Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 09:28, отчет по практике
Мен Б-43 тобының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы өндірістік тәжірибені «АТФБанк» АҚ Қарағанды филиалында өткіздім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік-тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым.
АТФБанктегі тәжірибемнің ең алғашқы күні мен кабинеттерді аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен таныстым. Ал, екінші күні мен операциялық бөлімде АТФБанктің есеп-айырысу, депозиттік, несиелік операциялардың саясатын оқып, зерттеп білдім.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 АТФБанктің қызметін ұйымдастыру..................................................................5
1.1. Банктің даму тарихы........................................................................................5
1.2. Банктің іскерлік қатынастар этикасы.............................................................2
1.3. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары..............................................9
2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі........................16
2.1 Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру ....................................................................................................16
2.2 Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері.................18
2.3 АТФБанкінің несиелендіру операциясы......................................................27
2.4 Кассалық операцияны жүргізу тәртібі..........................................................55
3 АТФБанк қызметін экономикалық талдау
3.1 Банк секторын талдау
3.2 Банктің капиталдар өсімі
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34
ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясына сәйкес Банк операциялардың мынадай түрлерін ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырады:
2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі
2.1. Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру
Акционерлік Қоғам «АТФБанктің» (әрі қарай банк) депозиттік саясаты Қазақстан Республикасының «ҚР банктік қызметі және банктері туралы» (әрі қарай заң) заңына, ҚР нормативтік құқықтық актілеріне, ҚР Ұлттық Банкі 01.12.2001жылы берген №239 банк лицензиясына, банк жарғысына сәйкес өңделген.
Депозит (салым) – депозитор (салымшы) банкке ақша беріп, номиналды түрде, бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, біржола немесе бөліп, алдын-ала келісілген пайыздық ставкалар бойынша сыйақы сомасын қоса, депозитордың өзі немесе оның тапсырысы бойынша үшінші сенімді тұлға арқылы қайтарып алатын ақшасы. Салымшылар (депозиторлар) болып ҚР резидент және резидент емес, жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Депозиттік саясаттың артықшылықтары мен жолдамаларын банк ҚР заңдарынын талаптарына сүйене отырып өздері тағайындайды. Депозиттік саясат банктің әр құрылымдық бөлімшелеріне біркелкі болып келеді және оған түзетулер мен енгізулерді Банк акционерлерінің жиналысында Директорлар Кеңесі тағайындайды.
Жеке және заңды тұлғалардан, ішкі және халықаралық қаржылық нарықтан тартылған салымдарды Банк несиелік ресурстардың қалыптасуына, болашақта орналастыру мақсатымен жібереді.
Депозиттік саясаттың міндеті жинақтау шотында ақша көлемін көбейту болып отыр. Сондықтан, депозиттік саясат жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын тарту, Банк жобаларын қаржыландыру үшін депозит қаржыларының жеткіліктілігі, салымның жаңа турлерін өңдеу мен енгізу үшін және банк салымшыларына қосымша қызмет көрсету үшін негізделген.
Жеке және заңды тұлғалардың салымдарын қабылдаудың шартын Банк өз еркімен анықтайды. Заңды тұлғалардың салымдарын – маркетингтік басқарма, ал жеке тұллғалардың салымдарын – бөлшек бизнестің департаменті анықтайды. Салым қолма-қол және/немесе қолма-қолсыз түрде, ұлттық және/немесе шетел валютасында қабылданады.
Салымның қайтарылу шартына байланысты келесідей түрлерге бөлінеді:
АТФБанктің клиенттеріне ұсынатын депозит түрлері:
«АТФ-Лидер»
«АТФ-Престиж»
«АТФ-Перспектива»
«АТФ-Корпоративный»
«АТФ-Классик»
Депозит түрлері әрқайсысының шарттары мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. АТФБанктің қосымша артықшылығы:
«АТФ-Лидер» депозиті бойынша жеке тұлғалармен жасалатын келісімшарт үлгісі №1-қосымшада көрсетілген.
