Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:08, реферат
Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.
Республикалық
бюджеттің қаражаты экономиканы
құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың,
өндіріс саласындағы
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
- республикалық бюджеттің кірістері;
- алынған бюджеттік алымдар;
-
республикалық бюджеттен
Республикалық
бюджеттің кірістері
Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т.б.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.
Мемлекетте
әр түрлі уақытта қандай да бір
қажеттіліктерге арнап
Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету);
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
-
өнеркәсіп, жер қойнауын
- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
-
елдің инфрақұрылымы (көлік
- өзге де бағыттар.
Республикалық бюджеттен сондай-ақ:
-
кадрларды қайта даярлау мен
қызметкерлердің біліктілігін
- Бюджет кодексінде белгіленген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.
Мемлекеттік бюджет:
1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
2.
Мемлекетке елдегі
3.
Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған
жүйе қызметін атқарады. Конституцияға
сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша
Қазақстан Республикасы унитарлық
мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің
бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына,
бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай
рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас
бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан
бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі
заңнамалық акт ҚР
Бюджет кодексі болып табылады.
2.3
Жергілікті бюджеттер
және олардың аумақтық
құрылымдардың әлеуметтік-
Елдің
мемлекеттік құрылысында
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
-
жергілікті билік және басқару
органдарының құқықтары мен
- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті
бюджеттерді қалыптастырудың
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;
- республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке трансферт түсімдері болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.
Мыналардың:
- облыстың;
-
республикалық маңызы бар
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
-
ауылдық (селолық) округтің
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық
деңгейдегі жергілікті өкілдік және
атқарушы органдардың жұмыс істеуіне;
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын
стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде
бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің
орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық
меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді
қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі
Республикалық
бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Республикалық
бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының
1 желтоқсанынан кешіктірмей