Қоғамдық өндіріс

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 05:18, курсовая работа

Описание работы

Өзінің мәні жағынан стратегия дегеніміз ұйым өз қызметі барысында басшылыққа алатын шешімдер қабылдауға арналған ережелер жиынтығы. Қалыптастырылған стратегия пайдаланылуы тиіс.
Стратегия – бұл күрделі ұйымның теңесуі мен жалпы даму бағытын қамтамасыз ететін жүйелі жол

Работа содержит 1 файл

Жазира.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

1. Кіріспе: 

««Өзінің мәні жағынан стратегия дегеніміз  ұйым өз қызметі барысында басшылыққа алатын шешімдер қабылдауға арналған ережелер жиынтығы. Қалыптастырылған стратегия пайдаланылуы тиіс. 

Стратегия –  бұл күрделі ұйымның теңесуі  мен жалпы даму бағытын қамтамасыз ететін жүйелі жол».

И.Ансофф 

«... стратегияның мәні ұстаным қалыптастыру мен жекелеген  қызмет түрлерінен бас тартуда және таңдалған қызмет бағытымен келісуде».

Майкл Э.Портер 
 

Стратегия –  бұл алға қойған мақсаттарға қол  жеткізу және кәсіпорын миссиясын жүзеге асыру барысында қолданылатын басшылық. Стратегияны қалыптастыру процессі әрдайым балама шешімдер таңдау мәселесімен байланысты болып келеді. Менеджменттің негізгі құралы дұрыс дайындалған стратегия болмайынша кәсіпорында стратегиялық әрекеттер мен шешімдердің қажетті біртұтастығына қол жеткізу мүмкін емес. Стратегиясы жоқ кәсіпорын тиімді бәсеке күресін жүргізе алмайды: жалпы оның әрекеттері өзгермелі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап бере алмайды және қалыптасқан мәселелерді тиімді шешуге де ықпал ете алмайды. Кәсіпорынның стратегиялық бағдарлары мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, бәсекелестер арасында даму артықшылықтарына мүмкіндік беретін, сонымен қатар, оны жүзеге асырудың қадам бойынша бірізділігін анықтайтын көріністердің, шешімдер қабылдауға арналған ережелер мен жолдардың болуы жақсы ойластырылған стратегияның өзіндік ерекшелігі болып табылады.

Батыс аймақта  көлік қызметтерін көрсетудің бәсеке нарығында көшбасшылық ұстанымды  жаулап алуды және оны тиімді жүргізуді  көздейтін кәсіпорын үшін мұндай даму стратегиясының болуы өте маңызды. 

2. Көрініс: 

Фирманың даму баламасын алғашқы стратегиялық таңдау келесі басым ұстанымдар негізінде  жүзеге асырылды.

1) Фирма қызметкеріне  қатысты Антропоцентристік үлгіні  қолдану.

Әлемдік практика көрсеткендей басқарудың антропоцентристік (гректің anthropos – адам сөзінен) үлгісін пайдалана отырып коммерциялық компанияны қалыптастыру кәсіпорынның коммерциялық тиімділігімен қатар, оның әрбір қызметкерінің моральдық және материалдық қанағаттануын қамтамасыз ететін тұрақты және үйлесімді даму жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы антропоцентристік  үлгі адамның мәнін қоршаған ортамен  белсенді қызмет процессі барысында  үнемі жаңарып және өзгеріп отыратын ашық жүйе деп қабылдайтын түсінікке  негізделеді.

Антропоцентристік үлгіде адам «барлық заттардың өлшемі», қоғамның басты құндылығы болып  табылады. Барлық табиғи және әлеуметтік орта құбылыстары адам мақсаттары мен  құндылықтары тұрғысынан қаралады.

Мұндай ортада әрбір қызметкер өзін фирма басшылығы арқылы пайдаланылатын кезекті ресурс («жалдамалы жұмысшы») ретінде емес, толыққанды серіктес ретінде сезініп, жалпы мақсатқа қол жеткізу жолындағы өзінің рольін, жеке басының игілігінің жалпы командалық жетістікке тікелей байланысты екендігін түсінеді. Кәсіпорынға қатысты антропоцентристік үлгі жалпы әрбір қызметкердің жағдайын жақсартуға және тиімді өндірістік қызмет үшін барынша ыңғайлы әрі қолайлы орта, әрбір қызметкердің жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауы мен өзін-өзі дамытуға деген талпынысын қалыптастыруға бағытталады. 

2) Корпоративтік  әлеуметтік тұжырымдама негізінде  бизнес-практиканы қолдану.

Коммерциялық  компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) тұжырымдамасына  айрықша көңіл бөлуінің маңызды  факторы болып қоғамның бизнеске этикалық тұрғыдан бақылау жасау деңгейінің артуы табылады.

Бүгінгі таңда  Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа  белсене араласуда және корпоративтік  әлеуметтік жауапкершілік анықтамасы мен түсінігі біртіндеп әлемдік  стандартқа жақындай түсуде.

