Нарықтық экономикаға көшу

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:26, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық ахуал дегеніміз – күрделі қаржы келтіруге және оны тиімді
пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдылық, әлеуметтік, тұрмыстық және т.
б.факторлардың жиынтығы. Инвестициялық ахуал өзінің құрылымы жағынан
күрделілігімен әрі жан-жақтылығымен ерекшеленуіне қарай, методологиялық тұрғыдан
инвестициялық ахуалды макро және микроэкономикалық деңгейде нақтылап қарастырып
алған дұрыс болар. Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ахуал, инвестиция
қабылдаушы реципиент елде қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік факторларды
қамтиды.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 56.50 Кб (Скачать)

ПРОФЕССОР Ү.С. БАЙЖОМАРТОВТЫҢ

80-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ  ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҒЫЛЫМИ  СЕМИНАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

_____________________________________________________________________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫНА

СИПАТТАМА

Шакеева Д.Т.

аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы АМУ, Ақтөбе қ.

 Инвестициялық ахуал дегеніміз   – күрделі қаржы келтіруге  және оны тиімді 

пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдылық, әлеуметтік, тұрмыстық және т.

б.факторлардың жиынтығы. Инвестициялық  ахуал өзінің құрылымы жағынан 

күрделілігімен әрі жан-жақтылығымен ерекшеленуіне қарай, методологиялық тұрғыдан

инвестициялық ахуалды макро және микроэкономикалық деңгейде нақтылап қарастырып

алған дұрыс болар. Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ахуал, инвестиция

қабылдаушы реципиент елде қалыптасқан  саяси, экономикалық, әлеуметтік факторларды 

қамтиды.

Саяси тұрғыдан ең маңызды рөл атқаратын  негізгі параметрлер мыналар: шетел 

инвесторларына қатысты мемлекеттік саясат; халықаралық келісімдерді сақтау дәстүрі;

заң және атқарушы құрылымдар тұрақтылығын бағалау; емлекеттің экономикаға араласу 

деңгейі. Қолайлы инвестициялық  ахуалды қалыптастыруға әсер етуші  қаржы 

экономикалық факторлар қатарына мыналар жатқызылады: экономиканың жалпы

жағдайы (өсу, құлдырау, стагнация);  қаржы, несие, валюта жүйесінің жағдайы; кеден 

төлемдері және жұмыс күшін қолдану  тәртібі. Осы аталған факторлар  арасында ерекше

тоқтала кететін жайт, ол жұмысшы  күшінің құны мен оның еңбек  өнімділігі және

жұмысшылардың біліктіліктерінің  орташа деңгейіне деген қатынасы.

Әлеуметтік факторлар жалпылама  түрде елдегі тұрғындардың өмір сүру деңгейімен,

әлеуметтік қақтығыстардың болуымен сипатталады. Микро деңгейде, инвестициялық 

ахуал инвестор фирма немесе мемлекет және нақты бір мемлекеттік органдар мен

шаруашылық субьектілері арасындағы екі жақты қарым-қатынастармен  анықталынады.

Дегенмен, жоғарыда аталған екі  деңгейге де тән негізгі факторлардың төмендегідей негізгі 

3 тобын атап көрсетуге болады: саяси; қаржы- экономикалық; әлеуметтік.

Бұл аталғандардың арасындағы ең маңыздысы  саяси сипаттағы факторлар 

топтамасы деп айтуға болады. Өйткені, қандай да болмасын капитал ағымын жоғарлату 

мақсатымен әрі неғұрлым аз көлемдегі  шығындар жұмсауды инвесторға сол

инвестицияларды қабылдаушы елдегі саяси  тұрақтылық факторлары маңызды рөл 

атқарады. Мұндай шешімге келуге себеп  болған нақты айғақтардың бірі, ол  2000 жылы

19-20 сәуір  айы аралығында  Қазақстан Республикасының  қоғамдық  пікірді зерттеу ортал

ығының қызметкерлері мен стратегиялық жоспарлау агенттігі бірлесе  өткізген

тәжірбиелік сауалнама нәтижелері себеп болып отыр. Бұл сауалнама  жүргізу нәтижесіне

сәйкес елімізге келетін инвестициялар  ағымына кедергі, яғни тежеуіл болатын  бірден-бір 

фактор, ол осы мәселеге қатысты  заң базасының тұрақсыздығы және де осы заң 

саласындағы жиі-жиі болып отыратын өзгертулер мен толықтырулар. Алайда, шетел 

инвесторларының ойынша Қазақстан  тікелей шетел инвестициялары үшін ең тартымды

нарықтардың бірі болып есептелінеді. Біздің еліміз табиғи қазба  – байлықтардың мол

қорына әрі білікті жұмыс  күші мен жоғары өнеркәсіптік потенциалға  иелік етеді, бірақ 

оларды  игілікке  жарату  үшін  инвестициялар  қажет.  Инвестициялық  ахуал қалыптастырумен байланысты жоғарыда аталып өткен факторлардың өзін, жалпылама

түрде 2 топқа бөлуге болады: қолайлы  және қолайсыз.

Қазақстандағы тікелей шетел инвестициясы үшін қолайлы факторлар қатарына

инвесторлар мыналарды жатқызады:

Ø Өте үлкен көлемдегі табиғи ресурстарды бастапқы өңдеумен байланысты болып

келетін оларға деген қол жеткізу  мүмкіндігі (соның ішінде, мұнай-газ, түсті және сирек 

кездесетін металдар түрлеріне). Эксперттердің  бағалауына қарағанда, Қазақстанның

мұнай қоры Ирак пен Иран сияқты мұнай  алпауыттарының мұнай қорларының бірлескен

көлемінен де асып түседі деп айтылуда, сол себепті еліміз болашақта  мұнайдың жыл 

сайынғы экспортын 100 млн.теңгеге жеткізіп, мұнай алпауыттары елдерінің  көшбасшысы

бола алады; Республиканың тиімді геостратегиялық орналасуы. Қазақстан-Ресей, Қытай,

Оңтүстік Азия сияқты дамушы елдерінің  нарықтары мен тұрғындарының  саны 2 млрд.

адамнан асатын мемлекеттерге шығуды қамтамасыз ететін Орта-Азия кіндігінде

орналасқан; Қазақстан ТМД елдері арасында, экономика мен қоғамды  нарық заңдарына

сай қайта реформалау процестерін  дамыту жөнінен көшбасшылардың бірі болып отыр.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіруде  жоғары жетістіктерге қол жеткізілді, шетел 

капиталын тарту мақсатында қолайлы  жағдайлар қалыптастырылды 

Әрі сәйкесінше «Қазақстан-2030» жылы стратегиялық бағдарламада, еліміздің

«Орта-Азия барысына» айналуына  үлкен мән берілген.

Ø Нарықтың жоғары потенциалы; Мемлекеттің сыртқы саясаты; Ішкі саяси

тұрақтылық; Пайда көрсеткіштерінің жоғары деңгейі. 

Сонымен қатар түрлі деңгейдегі институционалдық қайта құру процестерін жүргізу,

яғни өндірісті қайта жарақтандыру; мемлекет меншігін жекешелендіру, бюджет және

салық жүйесін қайта құру; зейнетақы; тұрмыс- коммуналдық реформалардың  жүргізілуін,

банк жүйесін құру да Қазақстанның инвестициялық тартымдылыққа қатысты беделін

жоғарлата түсті. Осы арада Республика халқының білім деңгейінің жоғарлығы  мен білікті 

мамандар санының көп екендігін  де айта кеткен жөн. 

Қолайлы инвестициялық ахуалмен қатар  оған кері әсерін тигізетін қолайсыз

факторлар да бар. Елдегі негізгі инвестициялық ахуалды мыналар сипаттайды:

инвестицияларды тарту механизмі; инвесторлар үшін қолайлы факторлардың болуы;

инвестициялау тәуекелі.

Бірінші және екінші факторлар, яғни инвесторлар үшін тартымды болып  табылатын 

факторларды бұған дейін қарастырып өткендіктен, үщінші инвестициялау тәуекеліне

тоқталайық.

Негізінен, кәсіпкерлік ахуалдың сандық жағын сипаттайтын дәл осы  инвестициялық 

тәуекел, олар әртүрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық себептер салдарынан экономикаға

салынған қаражаттың қайтарымсыз  болуы ықтималдығын сипаттайды немесе көрсетеді.

Дәл осы инвестициялық тәуекел  инвесторларға қалыптасқан жағдайда  талдау жасап,

түрлі инвестициялық жобаларды  алдын- ала жан- жақты мұқият тексеруге  мүмкіндік 

береді.

Дегенмен, шетел инвесторларына жүргізілген сұрау нәтижесіне сәйкес, тікелей

шетел инвестицияларының ағымына  тосқауыл болатын негізгі факторлар - шенеуліктердің

өз қызметіне  үлкен жауапкершілікпен қарамауы немесе олардың сыбайлас жемқорлығы -

51,3 пайыз,  бюрократия  - 44,9 пайыз шамасында. Шетел инвесторларының

пайындауынша, Қазақстанда неғұрлым қолайлы инвестициялық  ахуалды қалыптастыру

мақсатында  ел Үкіметі әлі де болса «бюрократия  реформаларымен» қатар сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күресті мейлінше кәсіби деңгейде жүргізуі қажет. Тікелей шетел

инвестицияларын тарту процесінде негізгі рөл  атқаратын жайттардың бірі ол, инвестиция

қабылдаушы  елдің құқықтық базасы.

1994 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Қазақстан  Республикасында «Шетел 

инвестициялары туралы» заң  қабылданған, бұл аталған заң  шетел инвестицияларын 

Қазақстан экономикасына келтірудің құқықтық және экономикалық негіздерін және шетел инвестицияларына қатысты  кейбір дауларды шешу тәртібін анықтайды. Кейіннен

бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстанда 1997 жылдың 27 ақпанында  «Тікелей шетел инвестицияларын  қолдау

туралы» заң актілері әзірленіп, қабылданған. Бұл аталған заң жобасы әлемдік  тәжірбиеде

қолданылып жүрген, әлеуметтік көлік-байланыс инфрақұрылымын қолдауды қамтамасыз

ететін түрлі жеңілдіктерді  белгіленген және де әр түрлі саяси  тәуелділіктерге 

кепілдемелерді анықтайды.

Шетел инвесторлары үшін оларға өздерінің  өндірістік обьектілері орналасқан

жерлерді жеке меншікке алуға мүмкіндік  беретін заң актілерінің шығарлымы да үлкен

мүмкіндіктер ашты. Сонымен бірге  біздің Республикада қызмет ететін шетел 

компанияларының өкілдерінен  құралған шетел инвесторлар кеңесі құрылған. Бұл кеңес 

шетел тікелей инвестицияларын  тартуға салуға ықпал ететін беделді  ұйым. Ол жеке

компаниялар қызметін емес, жалпы  инвестициялық ахуалды бақылап  отырады. Шетел 

инвесторлар Кеңесі екі жақты қолайлы  жағдайлардың қалыптасуын ыңғайлайды:

мемлекетке  – шетел инвесторларының  келгені, ал оларға  – біздің елге инвестиция салу

тиімді болуы тиіс.

Қазақстандағы қолайлы инвестициялық  ахуалды сипаттайтын тағы бір  маңызды 

белгілердің бірі ол, салық салу саласындағы  шетел инвесторлары үшін қарастырылған 

жеңілдектер мен префференциялар. Қазақстан Республикасы Президентінің  «Салықтар 

және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» 1995 жылдың 24 сәуірде №2236

заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілгеннен кейін, еліміздегі инвестициялық 

ахуалды жетілдіруге арналған құқықтық базасы қалыптасты деп айтуға болады. Жоғарыда

аталған заң актісіне толықтырулар мен өзгертулер Республикадағы инвестициялық

ахуалды жақсарту негізінде инвестициялар  мен салық салудың Халықаралық 

орталығының ескертулері мен ұсыныстарын  негізге ала отырып жасалынған. Яғни, Үкімет

тікелей шетел инвестицияларын  тартуға қатысты құқықтық базаны жетілдіруге ұмтылып

отыр. Үкіметтің бағалауы бойынша 2008 жылы экономиканың өсу қарқыны  кемінде 5-7

пайызды құрайды. Бұған Қазақстанның мұнай, металл, астық тәрізді негізгі  экспорттық

тауарларына жоғары бағаның сақталуы ықпал етеді. Экономиканың экспортқа

бағытталған секторының үдемелі дамуы  экономиканың өзге де секторына, сондай-ақ

шағын және орта бизнестің дамуына  қолдау көрсетеді.

Қазақстан экономикасы инвестиция үшін жеткілікті ішкі резервтерге негізделген.

Сыртқы қаржылық ресурстарға қол жетімділік жағдайында кәсіпорындар мен халықтың

депозитінің артуы экономиканы  кредиттеудің маңызды көздері бола алады.

Инфляциялық үдерістерді төмендету  үшін Ұлттық Банк ұстамды-қатаң қаржылық-

кредиттік саясат жүргізуді жалғастырады, ал Үкімет орнықты фискалдық саясатты

қамтамасыз етеді. Үкімет экономикадағы, еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға

және мемлекеттік басқару жүйесін  жаңғыртуға бағытталған жүйелі реформаларды

жалғастырады.

Электр энергетикасы, теміржол және автомобиль көлігі, телекоммуникация мен

байланыс инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Бұл  шаралар 

экономиканың өнімділігін арттыруға  және толықтай алғанда оны әртараптандыруға

қызмет етеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2009 жылғы қаңтар-наурызда

639,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда  4,9 %-ға аз.

Машиналарға,  жабдықтарға  және  құрал-саймандарға  салынған  инвестициялық 

салымдардың үлесі  – 7,8 пайыздық тармаққа және өзге де күрделі жұмыстарға  – 14

пайызға  айтарлықтай  ұлғайды,  құрылыс-монтаж  жұмыстарына  бағытталған 

инвестициялар 21,8 пайыздық тармаққа азайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымында:1.  кәсіпорындардың  меншікті қаражаты– 43,2 %-ды (48%); 2. шетелдік

инвестициялар 40,5 %-ды (22,8%); 3. бюджет қаражаты  – 7,4 %-ды (9,9 %); 4. қарыз 

қаражаты – 8,9 %-ды (19,3%) құрады [15].

Тау-кен өндіру өнеркәсібі (инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі  – (24,9 %),

көлік және байланыс (18,2 %) инвестиция салудағы басым салалар болып қалуда.

Негізгі капиталға инвестициялар. Кәсіпорындар және ұйымдармен облыстың

экономикасына 2008 жылы 106,6 млрд. теңге  инвестициялар салынды, бұл 2007 жылдың

тиісті кезеңіне қарағанда индекс бағасы 18,1%  жоғары екені ескерілді. Игерілген

қаражаттардың жалпы көлемінен  былтырғы жылдың тиісті кезеңіне 14,9% өсіммен 82,3

млрд. теңге немесе 77,3% өндіріс саласына бағытталды.

Әлеуметтік салаға өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 30,7% өсіммен 22,7%

инвестиция игерілген қаражат көлемінен 24,2 млрд. теңге салынды.Білім беру саласына

жұмсалған қаражат 2,5 есе, денсаулық  сақтауға  1,4 есе ұлғайып, тұрғын үй құрылысына

жұмсалған қаражат 21,3% төмендеді

Инвестициялар  құрылымында  қаржыландыру  көздеріне  байланысты

кәсіпорындардың меншік қаражаттары 59,6%-дан 66,7%-ға, жергілікті бюджет

қаражаттары 5,5%-дан 7,8%-ға дейін ұлғайды, займ қаражаттары 19,7%-дан 8,8%-ға

төмендеп, шет ел инвестицияларының  көлемі 20,0%-дан 3,9%-ға артты.

Республикадағы қолайлы инвестициялық  ахуал қалыптастыруға ықпал   ететін

бірнеше заң актілері бар. Мысалы, «Бағалы қағаздар туралы» заң (1997ж). Бұл аталған 

заңды алғаш рет мемлекеттік  реттеудің нысандары; өзін- өзі реттеу механизмдері мен қор 

биржалары қызметтерін реттеу қолға   алынған. «Қазақстан Республикасындағы

инвестициялық қорлар туралы» заң (1997ж); «Салық кодексі»т.б. Қазақстанға  шетел 

инвестицияларын тарту   механизмі  тәуелсіздіктің алғашқы жылдары  салық төңірегінде 

біршама жеңілдіктердің болуымен ерекшеленеді:

Ø Жер салығы, мүлік салығы мен табыс салығынан толығымен босату;

Ø Инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті құрал-жабдықдардың,

Информация о работе Нарықтық экономикаға көшу