Қоғамдық өндіріс

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2011 в 05:45, курсовая работа

Описание работы

Сондықтанда, жұмыстың жазылу барысында, тақырыптың мазмұнын ашуда, келесідей міндеттер алға қойылған: 1) қоғамдық ұдайы өндірістің даму концепциясын көрсету; 2) жай және ұлғаймасы ұдайы өндіріске жан-жақты талдау жасау.

Содержание

Kipicпe 3

1. Қоғамдық өндірістің негізделу концепциясы. 4

1.1. Қоғамдық өндірістің түрлері, даму кезеңдері 4

1.2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары, өзара
байланысы. 8

2. Қоғамдық ұдайы өндіріс. 13

2.1. Қоғамдық жай ұдайы өндірістің дамуы. 13

2.2. Қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы. 15

2.3. Қоғамдық ұдайы өндіріс тиімділігінің

экономиканың көрсеткіштеpi. 17

3. Қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық


дағдарыстар 19

Қорытынды 22

Пайдаланған әдебиеттер 23

Қосымшалар 24

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (9).doc

— 409.50 Кб (Скачать)

     Қоғамдық ұдайы өндірістегі артық өндіру дағдарыстары өнім өткізу қиындықтарының едәуір шиеленісуімен сипатталады. Өткізілмеген өнімдердің қоры көбейедi. Жабдықтар мен кұрылысқа берілетін тапсырыстар қысқарады. Артық өндіру біртіндеп барлық салаларды қамтиды. Сауда және өнеркәсіп орындарында жаппай банкрот байқалады. Қоғамдық қаржы және несие жүйелерінің тәртібі бұзылады. Дағдарыс біртіндеп экономиканың барлық саласын қамтиды. Өнеркәсіп өндipici қысқарып, өндірістік қуаттар толық іске қосылмай калады.

     Қоғамдық ұдайы өндipicтeгi дағдарыстың экономикалық функциясы ауыр аяғында белгілі бip кезеңде қоғамдағы экономиканың жеке буындарының арасында еріксіз және уақытша үйлесімділікті қалыптастыруға апарып соғады. Дағдарыс кезінде бәсеке күpeci шегіне жете шиеленіседі. Капиталдық шоғырландыру мен ортақтандыру npoцeci жеделдейді. Өндірістің қысқаруынан жұмыссыздар саны орасан мөлшерде өседі, сондай-ақ тұтынушыларды сатып алу қабілеті бұрынғыдан да құлдырайды.

     Одан  кейін қоғамдық ұдайы өндірістегі тоқырау сатысы басталады, бұл кезде өндipic 6ip орында тұрып қалады. Тауарлар қоры біртіндеп тарқап, олардың 6ip бөлігі жойылады, 6ip бөлігі арзандатылған бағамен өткізіледі. Өнімділігі аз ескірген жабдықтар жойылады. Артық өндіру қысқарады. Тауарларды өткізу біртіндеп артады, бағаның құлдырауы тоқтайды.

     Қоғамдық ұдайы өндірістің тоқырауісатысын жалдану сатысы алмастырады. Ең ipi және өмipгe икемді кәсіпорындар еңбек өнімділігіне арттыруға аса тиімді жабдықтарды пайдалану арқылы бағаның төмен дәрежесіне бейімделеді. Пайда үшін жанталас пен бәсеке көптеген өндіріс орындарының жабдықтарын 6ip мезгілде ауыстыруға мәжбүр етеді. Heгiзгi капиталды жаңалау тоқыраудан жандануға өтудің шешуі факторы болып табылады. Қоғамдық ұдайы өндірістің бipiншi бөлімшесінің дамуы өндіріске өнеркәсіптің резервті еңбек армиясының едәуір бөлігін тартып, жұмыссыздықты қысқартумен қатар жүреді, бұл өз кезегінде жалақыны арттыруға ьқпал етеді. Бұл тұтыну заттарына деген сұранымды арттырып, eкіншi бөлiгi кәсіпорындарда өндірістің ұлғаюына көтермелейді. Өнім шығару дағдарысқа дейінгі көлемге әкетеді.

     Қоғамдық ұдайы өндірістің жалдану сатысы өрлеу сатысына көшеді, ол өнеркәісіп    өндірісін    осының    алдындағы    циклдегі    табыс    деңгейінен арттырумен сипатталады. Несиеге сұраным артады. Пайда артып, акциялар, тағы басқа құнды қағаздардың курсы жоғарылайды, оларды алып-сату орасан зор   мөлшерде   арта   түседі.   Мұнымен   6ip   мезгілде   бұдан   бұрын-ақ экономиканы   дағдарысқа   жеткізген   қайшылықтардың     барлығы  да  кең көлемде ұдайы өндіріледі. Сайып келгенде бұл қайшылықтарының дамуынан жаңа  экономикалық дағдарыс туады.

