Өндірістік тәжірибе өткен уақыт аралығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 09:28, отчет по практике

Описание работы

Мен Б-43 тобының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы өндірістік тәжірибені «АТФБанк» АҚ Қарағанды филиалында өткіздім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік-тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым.
АТФБанктегі тәжірибемнің ең алғашқы күні мен кабинеттерді аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен таныстым. Ал, екінші күні мен операциялық бөлімде АТФБанктің есеп-айырысу, депозиттік, несиелік операциялардың саясатын оқып, зерттеп білдім.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 АТФБанктің қызметін ұйымдастыру..................................................................5
1.1. Банктің даму тарихы........................................................................................5
1.2. Банктің іскерлік қатынастар этикасы.............................................................2
1.3. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары..............................................9
2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі........................16
2.1 Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру ....................................................................................................16
2.2 Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері.................18
2.3 АТФБанкінің несиелендіру операциясы......................................................27
2.4 Кассалық операцияны жүргізу тәртібі..........................................................55
3 АТФБанк қызметін экономикалық талдау
3.1 Банк секторын талдау
3.2 Банктің капиталдар өсімі
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

КБК Банк. дело (отчет каз полная версия) АТФ банк.doc

— 136.50 Кб (Скачать)

     «АТФБанк» АҚ жеке тұлғаларға арналған төлем  карточкаларының мына түрлерін ұсынады:

     VISA-Electron – қол жетілген халықаралық  төлем карточкасы. Банкомат және әлем бойынша VISA белгісі бар POS-терминалдарында қызмет көрсетіледі.

     ҚР-да және одан тыс жерлерде көп тараған  төлем картасы. VISA белгісі бар  карточка кез-келген жерде банк қызметтерін  қосымша қызмет түрлерін пайдалануға  және алуға рұқсат береді:

  • Қызмет көрсету орындарындарында қызмет көрсету немесе зат сатып алуды төлеуге
  • Көлікті жалға алуға, қонақүй бөлмесін жалға алуға, авиарейстер билеттерін тапсырыс етуге
  • Сатып алынған заттарды интернет арқылы төлеуге мүмкіндік береді

   VISA Gold - қалталы адамдарға арналған бірегей төлем картасы. Карта иесіне кәдімгідей жеңілдіктерді, жоғары деңгейде қызмет көрсетуді, әрі ыңғайлықты қамтамасыз етеді.

      VISA-Business – корпаративтік төлем картасы,  іскер адамдарға арналған. Ол ұйым қызметкерлеріне іссапар және өкілдік шығындарды төлеу, банкоматтан және қолма-қол ақшаны беру пунктерімен ақша алу мүмкіндігін береді. 

2.3. АТФБанкінің несиелендіру операциясы

     «АТФБанк» АҚ нарықта ірі компаниялар мен  шағын және орта бизнес уәкілдерін несиелендіру бойынша өз қызметін ұсынады. Айналым капиталын толықтыру мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша бір қатар несиелендіру бағдарламалары бар. Банк экономиканың нақтылы секторларының салаларын (сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, т.б.) несиелендіреді,инвестициялық жобаны қаржыландырады, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін мол таңдаудағы бағдарлама және өнімдерді ұсынады.

     Бөлшектеп несиелендіру бағдарламасының бөлігін  өндіруде бөлшек сауда өнімдерін сату нарығын меңгеру қарқынды дамып келеді. Жеке тұлғаларға арнайы өңделген бағдарламалар бойынша ұзақ мерзімді займдарды ұсыну халыққа және олардың тұтынушылықтарын қанағаттандыруға жіберілді. Несиелендірудің жаңа бағдарламасы «АТФБанк» АҚ клиенттеріне мына займдарды алуға ұсыныс жасайды:

    • Ипотекалық несиелендіру (ипотекалық келісім шарт үлгісі 3-қосымшада көрсетілген)
    • Автонесиелендіру
    • Табысты анықтамай-ақ шұғыл мұқтаждарына және төлемдерді төлеуге қызмет көрсету

     Несиенің  қағидаларында: несиенің жұмсау мақсаты, несиенің көлемі, несиенің мерзімі, несиенің пайыздық ставкалары көрсетіледі.

      Несие беру Ұлттық банк ережесіне сай жүргізіледі. Осы ережелерге сай АТФБанк және оның филиалдары жеке, заңды тұлғаларға несие беруде көлемін анықтайды, негізгі талаптарын қояды,  оның жүргізу процедурасын бас банкпен байланыса отырып жүргізеді.

     Несие беру кезінде белгілі бір сома анықталған мерзімге беріледі және ол бойынша максималды шектеуді тағайындайды. Несие беру ұлттық немесе шетел валютасында  беріледі. Клиент соңғы 6айға жұмыс орнынан айлық табысы мен еңбекақыдан ұсталынған айлық төлемдер бойынша бас бухгалтердің мөрімен мөрленген  анықтама қажет.

