Несиенің мәні, қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 21:35, реферат

Описание работы

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Работа содержит 1 файл

Несие.doc

— 143.50 Кб (Скачать)
lign="justify">    — бөлiп-бөліп  төлеу (мерзiмін  ұзарту);

    — бір жолғы  өтеу;

         кезең сайын  (бір  қалыпты емес) өтеу.

г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:

    — субстандартты;

    — стандартты

    — күмәндi;

    — сенiмдi;

    — сенiмсiз;

    — ұзартпалы.

ғ) арқылылығы бойынша:

    — қалыпты пайыздық  мөлшерлемесi;

         жоғары пайыздың  мөлшерлемесi;

         төмен пайыздың мөлшерлемесi;

     — пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

    — сауда-саттық  несиесi;

    — өнеркәсiп несиесi;

    — ауылшаруашылық  несиесi;

    —құрылыс несиесі;

ж) ашылатын шот турлерi бойынша:

    — жай ссудалық  шот бойынша несие;

    — арнайы ссуда шоты бойынша несие;

    — контокорренттiк  шот бойынша несие;

    — овердрафт бойынша  несие;

    — несие желiсi  бойынша несие.

     Несиенiң айрықша  түрiне жылдам  сатылатын мулiкпен  немесе құқықпен  қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда  мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.

    Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан  турлерiне кұнды  қағаз кепiлдiгiмен,  тауар кепiлiдiгiмен,  талап кепiлдiгiмен  берiлетін несиелер  жатады. Қарыз алушы  ломбардтық несиен  өз қалауынша   шектеусiз пайдалана  алады.

    Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында  жаңгыртпалы несие. Ол  белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.

    Несие желiсi қарыз  алушының алдындагы  несие уйымының  оған несие келiсiмшартының белгiленген  әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

  1.2 НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ.  Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.

    Несие заңдарына  ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.

    Несиенiң пайда  болу заңының экономикадағы  тауар-ақша қатынастарының  жұмыс iстеуi жағдайында  ғана әрекеттiк  күшi бар. Нақты  несие қатынастары  шаруашылық байланыстары  баламалық және  тепе-теңдiк қатынастарға  негiзделген экономика  салаларында ғана туындайды.

    Егер шаруашылық  субъектiсiнiң өзi атқарып отырған  жұмысының нәтижесi  үшiн нақты материалдық  жауапкершiлiгi болмаса,  несиелiк қатынастардың  дұрыс жұмыс iстеуiнiң,  несиенiң қайтарылып  келетiндiгiнiң кепiлдiгi  болмайды. Несиенiң  пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

    Несие заңдарының  басқа да экономикалық  заңдар сияқты  жалпыламалық, объективтiк,  қажеттiлiк, өте  маңыздылық, нақтылық  сипаты бар.

    Несие заңдарының  өзiнiң қозғалыс  заңдары іспеттес көрiнiсi бар. Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып қалса, өзiнiң мәмiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни, несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр суруiнiң заңы.

    Несие заңына тән  Заң - оның қайта  айналып құйылу  заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге  қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.

    Тарылған құчдылық  өзi шыққан пунктке  қайта оралып келу  ушін белгiлi бiр   жумыс  iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс  процесiне қатынасады, пайызын өсiру  ушiн уақытша пайдалануға  берiлген бастапқы  мөлшерiн қайта  қайтаруға (қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте: объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны  алуға дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын  екендiгiмен  бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiц бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.

    Несиенiң қарастырылған  заңдары мен олардың  ерекшелiктерiн танып  бiлудiң тәжiрибелiк  маңызы бар. Олардың  бұзылуы: ақша  айналысын тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын кемiтедi, инфляпияға келіп соқтырады және т.б. 
 
 
 
 
 
 
 

    
 

  ІІ.  Қазақстан  Республикасындағы  несие жүйесі.    Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы.

    Несие жуйесi  ұғымы  банк жүйесiне  қарағанда кеңiрек,  яғни мұнда өзге  де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.

    Келтірілген  сызбаға  енген несие   жүйесінің құрылымдық  элементтерінің мазмұнын  сипаттамайтын, ның  ирархиялық құрылымы  кестеде берілген.   
 
 
 

                                           Несие жүйесі   Иерархия  деңгейі Мекеме  аты Бөлімшелер  аттары Мекеменің қызметі
 
Банк  жүйесі
 
І
 
Ұлттық  банк
Орталық аппарат.

Ұлттық  банктің басқармасы

1.Ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру. 

2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.

3.Алтын-валюта резервін басқару.

4.Ақша-несиелік реттеу.

