Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:04, курсовая работа
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
. Монополия мәні, пайда болу себептері.....................................4
1.2. Монополия түрлері....................................................................6
1.3. Монополистің өнім көлемін белгілеуі......................................13
1.4. Нарықты монополиялаудың белгілері....................................16
2.1. Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу..........16
2.2. Монополияға қарсы саясат......................................................18
2.3. Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай.........20
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................27
Бірақ, баға бәсекесі мүлдем болмайды деген сөз емес. Ол көбінесе, жасырын түрде болады, яғни өнім нарық құжаттарында жарияланған бағалардан біршама төмен бағамен өткізіледі.
Монополистік бәсекеде өнімнің сапасын арттырудың, сатып алушыларға кепілдіктер беріп, қызмет көрсетудің маңызы арта түсуде. Бұл ғылыми – техникалық прогресспен объективті түрде байланысты. Оның іс - қарқыны олардың бәсекелік қабілетінің шешуші шарты.
Әр алуан жаңалықтар енгізу бәсекелік күресте аса күшті қару болып отыр.
Бәсекелеліктің түрлері.
Монополистік шаруашылықтағы бәсекенің мәні - монополдық үстемеден жоғары пайда түсіру. Монополиялардың өзара бәсекелестіктің түрлері бірнеше: қарсыласушыны шикізатсыз өткізетін нарықсыз, несиесіз қалдыру. Қарсыласушы жұтағанша бағаны төмендету, сосын қайтадан көтеру. Бәсекелесушінің кәсіпорынын өртеп жіберу, мамандарды өзіне тарту, қаржыдан жайсыздандыру, үкімет тапсырмасы үшін күрес тағы басқа.
Монополия экономикалық
Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей алады және өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра алады.
Монополиялық баға дегеніміз - монополияның жеке дара немесе көбінде басқа концерндермен мәмілесіп қоятын бағасы. Әдетте, бұл бағалар тауардың нақтылы құнынан да және өндіріс бағаларынан да жоғары болып келеді, ал қоғамдық құнынан төмен болады.
Монополиялық баға екі түрде болады.
Біріншісі – монополиялық жоғары
баға. Бұл жоғарғы бағамен
Екіншісі – монополиялық төменгі
баға. Бұл тауарларды өндіруге қажетті
материалдардың, шикізаттың, бөлшектердің
бағасы. Оны сатушылар шағын
Монополиялық бағалар
Монополиялардың өздері сатып алатын тауарлардың (бөлшектер, шикізат, материалдар) бағасы, әдетте, монополиялық төмен бағалар болады. Бірақ мұның да шегі бар. Ол мұндай тауарларды сататын шағын кәсіпорындардың капиталдардың ұдайы өндірілуі қамтамасыз етіліп тұруы қажет, яғни бұдан төмен болмауы керек. Алайда монополиялық бағалар да өзгереді. Оның негізі- тауар құнының өзгеруі.
Монополдық пайда – ол монополдық
жоғары бағамен тауардың құнының (болмаса
тепе-тең баға) айырмасы. Мұнда сатып
алушылар өзінің әдеттегі табысының
бір бөлігін монополияның пайдасына
жібереді. Оның негізі – жолдама
жұмысшылардың еңбегімен
Монополдық жоғарғы пайданың жолдары:
Монополияның әлеуметтік-
Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:
P=P(Q)
Монополист өндірушінің
π = TR–TC = p(Q)xQ – TC(Q)
Енді Пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:
dπ/dQ = dTR/dQ – dTC/dQ = MR – MC = 0
немесе MC = MR.
Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (MC) шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
Өндірушінің жалпы түсімі TR = P(Q)·Q формуласы бойынша анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:
MR = dTR/dQ = dP/dQ ∙Q + P = P∙ [dP/P ∙ Q/dQ + 1] (3)
Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі:
E = dQ/dP ∙ PQ немесе 1/E = dP/dQ ∙ QP (4)
Және оны (3) формулаға қойып, есептеу арқылы шекті түсімді MR=P∙(1/E+1) табамыз.
Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады:
P ∙ (1/E+1) = MR
Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициенті E < 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда жоғары болады, яғни P > MC. Монополиялық нарықта P = MC теңдігі E = 0 болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда P > MC. Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі өзгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипаттайтын кесте құрамыз:
Сұраныс икемділігі, Е |
Шекті түсім, MR |
Жалпы түсім, TR |
1. Икемді сұраныс -∞<E<-1 2. Сұраныстың бірлік икемділігі E=-1 3. Икемсіз сұраныс -1<E<0 |
MR > 0
MR = 0
MR < 0 |
TR өседі
TR ең жоғары деңгейге жетеді
TR төмендейді |
Монополист барынша көп пайдаға MC = MR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни
MR > 0 немесе P (1+1/Ep) > 0.
Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни
-∞<E<-1.
Монополистің өніміне деген сұраныс икемсіз болған жағдайда, MC = MR теңдігі кез келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монополист өндіруші өнім шығару және оны сату көлемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте түседі.
Енді, монополистің ұтымды өндіріс көлеміне қатысты шешімін анықтаймыз. Тапсырманың берілуінде екі белгісіз шама – баға мен өнім көлемі бар екенін ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша көбейту есебінің шешуі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, шығарылатын өнімнің ұтымды көлемі (Qm), ал екінші кезеңде тауардың монополиялық нарық бағасы (Pm) анықталады.
Нарықты монополиялаудың белгілері
Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі.
Олар мыналар:
1) бір фирманың қолында
нарықтың үлкен бөлігінің
2) ірі фирмалардың
Мемлекет өндірістің шоғырлану
деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке
жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен
қамтылғандар саны және капитал мөлшері.
Монополияға қарсы
Ihh = (x1)² + (x2)² +...+ (xn)²,
Мұнда, xi - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.
Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу
АҚШ – тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
1950 жылы Клейтон заңына Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көнбей бірігуіне кедергі қойылса, Селлер – Кефовер түзетуді тікелей бірігуді шектейді.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алды. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден «парасаттылық принципін» ұстау. Өйткені көп жағдайларды трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан «Парасаттылық принципі» бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің ( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э.Чемберлиннің, Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана «жазалау» емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың нарықтағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынандай: бір кәсіпорын үшін – 33%, үшеуі үшін – 50%, бесеуі үшін – 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар «Үлкен бизнестің» ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша дегенмен рыноктың экономикадағы монополистік тенденцияларды шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
Монополияға қарсы саясат