     Қысқы, орта, ұзақ мерзімді несие бойынша  бухгалтерлік жазбалар.

  1. Несиелік келісімшарттар жасалғандағы берілген соманың номері, клиенттер алдындағы міндеттемеге аударылады:

    Дт-1414,1417

    Кт-2211

    Кіріс7339

  1. Нақты ақшамен қарыз беруде тұрғын үй жинақ банкісі несие алудан нақты ақшаны инкассациялауға комиссиондық төлем талап етті:

    Дт-2211

    Кт-4608

  1. Жасалған келісімшартқа сәйкес, несие алушы ай сайын белгіленген ақша сомасымен қайтаруға міндетті сомасы:

    Дт-1001

    Кт-4414,4417 пайызға 1414,1417 алғашқы сомасына, яғни несиеге.

  1. Қарыз қалдығы теңгенің долларға ауысу курсында көрсетілуі керек. Егер ай соңында қайтарылмаса, онда келісімінің 10 күнінен кейін кешіктірмей қарызды мерзімі ұзартылған шотына апарады:

    Дт-1424

    Кт-1414,1417

  1. Несие алушыдан барлық қарызын толық қайтаруға қолма-қол ақша түскенде жедел, шұғыл міндеттеме алынады:

Дт-1001

Кт-1424,1414,1417

Шығыны 7339 
 

2.4. Кассалық операцияны жүргізу тәртібі

     Қолма-қол  ақшамен жұмыс істеу барысында  АТФБанк банктің толық қызмет түрін ұсынады. Олар: қабылдау, қайта санау, ұлттық және шетел валютасында клиент шотына салу, сонымен қатар клиент шотынан ақша алу. Қолма-қол ақшана клиент алдын ала сұраныс беру арқылы және сұраныссыз да ала алады. Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операция бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банкте мынадай бөлімшелер бар:

    • Кіріс кассасы
    • Шығыс кассасы
    • Кіріс, шығыс кассасы
    • Кешкі касса
    • Сыртқа шығатын касса

     Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін, клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкноталар мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

      Операциондық  жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс  толтырылғадығын тексереді де, құжаттарды бақылаушы бухгалтерге тапсырады. Ол құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады. Бақылаушы бухгалтер  кассалық құжатты алған соң, ондағы операциялық жұмыскердің қолын, қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазбаша түрде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды және ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады. Бақылаушы бухгалтер болмаған жағдайда банктің бұйрығына байланысты оның міндеті кассирге жүктеледі. Кассир кіріс кассалық құжаттарды тапсырып болған соң клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарда санап алып, қабылдайды. Қабылдаған соманы кіріс кассалық құжаттағы сомамен салыстырады. Сома сәйкес келсе, кассир кіріс кассалық құжатқа қол қойып, кіріс кассасы деген мөр қояды.

     Шығыс құжат алған бақылаушы бухгалтер  мынадай құжаттарды жүргізеді:

    • Қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғаның қолдарының барлығын тексеріп, оны қол қою үлгісімен салыстырады
    • Құжатта көрсетілген соманың саны мен жазбаша түрдегісін салыстыру
    • Клиенттің лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгіде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

     Содан соң барып кассир қолма-қол ақша алушыны кассадағы чектерінің номері бойынша шақырып, тағы қандай сома алатындығын нақтылап алып, содан соң ақшасын береді.

Клиент-заңды  тұлғадан ақша қабылдағанда:

Дт-1001

Кт-2203

Депозитордан  ақша қаражаттарын салымның сәйкес шотына кірістеу:

Дт-1001

Кт-2211,2223

Чектік  кітапшалардың құнын қолма-қол  ақшамен төлеу кезінде:

Дт-1001

Кт-4920

Қолма-қол  ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде:

Дт-1001

Кт-4600

Клиент  заңды тұлғаға ақша беру:

Дт-2203

Кт-1001

Банк  қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде:

Дт-2854

Кт-1001

Несиені қолма-қол ақша түрде касса арқылы бергенде:

Дт1411,1417

Кт-1001 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. АТФБанк қызметін экономикалық талдау
    1. . Банк секторын талдау

   Банктің жиынтық активтері 2007 жылы 4 359,5млрд теңгеге (96,6%) өсті және 2008 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8 874,6 млрд теңгені құрады.

   Банк секторының жиынтық есеп беру жеке капиталы 1 176,8 млрд теңге құрады, бір жылда 592 млрд теңгеге немесе екі есеге өсті.

