Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:36, курсовая работа
Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”- дейді В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.
Бұнда екі жағдай қолданылады – ауқым нәтижесі және «х – тиімсіздік» түсінігі.
Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.
«Х -тиімсізідік» әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады – өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.
Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.
Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:
- сатушының монополист болуын;
- сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле
алатын мүмкіндігінің болуыналғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек.
Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).
Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші – тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші – тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден – сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.
2.7 Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
Қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы; тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы; тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
Ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.
Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;
-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді: баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады.
Осыны 2-кесте және 1-сурет арқылы байқауға болады.
2-кесте
Пачкадағы шайға сұраныс пен ұсыныс
Баға | Сұраныс | Ұсыныс | Баға | Сұраныс | Ұсыныс |
0 | 40 | 0 | 70 | 20 | 30 |
10 | 35 | 10 | 90 | 10 | 35 |
30 | 30 | 20 | 100 | 5 | 45 |
50 | 25 | 25 |
|
|
|
Баға өскенде сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі. DD-сұраныс қисығы; SS-ұсыныс қисығы. Сұраныс қисық сызығымен ұсыныс қисық сызықтарын бетестіру арқылы нарықтық тепе-теңдікті белгілеугe болады. Ол DD мен SS қисық сызықтарының түйіскен Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі баға тепе-теңдік баға деп аталады. Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды. Баға 25 болғанда А1В1 көлемінде тапшылық пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде артықшылық туады. Осыдан қорытынды еркін бәсекеде нарықтың механизм, бағаның ауытқуы мен ұсынылған тауарлардың көлемінің өзгерулері арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатады, нарық тепе-теңдікке жетеді.
Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.
Жалпы тепе-теңдік – бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс аралығындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен қызметтердің ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік - жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірілетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының өскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуының азаюын нанның сатылуының көбеюімен жабуға болады.
ІІІ Қазақстандағы нарықтық экономикалық жүйе
3.1 Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі
Біздің Отанымыздың шаруашылығы бірнеше ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде жасалған. Бұл ұзақта күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады:
Дәстүрлі экономика кезеңі. Дәстүрлі экономика кезеңі (біздің эрамызға дейінгі I мың жылдықтың басы - XIX ғасырдың ортасы). Ол ұрпақтан ұрпаққа жүздеген жылдар бойы беріліп отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды. Халықтың негізгі айналысқан кәсібі көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Малдың жеке меншікте, ал жайылымның қауымдық меншікте болуы бұған өз ықпалын тигізді. Мал шаруашылығына қоса егін салу, жеке және қалалық кәсіптік қолөнері де (киіз үй жасау, арба жасау, киім тігу, ұсталық, т.б.) дамыды.
Дәстүрлі шаруашылық өнім жеке пайдалану жағдайында болғандықтан, тұтыну сипатында ғана болды. Айырбас түріндегі сауда көбінесе қосымша рөл ғана атқарды.
Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі. Нарықтық экономиканыц пайда болу кезеңі (XIX ғасырдың ортасы - 1920 жылдың аяғы). Нарықтық экономиканың негізіне − жеке меншік, тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға жатады. Оның қалыптасуындағы басты рөлді тауар-ақша қатынасының дамуы атқарды. Көптеген шаруашылықтар мал басын көбейтумен, сауда-саттық үшін астық өсірумен айналыса бастады. Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды. Айырбас сауданы біртіндеп ақшалы сауда ығыстыра бастады.
XIX және XX ғасырлардың аралығында алғашқы темір жолдар салынды. Олар Қазақстан шаруашылығын жалпы Ресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді. Тау-кен және фабрика-зауыт өндірісі пайда болды. Алғашқы электр станциялары іске қосылды. Дегенмен, экономиканың негізін ауыл шаруашылығы (аграрлық құрылым) құрады. Ол техника жағынан артта қалумен және шикізаттық бағытта болумен сипатталды.
Жоспарлы экономика кезеңі. Жоспарлы. экономика кезеңі (1920 жылдың аяғы - 1990 жылдың басы). Жоспарлы экономиканың іргетасын мемлекеттік меншік пен шаруашылық кызметті жоспарлау кұрады. Оның дамуы орталықтан түсетін мемлекеттік жоспарларға байланысты болды. Олар нені, қай жерде және қанша мөлшерде өндіру қажет екендігін анықтап беріп отырды. Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды. Сол себепті жоспарлы экономиканы әміршілдік-таратушы экономика деп те атайды.
Жоспарлы экономика кезеңінде ел экономикалық артта қалушылық қыспағынан құтылды. Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды. Мұнда шешуші рөл атқарған индустрияландыру мен тың игеру болды. Қазақстаң өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді. Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.
Бірақ жоспарлы экономиканың айтарлықтай кемшіліктері де болды.
Экономика дамуының негізгі бөлігін кәсіпорындарды көптеп салу құрады. Көбінесе пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге күш салынды. Осының нәтижесінде шикізаттық бағыт ұлғайып, экологиялық мәселелер пайда болды. Экономикаға қажетті отын, металл орасан көп мөлшерде өндірілді. Ал халық тұтынатын тауар шығару төмен деңгейде қалды. Шаруашылық адамдардан гөрі өзіне көбірек жұмыс істеді. Өндірісті қайта кұру кәсіпорындардың жоспарды орындауына кедергісін тигізді. Бұның өзі тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, ғылыми-техникалық революция нәтижелерін меңгеруді баяулатты. Жоспарлы экономиканың нарықтық экономикадан артта қалуы анық байқалды.