Қоғамдық өндіріс

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 05:18, курсовая работа

Описание работы

Өзінің мәні жағынан стратегия дегеніміз ұйым өз қызметі барысында басшылыққа алатын шешімдер қабылдауға арналған ережелер жиынтығы. Қалыптастырылған стратегия пайдаланылуы тиіс.
Стратегия – бұл күрделі ұйымның теңесуі мен жалпы даму бағытын қамтамасыз ететін жүйелі жол

Работа содержит 1 файл

Жазира.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

- кез-келген  нарықтық өзгерістер жағдайында  фирманың даму стратегиясының  негізгі ережелерінің өзектілігін  сақтауға;

- фирма клиенттерінің  көлік қызметтеріне деген сұраныстарын  барынша толық қанағаттандыруға;

- жоғары технологиялы  және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру  мен жетілдіру және оны дамыту. 

7. Стратегияны  практикалық жүзеге асырудың  бірізділігі: 

Фирманың практикалық қызметінің ағымдық жағдайы мен болашағына құжатты актуализациялауға Стратегияның негізгі ережелерін жүзеге асыру қадамдарының келесі бірізділігі есебінен қол жеткізіледі:

1) қазіргі таңдағы  Стратегияны жүзеге асыру деңгейінің  сандық сипаттамасын жедел анықтау қажеттілігін ескере отырып, Кәсіпорынның 2007-2008 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен оны Жүзеге асырудың шаралар жоспарын (кейіннен – жыл сайын) дайындаудың маңызы зор;

2) сонымен бір  мезгілде, мақсаттарға қол жеткізу  жолдарын сегментациялау және бөлшектеу, түрлі қызметтерді үйлестіру үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметтік стратегияларын (саясаттарын) дайындау басталады.

Сыртқы және ішкі орталардың динамикалылығын ескере отырып Стратегияның өзектілілігінің  алдағы уақытта нақты төмендеу мүмкіндігіне болжау жасалады. Осыған байланысты, құжаттың негізгі ережелеріне уақытылы өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен міндеттілігін білдіретін құжаттың ашықтығы мен икемділігі декларацияланады. 

8.Түсініктер  мен атаулардың қысқаша тізбесі: 

Талдау –  ажырату, ғылыми зерттеу әдістерінің бірі.

Аспект (лат. Aspectum көзқарас) – құрал, құбылыс, түсінік  қаралатын көзқарас.

Бизнес-процесс  – нақты нәтижелер алуға бағытталған, басы мен соңы көрсетілген, кірістері, шығыстары, орындау мен басқару  механизмдері көрсетілген өзара байланысты операциялар жиынтығы;

Көрініс – ұйымның  болашағын – ресурстарын, процесстерін, құрылымын, технологиясын, лауазымдық міндеттерін, оның қоршаған ортамен  байланысы жүйелерін сипаттау.

Ұйымның сыртқы ортасы – ұйым шекарасынан тыс  әрекет ететін және ұйым мен оның бөлшектеріне әсер ететін (әсер етуі мүмкін) барлық элементтер жиынтығы.

Ұйымның ішкі ортасы – ұйым шегінде біртұтас жүйе ретінде  әрекет ететін элементтер жиынтығы. Мұндай элементтерге, ең алдымен, технологиялар, ресурстар, сонымен қатар, компанияның меншік иелері, менеджерлері мен қызметкерлері жатқызылады.

Көлденең байланыстар  – ұйымдағы бір деңгейдегі, бір-біріне бағынышты емес түрлі құрылымдық бөлімшелер немесе адамдар арасындағы коммуникативті байланыстар.

Табыстар (Revenues – амер., Income- ағыл.) – шаруашылық бірліктің негізгі қызметі болып табылатын қызметтерді немесе басқа да операцияларды жүзеге асыру, өнімдер жеткізу немесе өндіруден түскен кезең ішіндегі түсім немесе шаруашылық бірлік активтерінің бағасының артуының басқа да формасы немесе оның міндеттерінің (немесе оның немесе басқаның комбинациясының) жағдайының өзгеруі.

Міндет –  алдын-ала белгіленген тәсілмен, алдын-ала белгіленген мерзімде орындалуы тиіс нақты жұмыс, жұмыстар тізбесі немесе жұмыс бөлігі.

Міндеттер (шаралар) – қалыптастырылған нақты орындаушыларға (құрылымдық бөлімшелерге, менеджерлерге) берілетін нақты тапсырмалар. Олар стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың негізгі жұмыс кезеңдерін анықтайды.

Инжиниринг (engineering) – дербес қызмет саласына бөлектенген коммерциялық сипаттағы инженерлік-кеңестік қызметтер кешені. Инжинирингтің негізгі түрлері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, инфрақұрылым саласындағы жоба алдындағы, жобалық және жобадан кейінгі қызметтер, соның ішінде, алдын-ала зерттеулер жүргізу, жаңа техника мен технологияны жобалау, ТЭО дайындау, құрылыстық және техникалық қадағалау, сонымен қатар, өндіріс пен басқару, құралды пайдалану мен дайын өнімді жүзеге асыру процесстерін ұйымдастыру бойынша кеңестер дайындау.

