Монополия және олигаполия

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 12:30, курсовая работа

Описание работы

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.

Содержание

КІРІСПЕ 6
I МОНОПОЛИЯ МӘНІ, ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 8
1.1 Монополия түрлері 10
1.2 Монополистің өнім көлемін белгілеуі 17
1.3 Нарықты монополиялаудың белгілері 19
II Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу 20
2.1 Монополияға қарсы заңдардың жүзеге асырылуы 20
2.2 Монополияға қарсы саясат 21
2.3 Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай 23
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ГЛОСАРИЙ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 186.50 Кб (Скачать)

Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға  қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э.Чемберлиннің, Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен  пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана «жазалау» емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың нарықтағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынандай: бір кәсіпорын үшін – 33%, үшеуі үшін – 50%, бесеуі үшін – 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар «Үлкен бизнестің» ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша дегенмен рыноктың экономикадағы монополистік тенденцияларды шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.

2.2 Монополияға қарсы саясат

Ірі монополдық бірлестіктердің нарықты түгелдей өздеріне бағындыру іс-әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің, жалпы қарапайым адамдардың наразылықтарын туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға араласуын талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері монополияға қарсы заңдарды қабылдап, оның нарықты монополияландыруына тоқтау қойыла бастады.

Америка Құрама Штатында экономиканы монополияландыруға қарсы бірінші заң – «Акт Шермана» 1890 жылы қабылданған. Ол тресттер, бірлестіктер, егер штаттардың арасындағы саудаға кедергі келтірілсе, оны заңсыз деп санады. «Акт Клейтона» (1914 жыл) арам, алдама саудаға тыйым салған.

Қазіргі уақытта  барлық мемлекеттерде осындай монополияға қарсы заңдар қолданған. Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:

а) Мемлекет жоғарғы  деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.

б) Инфляцияны басу және жоғарғы деңгейде шоғырланған  салалардың бағаларына қысым жасау  үшін бағаға бақылау қойылады.

в) Монополияның бірлестіктердің мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен, табиғи газбен, элетро күшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса тиімділігі жоғары болады.

г) Мемлекеттік  экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте, қаржы нарығында болады. Бұл құрал-жабдық мемлекет меншігінде болса да ол бақылау жүргізеді.

д) Монополияның іс-әрекетін мемлекет монополияға қарсы  саясат арқылы реттейді. Бұл саясат, әсіресе, жоғары деңгейде шоғырланған салаларға қарсы қолданылады. Монополияға арнайы заң және ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың үлесін ұлғайтады. Эскпорттың және импорттың тауарлардың түрін, көлемін бақылап шек қояды. Ақша айналымы, несие, салық саясаты жүргізеді.

Жалпы мемлекеттік  реттеудің екі формасы болады: экономикалық және әлеуметтік.

Экономикалық  реттеудің сферасында қамтылады  бағаға, тауардың түрлеріне, типтеріне, фирмалардың салаларға кіру және шығу жағдайларына бақылау жүргізу.

Әлеуметтік  реттеу қамтиды – суды және  ауаны  тазарту бағдарламасы, ядролық энергетиканың, дәрілердің, көліктің, ойыншықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету.

 

2.3 Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай

       Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл».

Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық  желісі бар. Оның қызметі көп жағдайда «Қазақтелеком» «Қазақтелеком» АҚ компаниясы байланыс нарығындағы алдыңғы қатарлы  оператор болып есептеледі. 2 - кестеде телекоммуникациялық қызмет көрсетуден түсетін табыс көрсеткіштерінің серпіні көрсетілген. 2005-2008жж. кезеңінде компанияда табыс көлемінің қомақты өскенін байқауға болады, мұндай әрекет 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда қарастырылып отырған көрсеткіштің 42,9%-ға өскенін көрсетеді. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырған, сонымен бірге тораптарды сандық жүйеге келтіруді, жаңа технологияларды енгізуді, ауылды жерлерге телефон қондыруды жалғастыруда.

кесте – 2

«Қазақтелеком» АҚ 2005-2008жж. телекоммуникациялық қызмет көрсетуден түскен табыстың серпіні

 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық  Компаниясы – көмірсутектерді  барлау, өндіру, өңдеу мен тасымалдау  бойынша Қазақстанның мұнай-газ  саласында мемлекет мүддесінен өкілдік етуші қазақстандық ұлттық оператор болып табылады. 100% акция «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на тиесілі. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы – көмірсутек шикізатын барлау, өндіру, өңдеу мен тасымалдаушы, маркетинг, өткізу операциялары мен сервистік қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын тік-біріккен байланыстағы мұнай-газ компаниясы.

кесте - 3

 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның коммерциялық нәтижелері

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

Өсу қарқыны, %

Өткізуден түскен табыс, млн. тг.