 
ІІ
1.Екінші  деңгейлі банктер 
 
 

2.Мамандан-ған  банктер

Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері

Клиенттерге несие-есеп айырысу  қызметін кешенді  түрде көрсету. 
 
 

Банк  көрсететін қызметтің  жекелеген түріне ғана маманданған 

 
Парабанк  жүйесі
 
ІІІ
Банктік емес мекемелер Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Манманданған  несие-есеп айырысу  және қаржылық қызмет көрсету 
 
IV
Пошта-жинақ  мекемелер Орталық аппарат

(АҚ  Қазпошта)

Бөлімшелері

Халыққа несие-есеп айырысу  қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту.
 

    Банктердiң саны  жыглдан жылға  азаюда. 90-шы жылдардың  басында олардың  саны 200-ден асты, сөйтiп банк жуйесiн  реформалау натижесiнде  олардың саны 35-ке дейiн (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктiк секторында  шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктiк емес мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.

    2.1 Несиенің экономикадағы ролі. Несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несие өзiнiң қызметi арқылы ұдайы өндiрiс процесiне әсер етедi. Жоғарыда аталып өткендей, несиенiң өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұраған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезiнде қайта бөлiну мүмкiн бөлгiмен ғана байланысты. Несиенiң көмегiмен шешiлетiн мiндеттер қогамдық  дамудың әр түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отыруы мүмкiн.

    Жаңа өндiрiс ашумен  оларды кеңейту  iсiнде де несиенiң  атқаратын рөлі  зор. Несиенiң көмегiмен  айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндiрiстердiң  iрi жобаларын iске асыруга, жаңа техникалық  ендiруге,  жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

    Қазақстанда экокомиканың  шикiзаттық бағытынан  арылып, жоғары дамыған  өңдеу секторын  құру мақсатын  көздейтiн КР-ның  2003—2015 жылдарға арналган  индустриалдық-инновациялық  даму стратегиясы  жүзеге асуда.  Бұл ретте өзiнiң  несиелiк қаржыларын  осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның  тиiмдiлiгiн осы шаралардың пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.

    Несиенiң ақша  айналымы саласында  да алатын орны  айрықша. Ол ақша  айналымының үнемделуiнен көрiнедi. Несие өзiнiң қызметi — айналысының құралын құруға байланысты:

  • бiрiншiден, ақша белгiлерiн дайындау, шығару, есеп жүргiзу мен сақтаушыгындарын қысқартады;
  • екiншiден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есептесулердi қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
  • үшiншiден, айналымның шыгындары маусымдық қажеттiлiктерді қосымша қаржылар есебiнен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

    Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген  кезiнде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп, ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда 1993—1997 жылдары несиелердiң шектелуi, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жургiзiлдi.

    Несиелiк (ипотекалық  тұтыну несиесі)  арқасында тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр.

    Несиенiң көмегiмен  басқа мемлекеттермен  байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.

    Сонымен, жекелеген  шаруашылықпен айналысушы  экономикалық субъектiлердiң  өмiр сүруi мен  жалпы халықшаруашылыгының  дамуына да, микроденгейiне  байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың  әл-ауқатын  көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.

    Несие саласын  мейлiнше тарылтудың  да керi әсерi бар,  себебi төлем қаржыларының  жеткiлiксiздiгiнен  шаруашылық субъектiлерi  ТМҚ-ны, жабдықтарды  сатып ала алмайды,  өзiнiң қызметкерлерiне  еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды.

    Несиенiң шектерiн  негiздеп анықтау  мен сақтаудың  сұраныс пен ұсыныстың,  айналымдағы тауар  мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор.

    Несиенiң сандық  шегi несиелiк қаржыларды  сандық жағынан  шектеумен байланысты. Шектеулердiң әдісi әр турлi, тура  әдiс — Ұлттық  банк мiндетті қор көздерiнiң мөлшерiн арттырып, соның нәтижесiнде несие көздерiнiң көлемiн азайтады, экономикалық әдiс — пайыздық мөлшерлеменi көтерудiң нәтижесiнде несиелеу процесiн тежейдi, Сапалық шектерi — бұл жағдайда несие тар көлемдiк деңгейде де, кең көлемдiк деңгейде де керi әсер етуi мумкiн.

    Несиенiң экономика  циклiнің тиiстi кезеңiне  байланысты кең  көлемдi деңгейде  оң немесе терiс  түрде қалай әсср  ететiндiгi жогарыда  атап көрсетiлдi.

Информация о работе Несиенің мәні, қызметі