Инфрақұрылым (ainfrastructure) - материалдық өндіріске қызмет көрсететін (қызметтер қалыптастыратын) қызмет салалары мен түрлерінің жиынтығы. Инфрақұрылым негізгі өндірістік (көлік құрылымдары, қойма шаруашылығы, байланыс, сумен қамтамасыз ету) және әлеуметтік (ғылым, денсаулық сақтау, білім беру) деп жіктеледі.

Сапа (Quality) –  объектінің тұтынушының белгіленген  және туындауы мүмкін талаптарын қанағаттандыру қабілетіне қатысы бар сипаттамалар жиынтығы. Бұл жерде сапа объектісі  болып өнімнің (тауарлар немесе қызметтер) жеке өзі, оны өндіру процессі, сонымен қатар, өндіруші (ұйым, жүйе немесе жеке қызметкер) түсіндірілуі мүмкін.

Нәтижеліліктің  негізгі көрсеткіші (Key Performance Indicator, KPI) – сандық өлшеуге бағынатын  және компанияның мақсаттары мен  міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан маңызды болып табылатын қызмет көрсеткіштерін анықтауда пайдаланылатын өлшем.

Команда – мүшелері өз көшбасшыларына сенетін әлеуметтік топ.

Бәсекелестік (competition) - өнімді жүзеге асыру барысындағы  өндірушілер мен жеткізушілердің  өзара әрекеті, өзара байланысы және жарысы, жекелеген тауар және қызмет өндірушілер немесе жеткізушілер арасындағы өндіріс пен өткізімнің барынша тиімді шарттары үшін бақталасы. Бәсекелестік салаішілік (ұқсас өнімдер арасындағу бәсекелестік) және салааралық (төлемге қабілетті тұрғындар сұранысы үшін, бизнес, жалпы мемлекеттік ұйымдар үшін күрес) болуы мүмкін. Бәсекелестік жүзеге асыру әдістері бойынша бағалық (тауарларды барынша төмен бағамен ұсыну) және бағалық емес (тауарларды барынша жоғары сапамен ұсыну) болып жіктеледі.

Бақылау – ұйымның өз мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету процессі.

Контроллинг –  оның ұзақ мерзімді тиімді қызмет етуін  қамтамасыз етуге деген талпыныс негізіндегі компанияны жүйелік  басқару тұжырымдамасы. Контроллинг  жүйесі толық басқару цикліне  сәйкес компанияны басқарудың барлық нұсқаларын жүзеге асыруды талап етеді.

Тұжырымдама (Conceptio - түсіну):

1) кейбір теориялардың  негізгі ойларының, түсініктерінің, ұғымдарының жиынтығы.

2) конструктивті,  практикада қолдануға тиімді  формада баяндалған теорияның  барынша маңызды элементтерінің жиынтығы.

Корпоративтік мәдениет - өзін-өзі қолдайтын, өзін-өзі  дамытатын ұйым құру тәсілі мен құралы.

Менеджмент –  ұйымдарды басқару туралы ғылым. Менеджмент ғылымының мәні ұйымдастырушылық тиімділікті арттыру ортақ мақсатына  біріктірілген ұйымды басқару қағидаларының, әдістерінің, тәсілдерінің және формаларының жиынтығы.

Ұйым менеджменті - қызметті, персоналды (қызмет субъектісі ретінде) және кәсіпорынды ұйымдастыруды  жалпы ашық әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде басқару.

Әдіс – процедураға қарағанда барынша бөлшектенген стандартты (типтік) әрекет жоспары.

Компания миссиясы – ұйымның қоғамдық пайда тұрғысынан алғандағы мақсаты.

Үлгі – объектіні, жүйені немесе идеяны тұтастылықтан  айырып кейбір формада елестету.

Жаңғырту (Betterment) [/b]– жабдықты немесе жекелеген тораптарды жаңасына және барынша тиімдісіне ауыстыру жұмыстарын жүргізу.

Ынталандыру –  объектінің қандай да бір әрекетті орындауға деген ішкі талпынысын белсендендіру.

Бизнес-процесстің мәні – оны орындаудың жалпы мақсаттарын белгілеу.

Ұйымдастырушылық  мәдениет – аталмыш ұйымға тән  құндылықтар, қарым-қатынастар, мінез-құлық  ережелері. Ұйымдастырушылық мәдениет аталмыш ұйымның мүшелеріне мәселені шешудің типтік жолын көрсетеді.

Мақсаттарды жоспарлау  – жобаның негізі, негізгі нәтижелері мен мақсаттары көрсетілген құжатты дайындау.

Информация о работе Қоғамдық өндіріс