Автор: n**************@inbox.ru, 28 Ноября 2011 в 14:06, реферат
Нарық дегеніміз не? Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар.Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты сатушы мен сатып алышылар кездесіп, келісім жасайтын орны ретінде түсіндірсе, қазіргі замаңғы түсінікте оның мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарықтық механизмі - сатушы мен сатып алушының өзара іс-ірекетінің бәсекелестік механизмі және сұраныс пен ұсыныстың негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: не өндіру керек?қалай өндіру керек?және кімдерге өндіру керек? Тауар өндірісі кезінде нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де,еңбеккерлер де, тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағзадардың иелері де және т.б. кіреді . «Нарық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, баға, бәсекелестік) жиынтығы болып табылады.