Нарық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”- дейді В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.

Работа содержит 1 файл

курсовая работа111.doc

— 237.50 Кб (Скачать)

-         пайдалы қазбалардың нарықтары;

Қаржы нарығы:

-         капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;

-         несие нарықтары:

-         құнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар,

варианттар, және фьючерстік контрактар т.б.

-         валюта-ақша нарықтары;

              Интеллектуалдық өнімдер нарығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.

              Жұмыс күні нарығы − еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.

              Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

 

2.4 Нарықты сегменттеу

 

Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу − тауарларға бірдей емес талаптар қоятын осы тауардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Нарықтың сегменті − бұл нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер немесе кәсіпорындардың тобы болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:

1. Географиялық:

-         аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс,

Оңтүстік;

-         әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;

-         тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы.

-         климат бойынша: теңіз, континенталдық, орташа, ыстық, т.б.

2. Демографиялық:

-         адамдардың жасына сәйкес топтау;

-         жыныстық топтау;

-         отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;

-         табыстар дәрежесіне қарай;

-         кәсіби құрамына сәйкес − ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік

кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер, т.б.

-         білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;

-         ұлттық құрамға сөйкес топтаулар;

3. Психографиялық:

-         халықты әлеуметтік құрамына сәйкес топтау;

-         табыстардың дәрежесіне сәйкес;

-         өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар

ақсүйектер;

-         жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшақтар, өзіншілігі

молдар.

4. Мінезқұлықтық (тауарларды таңдауда):

-         тауарды кездейсоқ сатып алады;

-         сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;

-         сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;

-         клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі

керек, анда санда керек;

-         өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік

көзқарас.

 

2.5 Бәсеке туралы түсінік

 

Бәсеке дегеніміз − бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

-         өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін

қалыптастыру;

-         өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай

фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

-         бәсекеге төзімді өнім өндіру;

-         өнімді сату, бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен

уақыты белгіленеді;

-         пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану;

              Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

-         Жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату

көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

-         Өндірістің өсуі -  өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары

баға сақталады;

-         Кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс

толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

-         Ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды.

Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

              Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:

-         бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

-         тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен

жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

-         бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын,

маркировкасын заңсыз пайдалану;

-         тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;

-         бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;

келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

 

2.6 Нарықтағы бәсекенің түрлері

 

Жетілген бәсеке. Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.

Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас  жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді: жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады; сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады; сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді; өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады. Осындай сату-сатып алу  шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.

Монополистік, жетілмеген бәсеке. Монополистік жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.

Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады.                                Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

-         бірсалалық сауда – өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық

құрылым;

-         ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес

бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

-         өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру  түрінде

болатын, «өндірістік пирамида» типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте «олигополия» деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер тигізеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).

              Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

-         жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

-         ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.

              Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:

              Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,ін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.

              Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі блады.

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді – өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі  дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.

Информация о работе Нарық теориясы