     Негізгі капиталдың стихиялы және жаппай жаңаруы  артық өндірудің 

экономикалық дағдарысының циклді және дүркін-дүркін қайталануына материалдық негіз қалайды. Нақ осының өзі экономикалық дағдарыстан, сонан соң тоқырау жағдайынан шығуының, әpi оның циклдегі келесі сатылардан - жандану және өрлеу сатыларынан өтуінінің бастауы сәтін және материалдық нeгiзiн   қалайды. Негізгі капиталды ұдайы өндіру циклділігі

дағдарысқа  себеп   емес,   сол  дағдарыстың  өзі  сияқты  қоғамның  нeгiзгi

қайшылықтарының нәтижесі болып табылады.

    Барлық   экономикалық   дағдарыстар   ұдайы   өндіріс   дамуының   тез

бұзылуынан    басталады,    оған    өндіріс    аралық   және    халық  тұтынуы

баланстарының, яғни нарықтағы тауар сұранысы мен төлем мүмкіндік сұранысының тек еместгінен пайда болады.

   Сондықтан өндipic тұтынуды қуып жетуі еді, ал төлем сұранысы өндipicтi қуып жетеді.Біріншi жағдайда - дағдарыс артық өндірісте, ал - дағдарыс өндіріс жетілмегендігі.

   Қоғамдық ұдайы өндірістің қайшылықтары аграрлық дағдарыстарда да көpiнic береді. Аграрлық дағдарыстар ең алдымен ауылшаруашылығының салыстырмалы түрде артық өндірілуінен, оның өткізілмеген орасан мол қорлануы құнынан көpiнeдi. Аграрлық дағдарыстар ұзақ, созылмалы сипатта болады, ондаған жылдар бойы жүреді.

   Қоғамдық ұдайы өндірістегі дағдарыстарға қарсы саясаттар: а) қаржы -несие саясаты, есеп ставкасын көтеру; б) фискалды саясат мемлекеттік бюджет есебінен қысқарту; в) еңбекақы және тариф саясаты т.б. қолданады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Курстық жұмысты аяқтай келе, төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

     Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кipicпe, үш бөлім, алты сұрақты, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерді және 6ipнeшe қосымшаларды қамтып отыр.

     Бipiншi бөлімде, қоғамдық өндірістің даму концепциясы, яғни даму кезеңдеріндегі құрылымы, оның негізгі факторлары, қоғамдық өндipic факторлары; капитал, еңбек, жер, кәсіпкерліктің бip-бipiмeн өзара байланыстары қарастырылып отыр.

     Екінші бөлімде, қоғамдық ұдайы өндірістің дамуы, қоғамдық жай ұдайы өндіріспен, ұлғаймасы ұдайы өндірістің қоғамдағы рөлі, дамуы қарастырылып, қоғамдық ұдайы өндipic тиімділігінің экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалынған.

Үшінші бөлімде, қоғамдық ұдайы өндipicтің дамуындағы дағдарыстар,  артық   өндірудің   зардаптары,   қоғамдық   өндірістің   тоқырау, құлдырау, өрлеу, жалдану циклдері қарастырылып отыр.

     Курстық жұмыстың жазылуы барысында белгілі авторлардың оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары қарастырылып, тақырыпқа байланысты мәліметтер пайдаланылды. 
 
 
 
 
 
 

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімi:

1. Абсалямов  Н. Экономикалық теория негіздері / Оқулық. - Алматы, 2001.-480 6.

2. Аубакиров Я. Экономикалық теория / Оқу құралы. - Алматы, 1999. -310 б.

3. Булатов А.  Экономика / Учебник. - М. «Бек», 1999. - 300 с.

4. Борисов Е.  Экономическая теория / Учебник. - М.  «ЮРИСТ», 1997. - 310 с.

5. Крымова А.  Экономикалық теория / Кестелі оқу құралы. - Алматы, 2004.-21

 6. Мәденов К. Нарықтық экономикаға кipicпe. - Алматы, «Экономика»,

2000.-100 6.

 7. Мәуленова С. Экономикалық теория. Оқу құралы, Алматы, 2003. – 215

8. Мамедов О. Современная экономика. Учебник. - М: «Бек», 2004. – 480

9. Нуриев Р. Курс микроэкономики. - М, «Инфра», 1998. - 430 с. 
10. Ю.Осипова К. Экономикалық теория / Окулық. - Алматы, «Экономика»,
2004.-310 6.

11 .Райзберг К.  курс экономики / Учебник. - М: «Инфра», 1999. - 540 с.  12.Сахариева С. Жаңа кезең экономика теориясы / Оқу құралы. -Алматы,

«Экономика», 2004. - 270 б.

13.Экономическая  теория / Учебник.  - Под.ред.  Н.Николаева. - М: «Инфра», 2000. - 310 с.

14.Шеденов О.  Жалпы экономикалық теория. - Ақтөбе: «А Полиграфия»,

2004. - 455 б. 
 

Информация о работе Қоғамдық өндіріс