Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:36, реферат
Инфрақұрылым - (латынша инфра - төменгі, астыңғы, структура - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.
Кіріспе
I. Әлеуметтік инфрақұрылым
1.1. Әлеуметтік саясат
1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
II. Нарықтық экономика
2.1. Нарықтық экономика артықшылығы
2.2. Нарықтық экономиканың маңызды элементтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
I. Әлеуметтік инфрақұрылым
1.1. Әлеуметтік саясат
1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
II. Нарықтық экономика
2.1. Нарықтық экономика артықшылығы
2.2. Нарықтық
экономиканың маңызды
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе.
Инфрақұрылым - (латынша инфра - төменгі, астыңғы, структура - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарын, туристік ұйымдарды қамтиды. Рухани-білім беру тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани қажеттерін (білім алу, мәдениет, өнер) қанағаттандыруға бағдарланған. Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы көлігі және халыққа байланыс қызметін көрсету аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассалары, банкілер, құқықтық мекемелер – заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдық, қаржы және еңбек шығыны); өндірістік-экономикалық көрсеткіштермен (кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым дамуының тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік нәтижелермен (халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады.
Әлеуметтік инфрақұрылым - халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.
Өндірістік инфрақұрылым – өндірістің
жалпы жағдайын қалыптастырушы шаруашылық
салаларының жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым
қоғам мен адам факторларын ескере отырып,
әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықты
жұмыспен, материалдық және рухани қажеттілікпен
қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Мемлекет
өндірістік инфрақұрылымды дамыта отырып,
өндірістік үдерістердің ұтымды жұмыс
істеуіне экономикалық, өндірістік және
технологиялық жағдайлар тудырады. Халықаралық
өндірістік инфрақұрылым – ұлттық көлік
жүйесі, байланыс және ақпарат таратушы
жүйе элементтерінің жиынтығы. Ол халықаралық
қарым-қатынасқа, ішкі экономикалық байланыстарға
қызмет етеді. Табиғат ресурстарын тиімді
пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған. Өндірістік инфрақұрылымды
жетілдіру және дамыту аймақтың еңбек
бөлінісінің дамуына қолайлы жағдайлар
туғызады және екі жаққа тиімді халықаралық
шаруашылық байланыстарын қалыптастырады.
Эконикалық жаһандану дәуірінде өндірістік
инфрақұрылым халықаралық аумақтық еңбек
бөлінісінде дүниежүзілік шаруашылық
байланыстарын күшейтуге өзіндік септігін
тигізетін элемент; қысқышы Инфрақұрылым.
1.1. Әлеуметтік саясат
Әлеуметтік саясатты
жүзеге асыру мемлекеттің әл-ауқатын
арттырудың ең маңызды факторларының
бірі. КазРосГаз компаниясы жыл сайын
қорғалмаған бұқара топтарына көмек
көрсете отырып, әлеуметтік қолдау
көрсету бағдарламаларын жүзеге
асыра отырып, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылым объектілері құрылысына
қаражат салу арқылы халыққа әлеуметтік
қолдау көрсетуді арттыруға
Әлеуметтік
бағдарламалар компанияның стратегиялық,
мақсатты ұзақ мерзімді саясатын білдіреді.
Осындай жағдайда бағдарламалар мен іс-шаралардан
әлеуметтік пайданы алу қоғамның экономикалық
әрі мәдени өміріндегі сапалы өзгерістерді
білдіреді. Серіктестіктің қызметкерлеріне
арналған әлеуметтік саясат кең көлемді
мәселелерді қамтиды. «КазРосГаз» ЖШС-нің
ұжымында жыл сайын аурулардың алдын алуға
және қызметкерлер денсаулығын қорғауға
бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Компанияда
басты назар салауатты өмір салтын қолдауға
бөлінеді. Спорт іс-шаралары компанияның
корпоративті рухын дамыту үшін жақсы
мүмкіндік. Компания жергілікті еңбек
ресурстарын дайындауға және өз қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруға зор үлес қосады.
Кадрлық әлеуетті дамыту «КазРосГаз»
ЖШС айрықша назарды бөлетін тағы бір
сала. Бүгінгі таңда оқыту, қызметкерлердің
біліктілік деңгейін арттыру компанияның
басты істерінің тізімінде бірінші орында.
Осылайша, «КазРосГаз» ЖШС-нің әлеуметтік
саясаты ұғымы компанияның қызметінде
демеушілік және қайырымдылық ұғымынан
кеңірек, өйткені компанияның қызметі
табысты өндіріс қызметіне, жемісті серіктестікке,
компания қызметкерлерінің, мемлекет
тұрғындарының әл-ауқатына, қазақстандық
қоғамның кейінгі дамына көзделген. КазРосГаз
әлеуметтік жауапкершіліктің рөлін қоғамның
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық
салаларының дамуына бизнестің қосқан
ерікті үлесі ретінде көреді.
1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
Еңбекте негізгі фактор әрдайым адам болады. Біздің компанияның ұстанған 4 бағытының: адамдар, жауаптылық, серіктестік, тиімділік болып табылуы да тегін емес. Қазіргі заманғы компаниялар кез-келген істе, кез-келген өндірісте ең басты құндылық – адам екенін түсінеді. Сол себепті де біздің компанияда әлеуметтік серіктестік мәселесіне зор мән беріледі. Қалыптасып отырған дүниежүзілік дағдарыс жағдайында Компания өз қызметкерлерін қысқартпауы, кадр саясатында бар жұмыс орнын сақтап қалуы – осы саясатының көрінісі. Бұл ғасырға тарта өнім беріп келе жатқан қарт Ембі үшін үлкен жетістік. Биылғы жылдың 8 айлық қорытындысына тоқталар болсақ, өнім өндіру жоспары 105 пайызға, тапсыру межесі 104 пайызға орындалды. Бұл жоспардан тыс 9 мың 921 тонна және 8 мың 455 тонна өнім деген сөз. Сонымен қатар, жыл басында бекітілген жоспарға сай 38 ұңғы қазылып, жыл соңына дейін тағы да 55 ұңғыма қазылмақ. Бұл көрсеткіштер мұнай өндіру табысын еселей түскені анық.
«ҚазМұнайГаз»
БӨ» АҚ-ын бүгінде өзге
Филиал директоры
Жиналғандардың қол
Салтанатта мұнай саласында көп жыл еңбек
еткен соғыс және еңбек ардагері Ө.Балғымбаев
сөз сөйлеп, әріп-тестерін мерекесімен
құттықтады. Ол, сондай-ақ, соңғы кездері
көп сатылы басқару жүйесіне түсінбейтінін,
оның көптігін сынға алды. Және бұрындары
мұнайшылардың салтанатты жиналыс, мәдени
шаралар өткізетін арнайы орындары
болды. Қазір соның бірі де жоқ екеніне,
мереке сайын әркімнен орын жалдап жүретініне
өкініш білдірді.
2.1. Нарықтық экономика
Нарықтық Экономика,
рыноктық экономика, базарлы экономика
– еркін кәсіпкерлік, өндіріс
құрал-жабдығына меншік нысандарының
көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Нарықтық экономика артықшылығы
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
2.2. Нарықтық экономиканың маңызды элементтері
Нарық экономикасының бірінші элементі. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементі. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші элементі
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.