Монополия және олигаполия

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 12:30, курсовая работа

Описание работы

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.

Содержание

КІРІСПЕ 6
I МОНОПОЛИЯ МӘНІ, ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 8
1.1 Монополия түрлері 10
1.2 Монополистің өнім көлемін белгілеуі 17
1.3 Нарықты монополиялаудың белгілері 19
II Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу 20
2.1 Монополияға қарсы заңдардың жүзеге асырылуы 20
2.2 Монополияға қарсы саясат 21
2.3 Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай 23
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ГЛОСАРИЙ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 186.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ                                                                                                                      6     

 

 

I МОНОПОЛИЯ МӘНІ, ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ                                           8

1.1 Монополия түрлері                                                                                             10      

1.2 Монополистің өнім көлемін белгілеуі                                                                17  

1.3 Нарықты монополиялаудың белгілері                                                               19  

 

 

II Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу                                        20

2.1 Монополияға қарсы заңдардың  жүзеге асырылуы                                            20  

2.2 Монополияға қарсы саясат                                                                                  21  

2.3 Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай                                   23   

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                          29

 

 

ГЛОСАРИЙ                                                                                                                 30

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                                31  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн  қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнің тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де.  Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:

  • табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;
  • монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;
  • мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;
  • сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.

Табиғи монополия  субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.

Нарықтық  қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы” заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.

 

 

 

Менің курстық жұмысымда мен оның бірінші бөлімінде монополияның мәні, пайда болу себептері және тарихы, монополияның түрлері, өнім көлемін белгілеуі туралы, екінші бөлімінде, монополияға қарсы заңдар мен монополияға қарсы саясат, экономиканы реттеу, Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдайы туралы жаздым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I МОНОПОЛИЯНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

 

 

  Монополия  (грек тілінде – moons – жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстемділікке жеткен кезде пайда болады.

Монополия –  нарықтық құрылым, онда салаға іс–жүзіне  кіре алмайтын тосқауылдар бар, мұнда  тек бір ғана ірі өндіруші – фирма болады.

    Монополияның  мақсаты – нарықта баға мен  өндіріс көлемін бақылау арқылы  мүмкін болатын жоғары табыс  алу. Мақсатқа жету құралы етіп  орташадан жоғары пайданы қамтамасыз  ететін монополиялық баға құрылымын  ұсынады. 

   Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылық:

а) Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ – ХlХ ғасырлар арасы.

б) Монополистiк капитализмi, бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақыт iшiнде.

Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезең түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.

Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.

Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (мәшиненiң тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.

Мәшинелендiрiлген өндiрiс. ХҮІІІ ғасырдың соңында, ХlХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi мәшинелер келедi.

Кәсiпорындарда ендi, қарапайым болмаса, қиын мәшинелер адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.

Мәшинелендiрiлген өндiрiс - техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХlХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада (будың орнына электрқуаты), мәшине жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш, мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнеркәсiпте төңкерiс болды.

Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге (империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.

Монополизм – жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.

Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта  үстемдiгiн, өздерiнiң үстемдi билiгiн жүргiз бастады, өйткенi  iрi кәсiпорындары өнiм өндiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауарды өндiретiн және оны сататын тек бiр болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал  өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәсекелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi, мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындар. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған.

 

 

1.1 Монополия түрлері

Монополияның  түрлерi.  Тарихи кезеңде әр елдiң  экономикасына монополияның әр түрлерi құрылды:

а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын  өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң  ие болып пайдалануы. Мысалы, жер  қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен, электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай  өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын, нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.

Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.

б) жасанды  монополия – бiреулердiң қолында  белгiлi бір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ, тұрақты және жалпыға бiрдей болуы мүмкiн.

Кездейсоқ монополия  сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады, ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсекелестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.

Тұрақты монополия  болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды өткiзу нарығын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост–Инд», Германияның   «Ганза» компаниялары.

ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар, трестер, концерндер, конгломераттар.

Картель –  бұл өнеркәсiптiң бұл саласындағы  бiрнеше кәсiпорындарының одағы. Бұған  қатысушылар құрал- жабдыққа және өнiмге  өздерi ие, өздерiнiң меншiгiнде болады. Өнiмдi нарықта өздерi өткiзедi, сатады, бiрақ жалпы өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын нарығы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады.

Синдикат  – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын  бiрнеше кәсiпорындардың бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр қайсысының  өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ сауда кәсiпорыны ұйымдастырылып,  тауарды сол сатады.

Трест – бұл монополияда құрал–жабдық, дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады

Концерн –  бұл сөз жүзiнде бiрiне – бiр  тәуелсiз кәсiпорындардың және банктердiң  одағы (өнеркәсiп, сауда,көлiк). Мұнда  бас фирма басқаларына қаржылық бақылау жүргiзедi.

Конгломерат – қаржы орталығы бір, бірақ, жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.

Жалпыға бiрдей монополия формасы осы ХХ ғасырдың екiншi жартысында пайда болды. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң  бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және  сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң  көмегiмен құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi монополия болады. (әскери - өнеркөсiп кешенi).

Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып  алушының  нарығы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын  қолдау саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн  мемлекет өзi сатып алады.

Екi жақты  монополия – белгiлi бiр нарықта  тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.

Капиталистiк  экономиканы монополияндыру өндiрiстiк  ғылыми – техникалық  прогресстiң  ықпалымен шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ, кейiнгi уақытта ғылыми - техникалық революция басқа да үрдiс (тенденция) тудырды – ол шағын және орташа техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың рөлiн жоғарылату.

Дамыған елдерде  шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа кәсiпорындар құрайды. Америка Құрама Штатында «Шағын бизнесті»  ұлттық өнiмнiң жартысына жақынын өндiредi. Жаңа технология мұнда өндiрiсте тез және көп енгiзiледi және қолданылады. Қазақстан Республикасында да қазiргi уақытта шағын және орташа кәсiпорын құруға молынан мүмкiншiлiк берiлiп отыр.

Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, жетілмеген бәсеке деп – еркін бәсеке шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты атайды. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия бәсеке; б) олигополия; в) таза монополия (өнiмдi  дифференциялау).

Монополиялық  бәсеке кезінде нарықта сатушылар  мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ, жаңа құбылыс – өнімнің  саралануы, пайда болады яғни, өнімнің  даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.

Олигополиялық бәсеке дегеніміз– бірнеше фирма  үстемдік ететін нарық (грек тілінде – moons – жалғыз, polio – сатамын). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы  сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Олигополиялық бәсекелік жүріс–тұрыстың модельдерін  пайдалануға мүмкіндік береді, яғни, олигополистер бір–бірімен келісімге  келуге, олар бәсекелестердің жүріс–тұрысын  алдын–ала білуге тырысады, сөйтіп қандай да болса бір экономикалық қауымдастыққа мүше болып кіреді.

Информация о работе Монополия және олигаполия