Негізінен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қоғамның бизнестен этикалық, коммерциялық немесе көпшілік тұрғыдан күткендеріне сай болу немесе одан асып түсу ретінде анықталады және қандай да болмасын шешім қабылдау барысында барлық мүдделі тараптардың (кәсіпорын қызметкерлерінің, өнімді тұтынушылардың, жеткізушілердің, жергілікті қауымдастық пен жергілікті билік өкілдерінің) пікірлерін ескереді. Осыған қарамастан, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке бизнестің барлық ішкі процесстері тартылған, ал бұл аталмыш жүйе бизнес стратегиясының бір бөлігі және корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болуы тиістігін білдіреді.

Кәсіпорында инсталляциялауға ұйғарылған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесі түптеп келгенде бизнесті капитализациялауды арттыруға  бағытталады және өз кезегінде оның бағасын негіздеуге мүмкіндік беретін бизнестің мөлдірлігін арттыратын тұрақты әлеуметтік есептер дайындаудан тұрады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде арнайы ережелерге сәйкес диалог құру жолымен мүдделі тараптардың тілектері мен пікірлерінің есебі арқасында беделді басқару мүмкіндігі туындайды. Жақсы атақ пен бедел клиенттік базаны сақтап қалуды, компанияның даму жылдамдығын, оның табысын арттыруды қамтамасыз етеді. Клиенттердің адалдығы мен ықыласына кәсіпорынның тұтынушылар арасындағы жақсы имиджі мен қызметтер сапасының жоғарылығы арқасында қол жеткізіледі. Осы міндетті жүзеге асырудағы негізгі құралдардың бірі болып аймақтық нарықта фирманың серіктестер мен тұтынушылар мүдделерін ескере отырып мамандандырылған көлік қызметтерін көрсету, жол құрылысын жүргізу, мұнай өнімдерін тасымалдау мен жанар-жағар май жеткізу секілді нарықтың барлық сегменттерінде ұзақ уақыт бойы болу басымдығынан бастау алатын тұрақты саясатын жүзеге асыру саналады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар, зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен тәуекелді басқаруға да әсер етеді.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша тиімді тәсілі.

Аталмыш қызметтің  негізгі аспектілерінің бірі болып  аймақтық нарықта әрекет етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік қарым-қатынастар орнату табылады.

Фирманың корпоративтік  әлеуметтік жауапкершілік саласындағы  қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:

- персоналды  дамыту;

- өнеркәсіптік  қауіпсіздік және еңбек қорғау;

- экология мен  ресурс қорғау сұрақтары;

- сыртқы әлеуметтік  қызмет.

Сонымен қатар, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік  тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.

Баяндалған екі  басым көріністерге негізделе отырып кәсіпорынның орта мерзімді болашақтағы  мақсаттарының бірін сөзбен былайша  сипаттау мүмкін болады: 

«Әлемдік қауымдастыққа  кіріктірілген гүлденген мемлекеттің  гүлденген компаниясының филиалының гүлденген қызметкері». 
 

3. Миссия: 

«Миссия дегеніміз  – бұл ұйымның көпшілік таныған  қызмет ету мәнін білдіретін стратегиялық (басты) мақсаты. Бұл кәсіпорын қоғамда иеленгісі келетін роль»

Л.Гительман 
 

«Команданың әрбір  мүшесінің жалпы жетістікке жеке мүдделілігі есебінен қол жеткізілетін Батыс аймақтағы көлік қызметтері нарығындағы күмәнсіз көшбасшылығы». Аталмыш миссия фирманың аймақтық ұстанымына қатысты Қоғам Миссиясының бөлшектелген көрінісі болып табылады. 

4. Бағдарлар  (мақсаттар): 

Стратегияны жүзеге асыру деңгейінің сапалық сипаттамалары  болып келесі бағдарлар (мақсаттар) табылады: 

1) Қызметкерлердің  тұрмыс жағдайын арттыру және  қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру; 

2) Фирманың ұстанымдарын  қалыптастыру:

- Компанияда  – қызмет көрсету деңгейі,  көрсетілетін қызмет түрлерінің  сапасы, озық инновациялық шешімдерді  жемісті инсталляциялау деңгейі  жағынан, өзгермелі сыртқы орта  жағдайында ұйымдастырушылық-икемді және бәсекеге қабілетті сенімді серіктес ретінде;

- қызметке тапсырыс  берушілер мен тұтынушылар алдында  – қол жетімді бағамен озық  сападағы қызметтерді көрсететін  тұрақты, сенімді, клиентке бағытталған  кәсіпорын (психологиялық аспектіде  – «бұл Компанияның қызметтерін қолдану – зор мәртебе»). 

3) Кәсіпорынның  маркетингтік бағдарларын актуализациялау; 

4) Кәсіпорында  корпоративтік саясатқа сәйкес  менеджментті жетілдіру арқылы  жоғары деңгейдегі корпоративтік  және ұйымдастырушылық мәдениетті  қалыптастыру. 
 

5. Міндеттер: 

1) Ксіпорынның  тиімді менеджмент жүйесін қалыптастыру, кез-келген деңгейдегі міндетті  шешуге жалпы шешу жолдарын  қолдану. Процесстік шешу жолы  негізінде негізгі бизнес-процесстердің  реинжинирингі. Персоналды дамыту  мен ынталандыру жүйесін қалыптастыру;

2) Ұйғарылған  ішкі әлеуметтік бағытталған  корпоративтік саясатты және  фирманың қызмет бағыттары бойынша  маркетингке бағытталған функционалдық  даму стратегиясын қалыптастыру;

3) 2007-2010 жылдарға  арналған негізгі даму бағыттарына  сәйкес орта мерзімді болашаққа арналған фирманың негізгі стратегиялық даму бағыттарын анықтау. Фирманың қысқа мерзімді даму бағдарламасын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мониторингін ұйымдастыру;

4) Кәсіпорынның  маркетингке бағытталған жұмыс  сұлбасын қалыптастыру жолымен көлік қызметтері нарығындағы ұстанымын нығайту және кеңейту. Келешек мүмкіндіктер пен қажеттіліктер (жаңа өнім нарықтарына шығу және жаңа қызмет түрлерін енгізу) есебінен көлік қызметін тұтынушылардың қанағаттануына және олардың ықыласына қол жеткізу. Дифференцияланған маркетинг (әсіресе, нарықтың жоғары табысты сегменттерінде) есебінен көрсетілетін қызметтерге қол жетімділікті кеңейту, жоғары сапаны және сенімділікті ұстап тұру;

5) Табысты көбейту  және шығынды оңтайландыру жолымен  кәсіпорын табысын арттыру жұмыстарын жүйелеу. Ұқсас компаниялардың сипаттамалары арасындағы айырмашылықтарды өлшеу және анықтау үшін үнемі бәсекеге қабілеттілік талдауын жүргізу, айырмашылықтарды жою және зерттеу және фирмаға басқа компаниялардың үздік тәсілдері мен технологияларын енгізу жолымен бизнестегі озық позицияларды жаулап алу;

6) Өзгерістерге  жылдам әрекет ету, инновацияларды  қабылдай алу және инновациялық өзгерістерді шапшаң енгізу жүйесін қалыптастыру;

7) Тұтынушылар,  серіктестер мен қызметкерлер  арасында жағымды корпоративтік  бедел мен тартымдылықты дамыту. 

6. Шешімдер қабылдауға  арналған ережелер (міндеттерді  шешудің жалпы қолайлы жолдары): 

Фирма қызметінің кез-келген деңгейінде шешімдер қабылдау келесі ұйғарылған және танылған, маңызды шарттар негізінде жүзеге асырылады:

1) адамдарға  деген қамқорлық (ұйымдағы ішкі  климат, ынталандыру жүйесі, жоғары  қауіпсіздік деңгейі, қолайлы  және экологиялық еңбек жағдайлары және т.б.).

2) ресурстардың  шектеулілігіне байланысты міндеттерді  шешудің дифференциалды жолын  пайдалану; басқару шешімдерін  қабылдау барысында Парето ережелерін  тиімді қолдану; 80 пайыздық табысқа  қол жеткізетін 20 пайыздық күш  жұмсауға көңіл бөлу.

3) барлық деңгейде  құрылымдық бөлімшелер/қызметтер  арасындағы қарым-қатынасты формальдандыру  жүйесімен ішкі шаруашылық есеп  қағидаларын барынша қолдануға  бағытталу;

4) процесстердің  клиентке бағытталуы қағидасын  қолдану («сыртқы» және «ішкі»  клиентке);

5) кәсіпорын  қызметіндегі барлық бизнес-процесстердің  тиімді құжатталуын қамтамасыз  ету және оларды барынша автоматтандыруға  тырысу;

6) фирма қызметін  бағалау барысында жүйелік процесс  ретінде басқа компаниялардың  табысты стратегиясын зерттеу,  сонымен қатар, фирманың құрылымдық бөлімшелері мен жекелеген қызметкерлерінің қызметін белгіленген КПР өлшеу жүйесі негізінде бағалау арқылы баламаларды бағалауға, стратегияны жүзеге асыру мен өндірістік сипаттамаларын жетілдіруге бағытталған бенчмаркинг процедурасын қолдану;

7) жұмысқа шығармашылық  тұрғыдан қарауды жүзеге асыру,  кәсіпорын қызметінің барлық  салаларының үздіксіз инновациялық  процессіне алып келетін креативті,  стандартты емес ойлау тәсілдерін  қолдану артықшылықтарына негізделген  қызметкерлердің ментальдылылығын қалыптастыру. Шешімдер қабылдауға арналған ережелер негізінде фирманың 2007-2008 жылдарға арналған ұйғарылған стратегиялық даму бағдарларын (мақсаттарын) жүзеге асыру келесілерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- корпоративтік  әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаларын сақтайтын озық, экономикалық тиімді, бәсекеге қабілетті және бизнеске бағытталған позицияға қол жеткізуге;

Информация о работе Қоғамдық өндіріс