1414326

2537391

179,4

Табыстар барлығы, млн. тг.

1482906

2682602

180,9

Шығындар барлығы, млн. тг.

905 167

2 065 404

228,2

Соның ішінде, өзіндік құны, млн. тг.

643 343

1 385 985

215,4

Пайда, млн. тг.

292 093

292 680

100,2


 

«ҚазМұнайГаз» елдің  мұнай-газ секторында алдыңғы қатарлы ұстанымға ие, мұнай өндірудің төрттен бірін, мұнай тасымалдаудың 80 пайызын, газ тасымалдаудан барлық көлемді дерлік, сонымен қатар Қазақстандағы мұнай өңдеудің 50 пайызын 2008 жылы компания мұнай ресурстарының елеулі өсуіне қол жеткізді, соның ішінде Қазақстан территориясындағы ірі мұнай-газ жобаларының үлесін алу есебімен. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша іс жүзінде дәлелденген мұнай мен газ қорлары 701,1 млн. тонна мен 69,3 млрд.кубометрді құрады. 3-кестеде компанияның коммерциялық мәліметтері келтірілген. 

Кестеден көріп отырғанымыздай, дағдарысқа байланысты табыстың өсу  қарқыны, компания шығындарының өсу  қарқынынан төмен. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда  компанияның табысы 80,9%-ға өскен, ал сол кезең аралығында шығындар 128,2%-ға өскен. Мұндай жағдай кейбір компаниялардың өз міндеттемелері бойынша төлей алмағандығынан. 2008 жылы пайда көлемі де 2007 жылдың деңгейінде қалған. Серіктестердің төлем төлемеуі табыс пен пайдада байқалып отыр, бірақ та осы кезеңде компания жақсы өндірістік көрсеткіштерге ие (4-кесте). Сонымен қатар, мұнай өндіру үш жылда 40,1%, газ өндіру 17,4%, мұнай тасымалдау 40,1%, мұнай өңдеу 175,4% өскен.

кесте - 4

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ негізгі өндірістік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

 

2006ж.

 

2007ж.

 

2008ж.

Өсу қарқыны 2008ж. 2006ж., %

Мұнай мен конденсат  өндіру, мың тонна

12886

16690

18051

140,1

Газ өндіру,

млн. куб. метр

3224

3532

3786

117,4

Мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау, млн. тонна

42,9

50,8

60,1

140,1

Газ құбырлары арқылы газ тасымалдау,

млрд. куб. метр

121,9

114,2

116,4

95,5

Мұнай өңдеу,

мың тонна

3746

4712

10316

275,4

Ескерту – Автормен құрастырылған


Стратегиялық контроллинг  құралнамасын қолданудың келесі мысалын  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ даму стратегиясы  арқылы көрсетуге болады. Акционерлік қоғам мұнай өндіруші кәсіпорындарда операциондық бақылау жүргізеді.

Көмірсутек өндірісінің  шикізаттық қоры екі өндіруші компанияда шоғырланған, бұл кен орындары өндіріс  деңгейі мен өнім қоры бойынша  қатты ерекшеленеді.  Кен орындарындағы  қабат қысымы су толтыру жолымен сақталады, ұңғымалар дебитін қабаттарға механикалық, электрикалық және химиялық әсер ету жолымен жоғарылатады. Өндірістік бағдарламаларға сәйкес, еншілес кәсіпорындарда мұнай өндірудің келесідей көлемдері жоспарланып отыр:

кесте - 5

2009-2015жж. жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өндіру болжамы (мың тенге)

Кәсіпорын

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Барлығы

ЕМГ

2820

2800

2780

2750

2700

2650

2560

19060

ӨМГ

5883

5671

5467

5270

5080

4907

4740

37018

Барлығы

8703

8471

8247

8020

7780

7557

7300

56078

Ескерту – Автормен құрастырылған, әдебиет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: 2020 жылға дейінгі стратегия және 2003-2008 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. – Астана: ҚМГ, 2003. – 25 б.


 

Барлау бұрғылауы көбіне «Ембімұнайгаз» АҚ-да шектелген көлемде жүргізіледі. Минералды-шикізаттық қор өндірісі бойынша жоспарланған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде келесідей қор өсімі күтілуде:

кесте - 6

2009-2014 жж. жағдай бойынша  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қор өсімінің  болжамы

Кәсіпорын

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Барлығы

ЕМГ

6150

7220

7510

5360

4520

2562

33 322

ӨМГ

1000

1300

1600

-

-

-

3 900

Барлығы

7150

8520

9110

5360

4520

2562

37 222

 

Өндірістің өзіндік  құнының ағымдық деңгейі (өндірістік, әкімшілік және жалпы шаруашылық шығындар) әр түрлі баға өзгерісі жағдайларында тасымалдау тарифтері мен қазіргі салық салу деңгейінің өсу тенденциясын ескере отырып, өндіруші компаниялардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өндірістің өзіндік құнын төмендету даму жобаларын қаржыландырудың қосымша көздерін қамтамасыз ете алады.

2002 жылы Антимонополиялық  комитеттің шешімімен бюджеттің  кіріс бөлігіне мемлекеттік тәртіпті  бұзғаны үшін және монополиямен  айналысып, антимонополиялық заң  бағаларын бұзғаны үшін төленген  айыппұл 115422595,7 теңге, оның 63032352,6 теңгесі бюджетке түсті. Бұны ұлғайту үшін заңға өзгерістер енгізу керек. «Сауда құралдарын жасау зауыты» мен жеке «Азап» кәсіпорындары электр энергиясын аз беріп және жоғары бағамен сатқанына байланысты комитет антимонополиялық заңды қолдана отырып, олардың іс-әрекетін қарап, оларға тоқтатылған өндіріс, экономикалық шығындар, жұмыскерлердің төленбеген жалақысын қайтаруды бұйырды. Ал «ЗапКаз энерго» кәсіпорыны электрэнергиясын  заңда көрсетілген тарифтерден жоғары бағамен сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық заңды бұзу «Қазақстан әуе жолы» компаниясында кездесті. Онда шетелдік азаматтарға әуе билеттері қазақстандықтарға қарағанда бірнеше есе жоғарылатып сатылған. Қазақстан Республикасындағы ең үлкен монополиялық қылмыс 1999жылдың наурыз айында болды. Ашық акционерлік қоғам Қазақстан Республикасында «Жастық тепло энерго» 1997 жылы антимонополиялық комитетке келіп түскен. Көптеген жерлерде кездескен үлкен қылмыс орын алды. Ол мемлекеттік мекемелердің өз қызметтері үшін көп көлемдегі ақша алуы болды. Сонымен бірге «Аптеба» кәсіпорнының тарифтерін көтеріп, салық жасырын, заңсыз 5252724,3 тенге табыс түсіргендігі анықталды. Ірі момнополиялық кәсіпорындарға жататын «KEGOC»,  «Қазақтелеком» және «Қазақойл» компаниялары өздерінің айналыс операциялары туралы міндетті есеп береді. Олар еңбекақы мен амортизациялық төлемдерге жұмсалатын шығындар мөлшерін ұлғайтып, құжаттарда нақты мәліметтерді дұрыс көрсетпегендіктен қызмет көрсетілімдеріне бағаны жоғарылатады. Антимонополиялық заңдар мен арнайы комитет болуына қарамастан қазіргі кезде көптеген қылмыстар жасалып жатыр.

2004 жылғы «Табиғи  монополия және бәсекелестікті  қорғау» агенттілігінің есебінде 18 млрд. тенге монополиялық кәсіпорындар  мен ірі фирмалардан заңсыз  түрде табыс түсірген. Агенттілік  басшылары мұндай жағдайда: «Кәсіпкерлердің  заңды білмеуімен, әдейі жасауымен» түсіндірді. 2003 жылы агенттілік жетілген бәсекелестікті қалыптастыруда 240 шаруашылық субъектілерінің қаржылық есебі мен халықаралық стандарттағы бухгалтерлік есеп мәліметтерін қарастырды. Қазақстанда монополияны әлсіретумен байланысты соттық реформа жетіліп жатыр. 2004 жылы ірі кәсіпорындар 169 соттық анықталуда болып, 12 шағымдық өтініштер қаралды. Оның енуі агенттілік жағына шешілді. Бірақ, Қазақстанда тек монополиялық қылмыс ғана емес, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық та көбейіп барады. 2003 жылы 900 әкімшілік құқық бұзушылық болса, 2004 жылы олардың саны 1200-ден асады. Әсіресе көбейіп отырған жетілмеген бәсекелестікті дамыту әрекеті энергетикалық сектор, телекоммуникация, теміржол сияқты ірі кәсіпорындар да кездесіп отыр. Осындай ерекше сенімдерге байланысты «Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау туралы» агенттілік 40-тан астам арнайы нормативті құқықтық актілерді дайындады. Орта мерзімді тарифтерге көшу монополияның бәсекелестікті болдырмау үшін қолданылатын әдіс. Энергетикалық өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың технологиялық мәлімет базасын құру, өңдеуді автоматтандыру жетілген бәсекелестікті қалыптастырып, оны дамыту, сол арқылы тарифтер мен бағалардың жоғарылауын (мемлекет бекіткен жоғарғы шегінен әрі қарай), ұсыныстың көлемдік азаюын болдырмау.  

Информация о работе Монополия және олигаполия