Депозиттің артықшылығы: ай сайынғы капиталдандырумен сыйақы төлеу – депозит бойынша сыйақы ай сайын депозит сомасына қосылып отырады, депозит валютасын шарттың қолданыс мерзімі ішінде сыйақыны жоғалтпай өзгерту мүмкіндігі, есептелген сыйақыны жоғалтпай шартты мерзімінен бұрын тоқтату.
Депозит мерзімі: 12айдан 5 жылға дейін.
Депозиттің ең төменгі сомасы: 45000тг немесе 400АҚШ долларынан бастап.
Бөлшектеп
алу мүмкіндігі:
Толтыру мүмкіндігі: шектеусіз.
Сыйақы мөлшерлемесі: Теңгеде: 12ай – 10,0%; 13-36ай – 11,0%; 37-60ай – 11,3%.
АҚШ долларында: 12ай – 7,5%, 13-36ай – 8,5%;
37-60ай – 9,0%
Еурода: 12ай – 5,5%; 13-36ай – 6,5%;
37-60 – 6,5%
«АТФ-Классик» депозиті бойынша жеке тұлғалармен жасалатын келісімшарт үлгісі №1-қосымшада көрсетілген.
Депозиттің артықшылығы: депозит бойынша сыйақы сомасы банктік салым келісімшартының мерзімінің соңында төленеді, келісімшарт 1жылдан астам уақытқа жасалса, депозит бойынша сыйақы әр квартал сайын төленеді.
Депозит мерзімі: 1айдан 10 жылға дейін.
Депозиттің ең төменгі сомасы: 10000тг немесе 100АҚШ долларынан бастап.
Бөлшектеп
алу мүмкіндігі:
Толтыру мүмкіндігі: қарастырылмаған.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 10%
«АТФ-Перспектива» депозиті:
Депозиттің артықшылығы: белгілі бір үшінші тұлғаның атына банктік шот ашу мүмкіндігі; шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, сыйақыны төлеудің икемді схемасы.
Депозит мерзімі: 3жылдан 10 жылға дейін.
Депозиттің ең төменгі сомасы: 75000тг немесе 500АҚШ долларынан бастап.
Бөлшектеп
алу мүмкіндігі:
Толтыру мүмкіндігі: мөлшерін 15000тг немесе 100АҚШ доллар/еуро кем емес, шектеусіз.
Сыйақы мөлшерлемесі: Теңгеде: 3жыл – 10,0%; 5жыл – 10,5%; 10жыл – 11,0%.
АҚШ долларында: 3жыл – 6,5%, 5жыл – 7,0%;
10жыл – 7,5%
Еурода: 3жыл– 5,5%; 5жыл – 6,0%;
10жыл – 6,5%
Қарапайым пайыздық формуламен клиенттің депозит бойынша сыйақы сомасын есептеу:
Мұндағы: S=(P*t*I/K)
P-тартылған ақша қаражаттарының бастапқы сомасы
t-уақыт
I-жылдық пайыздық мөлшерлеме
K-күнтізбелік
S-алғашқы және үстінен қосылатын қайтаруға жататын барлық сома.
Күрделі пайыздық формуламен клиенттің депозит бойынша сыйақы сомасын есептеу:
S=P*(1+ I*J/ K)*n
J-банк
қосылған пайыздардың
n-депозит мерзімі.
Мысал келтіріп кетсем: АТФБанк өзінің заңды тұлға клиентіне депозит шотын 30000 теңге сомасында ашты, жылдық пайыздық мөлшерлеме 12%. Табу керек: бір айдағы сыйақы сомасы және негізгі сомасы, бухгалтерлік жазбада көрсету.
Клиентке қайтарылатын негізгі сома мен сыйақы.
(30000*30*12%/365)=296 (сыйақы)
30000+296=30296
Дт-2203
Кт-2201
Дт-5211
Кт-2720
Шығын-8330
3.ай
соңында негізгі сома мен
Дт-2211
Кт-1001
«АТФБанк» АҚ VISA International Халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Төлем
карточкаларының
«АТФБанк» АҚ карточкаларының мүмкіндіктері: