Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:12, курсовая работа

Описание работы

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………...........3
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемес
1.2. Негізгі құралдардың тозуына түсінік.
2. Өндірістің негізгі құралдарының амортизациясы бойынша есебі
2.1 Негізгі құралдың амортизациясын есептеу әдістері
2.2 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
Қорытынды......................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер…..........................................................................50

Работа содержит 1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ.doc

— 201.00 Кб (Скачать)

Негізді құралдардың  амортизациясын есептеудің әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің  бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатына  амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша  жасалынады, олар:

-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

-құнын орындалған  жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен  шығару (өндірістік әдіс);

-жеделдетіп есептен  шығару;

Негізгі құралдардың  түрлері бойынша амортизацияны  есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.

Таңдап алған амортизацияны  есептеу әдісі субъектінің есептік  саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір  есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер  бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың  еншісінде болады.

Негізгі құралдардың  құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі,   яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелді норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

-қызмет етудің пайдалы  мерзімі. Бұл кезде пайдалануға  берілген объектінің жағдайы  ескеріледі және күтіп ұстау  жағдайына да байланысты болып  келеді (жөндеу мәселесі және  техникалық жағдайы, ауа райының  оған тигізетін әсері т.б.)

-Қазақстан Республикасының салық заңдарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны - 100 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20% –ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Негізгі құралдардың  амортизациясының бірқалыпты әдісі  мына формула бойынша есептелінеді.

 

Бастапқы құн-жойылу құны      100 000-10 000

------------------------------------    =  --------------------    = 18 000теңге

        Пайдалану мерзімі        5 жыл

 

Осыған сәйкес ай сайынғы  амортизация сомасы 1500 теңгеге тең болады (18 000 : 12).

Төменде негізгі құралдардың  амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

Негізгі құралдардың  амортизациясын (тозуын)  бірқалыпты әдіс бойынша есептеу

 

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

 

18 000

18 000

18 000

18 000

18 000

 

18 000

36 000

54 000

72 000

90 000

 

82 000

64 000

46 000

28 000

10 000


 

Негізгі құралды пайдалану  барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп азайғанын  көрсетеді.

Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстырды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900 000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

 

            Бастапқы құн – жойылу құны

----------------------------------------------------- = (100 000-10 000):900000км=0,10 теңге

 Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері

 

Егер пайдаланудың бірінші  жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы - 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы-100 000 шақырым, төртінші жылы-200000 шақырым және бесінші жылы-100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

 

Негізгі  құралдардың  амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл  бойынша есептеу

 

Мерзімі

Бастапқы құны, тг

Орындалған жұмыс көлемі, км

Амортизацияның жиынтық  сомасы,тг

Жинақталған тозу сомасы, тг

Қалдық құны, тг

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

 

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

 

 

 

200 000

 

300 000

 

100 000

 

200 000

 

100 000

 

 

 

 

20 000

 

30 000

 

10 000

 

20 000

 

10 000

 

 

 

 

20 000

 

50 000

 

60 000

 

80 000

 

90 000

 

 

 

 

80 000

 

50 000

 

40 000

 

20 000

 

10 000


 

Бұл кестеде жылдық амортизация  сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.

Өндірістік әдіс бойынша  амортизацияны есептеу тау-кен  өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып  саналады. Аталған өндірісте амортизацияны  есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша  жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі  құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай.

Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық  әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету (пайдалану) мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады (100%:5). Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау номасы мынаған тең 40% (20%х2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдақ құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.

Қалдық құнды азайту үшін қажеттішамамен шектелетін соңғы  жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу кұны есепке алынбайды деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100000 теңге. Бес жыл бойы амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді.