   Ұлттық  Банк инфляциялық әлеуметтік көбейуін және экономиканы «қыздыру» қатерін болдыртпау үшін ақша-несиелік саясатын қатайтты. 2007 жылдың басынан бастап қайта қаржыландырудың ресми мөлшері екі рет жоғарылады: 1 сәуірден бастап – 8,0% бастап 8,5% дейін ал шілдеден бастап – 9,0% дейін. Екінші деңгейдегі банктердің атынан тартымды депозиттер бойынша мөлшерлер 3,5% бастап 4,5% дейін кезең-кезеңімен жоғарылады, қысқа мерзімді ноталар бойынша кіріс 4,9% дейін өсті.

   2008 жылдың минималды резервтердің талаптарына түсетін банктердің ішкі міндеттемелері екі есе өсті, сыртқы активтер бойынша міндеттемелер үш есе өсті.

   Банктің қарыз портфелі (банкаралық займдарды  есептеумен) 2007 жылы 2930,0 млрд теңгеден (95,7%) 5992,0 млрд теңгеге дейін өсті.

   Банктің несиелік портфелінің құрылымында 2008 жылы 1 қантардағы жағдай бойынша стандартты несиелердің еншісі 52,6%, күмәндісі-45,8%, сенімсізі-1,6% құрады. 2007 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша несиелердің еншісі 58,2%, күмәндісі-39,6%, сенімсізі-2,2% құрады.

   Банкпен жеке және заңды тұлғалардан тартылған  салымдардың жалпы сомасы ( банктермен халықаралық қаржылық ұйымдарды қоспағанда ) 4714,9 млрд теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 76,9% өсті, оның ішінде заңды тұлғалардың салым сомасы – 3680,7 млрд тенгеге, 91,1% өсті, жеке тұлғалардың салым сомасы 1034,2 млрд тенгеге, 73,3% өсті. Арнайы бағыттағы еншілес ұйымдардың салымдары 1557,1млрд тенгеге құрады, 1жылда 80,6%  өсті.

   Екінші  деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық  сомасы 2008 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша 891,2 млрд тенге құрады, былтырғы жылымен салыстырғанда 77,1% өсті. Шығындар сомасы – 786,6 млрд тенгеге, былтырғы жылмен салыстырғанда 82,8% өсті.

   Бөлінбеген  таза кіріс (жабылмаған iығын) 104.6 млрд тенгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 43,1% жоғары.

   2009 жылдың 1 қантардағы жағдайы бойынша банк активтері 150 млрд тенге құрады, меншікті капитал – 23млрд тенгеден жоғары. Банктегі актив өсімі 2008 жылғы 74% өсті. АҚ «АТФБанк» қарыз портфелінің өсімі 40млрд тенгеге, 2008 жылдың басынан 66% өсті. Осы соманың жарты қарызын шағын және орта бизнесті несиелендіруге, 42,6% әртұрлі несиелік қарыздарға берілді. 2008 жылы халықтың салым салу көлемі 76,7% өсіп, 25,6млрд тенге құрады. 

    1. Банктің капиталдар өсімі

Есеп  беру кезеңі ішінде жеке капиталдың өсу  қарқыны 215% құрады. Жеке капиталдың өсуі акционерлік капиталдың (2008 жылдың басынан бастап) 3 115,2 млн теңгеден бастап (2008 жылдың аяғы) 7500млн теңгеге өсу есебінен қамтамасыз етіледі. Акционерлік капиталдың елеулі өсуі Банктің клиенттерге көрсетілетін қызметтердің көлемін елеулі өсіруге мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Қарағанды «АТФБанк» АҚ филиалында өткен тәжірибе бойынша келесідей қорытынды  жасауға болады. Жалпы АТФБанкінде  бірнеше бөлімдер клиенттерге қызмет көрсетеді.

     Операциялық жұмысты басқару бөлімінің бірнеше бөлімшесі бар:

    • Заңды тұлғалармен жұмыс істейтін бөлімше
    • Кассалық жұмыс бөлімшесі
    • Қаржылық бақылау және есептесу бөлімшесі

     Осы бөлімшелерді қарастыратын болсақ, менің  ойымша кассалық жұмыс бөлімшесінің атқаратын қызметтері күрделі секілді, себебі бұл бөлімшенің қызметтері тікелей клиенттердің ақша айналымымен байланысты. Бір сөзбен айтқанда, бұл бөлімше кассалық жұмыстың дұрыс орындалуы үшін белгілі біа шаралар өткізеді, клиенттердің ақша айналымын бақылап, ұйымдастырады, есеп-қисап операцияларға бақылау жүргізеді, клиенттердің ақша-қаражаттарының сақтығын қамтамасыз етеді, кәсіпорындар мен ұйымдардың қолма-қол ақшаларын жинау бойынша белгілі бір жұмыс атқарады, банк кассасына түсімдердің түсуі бойынша талдау жүргізеді.

Информация о работе Өндірістік тәжірибе өткен уақыт аралығы