Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:26, курсовая работа
Инвестициялық ахуал дегеніміз – күрделі қаржы келтіруге және оны тиімді
пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдылық, әлеуметтік, тұрмыстық және т.
б.факторлардың жиынтығы. Инвестициялық ахуал өзінің құрылымы жағынан
күрделілігімен әрі жан-жақтылығымен ерекшеленуіне қарай, методологиялық тұрғыдан
инвестициялық ахуалды макро және микроэкономикалық деңгейде нақтылап қарастырып
алған дұрыс болар. Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ахуал, инвестиция
қабылдаушы реципиент елде қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік факторларды
қамтиды.