 

Мерзімі

Бастапқы құны

Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған жылдық амортизацияланған сомасы

Айға есептел-ген амортиза-цияның сома-сы (теңге)

Сатып алынған мерзімі

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

 

40%х100000=40000

 

40%х60000=24000

 

40%х36000=14400

 

40%х21600=8640

 

2960

 

 

40000

 

64000

 

78400

 

87040

 

90000

 

 

3333

 

5333

 

6533

 

7253

 

7500


 
         Кезең ішіндегі амортизациялық есептеулер әдетте пайдада немесе залалда танылады. Бірақ, кейде активте түйінделген экономикалық пайдалар басқа активтерді өндірген кезде жоғалып кетеді. Бұл жағдайда амортизациялық есептеулер басқа активтің бастапқы құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына қосылады. Мысалы, өндірістік жабдықты амортизациялау тауар-материалдық босалқыларды өңдеу жөніндегі шығындарға қосылады (2 IAS қараңыз). Сол сияқты, әзірлеуде пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын материалдық емес активтің бастапқы өзіндік құнына қосылуы мүмкін.

         Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.

 

2.2 Негізгі  құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері

Жерді тұракты пайдалану  құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде  есепке алу. Қазақстан Республикасының "Жер туралы” заңына сәйкес жер  территориялық кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының  суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және территориялық негіздегі кез келген еңбек процесі белгіленген. Жер өндіріс процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласының, атап айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа  да табиғи ресурстар мемлекеттік  меншікке жатады. Сондай-ак, бекітілген заңдар негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында  жердің мемлекеттікте, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға қайшы  келмейтін кез келген мәмілені жасауына болады.

Мемлекет меншігіндегі жерден оның учаскелерін:

  • сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;
  • тұрақты немесе уақытша пайдалануына;
  • заң актілерінде қаралған шарттары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.

Жерді пайдалану құқы - мемлекет меншігінде тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ (тұрақты) немесе белгілі бір мерзімге немесе тегін пайдалануына құқығы бар. Жерді пайдалану құкығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық - құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.

Өкілетті органдардың  беретін жер учаскелеріне кұкын  куәландыратын құжаттар болып: жерді  тұрақты және жер учаскелерін  жеке меншікке пайдаланған кезде  жерді тұрақты пайдалану құқын  және жер учаскелерін меншікке беру құқын растайтын актісі;

жерді уакытша пайдалануға құны бойынша беру — жер учаскелерін жалға беру туралы келісім-шарты;

жерді уақытша тегін  беру - жерді тегін беру туралы келісім-шарты.

Жерді тұрақты пайдалану  құкығы мынадай мемлекеттік жер  пайдаланушыларға беріледі:

  • ғимараттарға, кондоминимум объектілеріндегі үй-жайларға иелік ететін заңды тұлғаға;

Кондоминимум — қозғалмайтын мүлікке бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі меншіктің ерекше формасы, бұл жағдайда тұрғын үйдегі жекелеген пәтерлер азаматтардың немесе заңды тұлғалардың меншігінде болып, ал тұрғын үйдің өзі кәсіпорынның (жеке меншік пәтерлердің кооперативтеріндегі тұрғын үй - оларға жалпы үлестік меншік құқықтарында тиесілі) иелігіне жатады.

  • ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаға;
  • жердің пайдалануын айрыкша табиғи аймақтарын қорғайтын занды

тұлғаға;

  • заң актілерімен қарастырылған, басқа да жағдайларда.

Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа  мерзімге пайдалану үшін, оның пайдалану  мақсаты көрсетіледі.

Жерді баска да құралдармен  салыстырғандағы айырмашылығы - шаруашылык айналыстағы жердің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып кана коймай (құнарлылығынын кемуі), сонымен  қатар, жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады.

Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің  телем мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы №210-10 заңымен  бекітілген.

Жер телімінін нақты  бағалау құнын жеке меншікке берілетін жерлер үшін белгіленген базалық мөлшерлемеге сәйкес, өкілеттілігі бар органдар анықтайды. Елді мекендердің сыртындағы жер уческілерін бағалау үшін жер үшін төленетін базалық мөлшерлеменің 10% алады.

Информация о работе Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік