Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:36, реферат
Инфрақұрылым - (латынша инфра - төменгі, астыңғы, структура - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.
Кіріспе
I. Әлеуметтік инфрақұрылым
1.1. Әлеуметтік саясат
1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
II. Нарықтық экономика
2.1. Нарықтық экономика артықшылығы
2.2. Нарықтық экономиканың маңызды элементтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нарық экономикасының төртінші элементі. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық экономикасының бесінші элементі.
Нарық механизмінің бесінші элементі
— бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын
және осының негізінде өндіріс масштабын
кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық
субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды
реттеу механизмінің формасы болып табылады.
А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін
қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының
мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің
қара басының қамын ойластырып әрекет
етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам
пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі
экономиканың реттеушілерінің — бағаның,
пайданың нормасының, проценттің, т.б.
мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтері
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны. Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
Қорытынды
Қазіргі жаһандану мен инновациялық үрдістердің
жеделдеуі аясында әлеуметтік инфрақұрылымның
ақпараттық, электрондық, сымсыз байланыс,
т.б. қажеттіліктерді қанағаттандырумен
байланысты жаңа элементтері пайда болды.
Сол себепті инфрақұрылымды өндіріс пен
адам өмірінің тіршілігін қамтамасыз
ететін және қоғам дамуының жаңа талаптарына
сәйкес бейімделе отырып, құрылымын кеңейте
алатын өзара байланысты оъектілердің
жиынтығы ретінде қарастырған жөн. Жалпы
инфрақұрылыммен салыстырғанда ауыл инфрақұрылымының
объективті және субъективті себептермен
байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.
Ауылдағы инфрақұрылым объектілерінің
санының шектеулілігі мен ауыл тұрғындарының
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің
қызметіне сұранысының толық қанағаттандырылмауы,
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін
қаржыландыру деңгейінің әр түрлілігі
тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени
жағдайын жақсартуға қажетті әлеуметтік
инфрақұрылым объектілерін инновациялық
негізде қалыптастыру механизмін дайындау
мен жүзеге асыруды қажет етеді.
Жаһандану кезіндегі
инфрақұрылымның бір ерекшелігі оның
білім, ғылым, ақпараттық-технологиялардың
дамуымен тығыз байланысты болуы. Себебі
қызметтің бұл түрлері уақытты үнемдеу,
өнім шығынының аздығы, тез әрі тиімді
нәтижелі қайтарым жасау секілді ерекшеліктерімен
сипатталады. Еліміздегі ғылым мен инновацияны
қаржыландыру ЖІӨ-ге есептегенде 2005 жылы
0,28% құраса 2008 жылы 0,19% құрап отыр. Ол Ресей
және басқа дамыған елдермен салыстарғында
төмен. Ғылыми техникалық қызметте жұмыс
істейтіндердің жалпы саны 2008 жылы 2004
жылмен салыстарғанда 9,1%, ғылыми зерттеу
ұйымдары 15%-дан астам азайды. Бұл жағдайлар
республикамыздың нақты секторлары мен
ауылдық жерлеріндегі инфрақұрылымдық
салаларында инновацияның дамуы бойынша
қомақты мәселелер бар екені айқын көрсетеді.
Сондықтан, қазіргі индустриядан кейінгі
экономика тұрғысынан ғылыми-техникалық
әлеуеті бар ауыл шаруашылын дамыту, ауыл
әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіруге
жұмсалатын шығындардың көлемін ғылыми
тұрғыда анықтау қажет.
Экономиканы реформалаудың
алғашқы жылдарындағы өзгерістер әсіресе
ауыл дамуын төмендетіп, қоғамдық меншік
ретіндегі әлеуметтік салалардың дамуын
әлсіретті. Ауыл шаруашылығы өнімінің
көлемі жылдан-жылға артқанымен жалпы
ішкі өнімдегі үлесі төмендеген. Экономиканың
басқа салаларымен салыстырғанда әлеуметтік
сала мамандары мен ауыл шаруашылығы мамандарының
еңбек ақысы ең төмен деңгейде. Бұл жағдайлар
жас мамандарды ауылға тартуға кедергі
келтіруде. Сондықтан, ауыл тұрғындарының
әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін күрделі
жағдайдағы өңірлерге баса назар аударуды
қажет етеді. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымдық
объектілерін инновациялық негізде дамытуда
қосымша қаржы ресурстарын тарту мен бөлінген
қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын
қатаң бақылау керек. Соңғы жылдардағы
отандық экономиканың қайта дәуірлеуі
мен жаңаруы өндіріске жаңа технологиялардың
белсенді енуін қамтамасыз етуде. Республика
халқының 46%-дан астамы орналасқан АЕМ-ді
инновациялық негізде дамытуда әлеуметтік
инфрақұрылым объектілерімен толық қамтамасыз
етіліуі өте маңызды. Дегенмен, ауыл тұрғындарының
сапалы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік
инфрақұрылымдық нысандардың физикалық
тозуы мен заманауи талаптарға сай болмауының
себебінен ауылдық жерлердегі білім беру,
денсаулық сақтау салалары, мәдени мекемелер
республикалық деңгейден біршама кенже
қалған, сонымен бірге маман кадрлардың
жетіспеушілігі айқын байқалады.
Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымдарын
дамытудың механизмі ретінде қазіргі
кездегі басым ауылдар үшін білім мен
мәдениеттің орталығы болып отырған ауыл
мектебінің негізінде дамытудың мәні
зор деп есептейміз. Қазіргі ауылдың ескірген
әлеуметтік инфрақұрылымдарын жаңа бағытта
дамыту мен ұйымдастыруда олардың қызмет
бағыттарына сәйкес кооперациялар ретінде
құру, ауыл шаруашылығы мекемелері мен
әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандардың
ықпалдаса дамуынының біртұтас жүйесі
керек. Сол себепті әлеуметтік инфрақұрылымдық
объектілерді ауыл мектебі негізінде
«инновациялық әлеуметтік мәдени кешен»
ретінде жүйелі түрде орналастыру керек.
Себебі, нарықтың басқа түрлерімен салыстырғанда,
білім беру нысандары әрқашанда инновациялық
негіздегі жаңа идеяларға толы нарық болып
табылмақ.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері
қоғамның өзге де салаларымен тығыз байланыста
бола отырып дамиды. Оны инновациялық
негізде дамыту ауыл экономикасын материалдық
және материалдық емес өндіріс өнімдерімен
ғана емес, рухани-мәдени қажеттіліктерді,
интеллектуалдық қабілеттілікті қалыптастыруда
да маңызды. Ғылым мен білім, ақпарат үстемдік
етіп отырған қоғам жағдайында ауылдың
әлеуметтік инфрақұрылым объектілері
нақты және қаржы секторларымен үйлесімді
дамығанда ғана, инновациялық механизм
өз деңгейінде қызмет атқарады. Сол себепті
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін
инновациялық негізде дамыту механизмінің
қалыпты қызметі үшін басқа да салалармен
байланысты тұтас жүйе ретінде, жан-жақты
қарастырудың маңызы зор.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова.
2. Ауыл инфрақұрылымының жіктелуі және оның ауыл дамуындағы рөлі // С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы.–Астана, 2009. – №2(53).– Б.42-48.
3. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
4. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.
5. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
6. Қаржы-экономика
сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым
министрлігінің Экономика институты,
"Зияткер" ЖШС, 2007.