Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:12, курсовая работа
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Кіріспе………………………………………………………………………...........3
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемес
1.2. Негізгі құралдардың тозуына түсінік.
2. Өндірістің негізгі құралдарының амортизациясы бойынша есебі
2.1 Негізгі құралдың амортизациясын есептеу әдістері
2.2 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
Қорытынды......................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер…..........................................................................50
5. Жұмыс күшінің, білікті
қызметкерлердің еңбекпен
6. Өнеркәсіптің өңдеуші
салаларындағы шикізат
Бұлар өнеркәсіптің өндіруші
салаларындағы өндіріс
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл
кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың
жалпы мөлшері амортизацияланат
1.2 Өндірістің негізгі қорларының тозуына түсінік.
Балапанова Ә.Ж. мен Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында былай делініп жазылған: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи
тозуы олардың өндіріс процесін
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері
нәтижесінде табиға тозу мерзімі
келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар
объектілері жаңасына, әрі неғұрлым
пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады.
Моральдық тозуды болдырмау мақсатында
негізгі құрал-жабдықтар
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№16 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома. Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін. Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі – бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі
1 - кесте. Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару бойынша шоттар корреспонденциясы
Рет-тік № |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
Қолданыстағы негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы:
|
540 000 197 000 |
8110 8110 |
2420 2420 |
2 |
Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация: а) жалпы өндіріс цехтарында есептелген амортизациясы |
398 000 |
8110 |
2420 |
б)басқару-әкімшілігіндегі объектілерінде есептелген амортизация |
293 000 |
7210 |
2420 | |
в) әлеуметтік аясында |
170 000 |
8410 |
2420 | |
г) сатып алу бөліміндегі есептелген амортизациясы |
160 000 |
7110 |
2420 | |
д) тау-кен өндірісіндегі
маусымдық дайынды жұмыстарында
пайдаланған объектілеріне |
80 000 |
1620(343) |
2420 | |
Жиыны |
1 838 000 |
x |
x |
Негізгі құралдардың амортизациясы есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;
-құнын орындалған
жұмыстың көлеміне
-жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту
-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару;
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен анықталу тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.
Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3.Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4.Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
5.Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.