Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:08, реферат
Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.
Табысты бюджет саясатының іргетасы бюджет тапшылығын жай ғана формальды түрде жою емес, сонымен бірге қолайлы инвестициялық және бәсекелік ортаны қалыптастыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық белсенділігін арттыруға арналған кедергілерін алу жолымен оны тудыратын проблемаларды шешу болуға тиіс. Бір жағынан мемлекеттік бюджетке ақша ресурстарының құйылуын ынталандыратын, ал екінші жағынан – мемлекеттің араласуынсыз неғұрлым тиімдірек жұмыс істей алатын ұлттық шаруашылықтың сол салаларын нарыққа беру жолымен мемлекеттік шығыстарды біртіндеп қысқарту үшін алғышарттар жасайтын іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.
Фискальдық саясат саласындағы экономиканың теңгермелі және сапалы өсуі мақсаттарын қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды көздейді:
-
елдің берілген даму
- салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру;
-
негізгі әлеуметтік-
-
орта мерзімді кезеңге
Экономикалық өсуді басқаруға көшу жағдайларында экономиканың өсуі бойынша мақсатты қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін салаларды дамытудың болжанатын параметрлерімен бюджет шығыстарының тығыз байланысы қамтамасыз етілетін болады.
Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатының 2009 – 2103 жылдарға арналған негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің 2009 – 2013 жылдарға арналған болжамы» деп аталатын ерекше құжатта ұсынылған. Ондағы арнайы бөлім салық-бюджет саясаты мәселелеріне арналған. Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал жергілікті деңгейде – бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын ескере отырып, Бюджет және Салық кодекстерінің, Үкімет бағдарламасының және елдің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде әзірлейді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, бизнестің «көлеңкеден» шығуы және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттің 2009 – 2013 жылдарға арналған салық саясаты мыналарға бағытталатын болады:
- елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін құру;
-
салық жүйесін Қазақстан
- жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізаттық емес секторына салық жүктемесін азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;
-
қосылған құн салығын алдыңғы
қатарлы әлемдік практикаға
- импортқа және ішкі өндіріске арналған акциздердің ставкаларын бір ізге түсіру;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;
-
әкімшілдендіру рәсімдерін
Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты бюджеттік жоспарлаудағы жаңа тәсілдер ескеріле отырып, жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда экономикаға ынталандырушы әсер ететін бюджет шығыстарын шектеуді емес, оларды өсіруді көздейтін мемлекеттік шығыстардың қалыпты саясаты жүзеге асырылатын болады.
2009-2013
жылдарға арналған шығыстар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет тапшылығын қаржыландыру саласындағы саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталады.
Мемлекеттік
және жалпы сыртқы борышты басқару
жөніндегі тұжырымдамаға
4-сурет.
Мемлекеттік
бюджет тапшылығы мен
мұнайға қатысты емес
тапшылықтың серпіні
Ал
Қазақстан Республикасының
5-сурет.
Мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын үкіметтік
қарыздардың есебінен
қаржыландыру, млрд
теңге
Үкімет ішкі қарыздарды ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін тарту ниетінде.
Сыртқы үкіметтік қарыздарды өтеу халықаралық қаржы ұйымдары, шетелдік мемлекеттердің үкіметтері, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар берген қарыздар бойынша үкіметтік борышты өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды ұсыну және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Қазіргі
кезде «Жалпы сипаттағы трансферттердің
2008 – 2010 жылдарға арналған көлемдері туралы»
Заң әрекет етеді. 2011 жылдан бастап жалпы
сипаттағы трансферттердің көлемі есептеу
әдістемесін жетілдірумен қайта есептелетін
болады, сондай-ақ «Жалпы сипаттағы трансферттердің
2011 – 2013 жылдарға арналған көлемдері туралы»
Заң қабылданатын болады.
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері
Бюджет
– мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруды қаржылық
қамтамасыз ету үшін арналған оның
орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджеттің
экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық
ұдайы өндірудегі орны мен рөлі,
сондай-ақ Конституцияда белгіленетін
Қазақстан Республикасының
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан
Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы
6-суретте ұсынылған.
6-сурет.
Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.