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастайық. Екі фирма және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.

   Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі түрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан, Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін тандау арқылы жүзеге асырылады.

   Бір фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған ұқсас болады).

   А   фирмасы белгілі сұраныс функциясы Р=P (Qа+Qв) және    В фирмасьтның өнім шығаруы (QВ) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын А) барынша көбейтетін өндіріс көлемін (QА) таңдауы керек: 

   ПА(QA,QB)→max; 

   ПА=P(QA+QB)*QA-c(QA)

Мұнда, с(QА)-А фирмасының шығындар функциясы. Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:

Р'*QА+Р'(QА)= 0.

     Бұл тендеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасыньтң өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де тендеу алуға болады:

P**QB + P-c¹(QB)=0

     Курно тепе-теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғары деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін 0*А, Q*В тандайды және бұл кезде жоғарыдағы (2), (3) тендеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-тендігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.

     Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын және т. б. ескеріп отырады.

     Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе-теңдігі қалай аньтқталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (10.1-сурет).

Төмендегідей сүраныс және  шығын  функциялары берілсін  делік:

Р(Q)= К-QА-Qв; 

мұнда, Q = QА+; К=сопst,

   С(Q) = С*QB

       мүнда, С = соnst.

       Онда ұтымдылықтың шартынан мынаны аламыз: 
    А фирмасы үшін: К - QВ - 2Qа=C

   В фирмасы үшін: К-QА – 2QВ =С. (4)-тендеуден А  фирмасының реакция қисығы табылады: 

Курно тепе-тендіп: Q*A=K-C|3 
 
 

   Е нүктесі — Курно тепе-тендігі (реакция қисықтарының қиылысуы). Ек, нүктесі – бәсекелес тепе-тендігі.

   Фирмалар келісімге келгенде АВ сызығы немесе контракт қисығы - осы фирмалардың өнім шығаруының жиынтық көлемін көрсетеді және бұған жоғары деңгейдегі пайда сәйкес келуі керек. Егер фирмалар пайданы тең бөліп алатын болса, онда олар монополистер сияқты іс-әрекет жасайды, тепе-тендік Ем нүктесінде болады және Ем АВ сызығын тең екіге бөледі.

   Суреттен көріп отырғанымыз, дуополия кезінде фирмалар жетілген бәсеке кезіндегіден өнім көлемін аз шығарады, ал монополиядан гөрі көп өндіреді. Сұраныс функциясын пайдалана отырып, дуополия кезіндегі баға жетілген бәсекедегіден жоғары, ал монополиялық бағадан төмен деп айта аламыз. Ал пайданы есептеген уақьпта, жетілген бәсекемен салыстырғанда Курно дуополиясы фирмаға пайданы көбірек әкеледі, бірақ ол келісім нәтижесіндей фирма үшін пайдалы емес деген шешімге келеміз.

   Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды жасауға болады.

   - Олиғополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады:

Qм <Qоliq <Qc.

   - Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен. бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады:

Pm >Poliq  < Рс.

   - Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық пайда алып отырады.

Пм > Пoliq > 0. 

  2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы.

   Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бүл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.

   Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма (екі «ойыншы») іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі — бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны тандаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегендегі және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.

   Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі «ағаш бүтақтары» түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші больт стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп үйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны тандап алғандағы табатын пайдасы. А фирмасының  пайдасын - ПА деп,   ал В фирмасының пайдасын – ПВ деп белгілейміз.

 

 

   Бұнда фирмалардың стратегиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген. Егер екі фирмада 1-сгратегиянъі тандап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (X; Ү) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегиянъг тандаған кезде ойын нәтижесі (Z; W) болады.

Ойынды көрсетудің басқа тәсілі матрица түрі болады:

                10.1-кесте

 
А фирмасының стратегиясы
  В фирмасының стратегиясы
  1 2
1 (X;Y) (W;Z)
2 (W;Z) (Y;X)
 

і 1

   Фирмалардың әр түрлі стратегияны тандағандағы алатьга пайдалары сандар жүбымен көрсетілген: сандар жүбындағы бірінші элементі - А фирмасының пайдасы, ал екіншісі - В фирмасының пайдасы.

   Сонымен, нәтижелер матрицасы белгілі, бірақ бақ-талас қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан бүл жағдайда, ойыншылардың ең ықтимал шешімін іздеп табу керек. Ол үшін ойын теориясы қолданылады.

    Келесі ойынды қарастырайық: 

 
A ойыншының стратегиясы
  В ойыншының  стратегиясы
  1 2
1 (2;2) (1;0)
3 (0;1) (0;0)

     Егер А ойыншы бірінші стратегияны тандайтын болса, онда ол бақталастың кез келген шешімінде де жақсы жағдайда болады. В ойыншы да бірінші стратегияны таңдаса, онда осындай ұқсастықты көреміз. Сонымен, ойында 1-1 стратегиясы таңдап алынатын болса, онда нәтиже (2; 2) болуы ықтимал. Бұл стратегия басым стратегия деп аталады. Сонымен қатар өзінің шамасы жағынан да өте жақсы стратегия және ойынның тепе-теңдік шешімі болып есептеледі. Ойынды талдаудың проблемасы: олардың көбінің басым стратегиясының тепе-тендік жұбы жоқ. Мысалы, мына ойынды қарастьтрайық:

10.3-кесте 

         (2; 2)
         (-1; 3)
         (3; -1)
         (0; 0)

Информация о работе Олигополия