Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:04, курсовая работа
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
. Монополия мәні, пайда болу себептері.....................................4
1.2. Монополия түрлері....................................................................6
1.3. Монополистің өнім көлемін белгілеуі......................................13
1.4. Нарықты монополиялаудың белгілері....................................16
2.1. Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу..........16
2.2. Монополияға қарсы саясат......................................................18
2.3. Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай.........20
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................27
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………………………………………………………
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.2. Монополия түрлері.............
1.3. Монополистің өнім
көлемін белгілеуі.............
1.4. Нарықты монополиялаудың
белгілері.....................
2.1. Монополияға қарсы
заңдар және экономиканы
2.2. Монополияға қарсы саясат........................
2.3. Қазақстан республикасындағы монополиялық жағдай.........20
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кiрiспе
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнің тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:
Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.
Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы” заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.
Монополияның мәні және пайда болу себептері
Монополия (грек тілінде – moons – жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстемділікке жеткен кезде пайда болады.
Монополия – нарықтық құрылым, онда салаға іс–жүзіне кіре алмайтын тосқауылдар бар, мұнда тек бір ғана ірі өндіруші – фирма болады.
Монополияның
мақсаты – нарықта баға мен
өндіріс көлемін бақылау
Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылық:
а) Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ – ХlХ ғасырлар арасы.
б) Монополистiк капитализмi, бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақыт iшiнде.
Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезең түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.
Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.
Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (мәшиненiң тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
Мәшинелендiрiлген өндiрiс. ХҮІІІ ғасырдың соңында, ХlХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi мәшинелер келедi.
Кәсiпорындарда ендi, қарапайым болмаса, қиын мәшинелер адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.
Мәшинелендiрiлген өндiрiс - техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХlХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада (будың орнына электрқуаты), мәшине жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш, мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнеркәсiпте төңкерiс болды.
Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге (империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.
Монополизм – жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта үстемдiгiн, өздерiнiң үстемдi билiгiн жүргiз бастады, өйткенi iрi кәсiпорындары өнiм өндiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауарды өндiретiн және оны сататын тек бiр болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәсекелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi, мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындар. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған.
Монополия түрлері
Монополияның түрлерi. Тарихи кезеңде
әр елдiң экономикасына
а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен, электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын, нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.
Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.
б) жасанды монополия –
Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады, ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсекелестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.
Тұрақты монополия болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды өткiзу нарығын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост–Инд», Германияның «Ганза» компаниялары.
ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар, трестер, концерндер, конгломераттар.
Картель – бұл өнеркәсiптiң бұл
саласындағы бiрнеше
Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм
шығаратын бiрнеше
Трест – бұл монополияда құрал–жабдық, дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады
Концерн – бұл сөз жүзiнде
бiрiне – бiр тәуелсiз
Конгломерат – қаржы орталығы бір, бірақ, жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Жалпыға бiрдей монополия формасы осы ХХ ғасырдың екiншi жартысында пайда болды. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң көмегiмен құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi монополия болады. (әскери - өнеркөсiп кешенi).
Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып алушының нарығы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын қолдау саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн мемлекет өзi сатып алады.
Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.
Капиталистiк экономиканы
Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, жетілмеген бәсеке деп – еркін бәсеке шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты атайды. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия бәсеке; б) олигополия; в) таза монополия (өнiмдi дифференциялау).
Монополиялық бәсеке кезінде нарықта
сатушылар мен сатып
Олигополиялық бәсеке дегеніміз– бірнеше фирма үстемдік ететін нарық (грек тілінде – moons – жалғыз, polio – сатамын). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.
Олигополиялық бәсекелік жүріс–тұрыстың
модельдерін пайдалануға
Олигополияға қарама–қайшы құбылыс олигопсония болып табылады. Ол нарықта бірнеше сатушының емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады, яғни, тұтынушылар нарығының монополиясы белең алады.
Таза монополия нарықта
Жалпы бұрынғы бытыраңқы, еркiн бәсекенiң орнына жекелеген салалардың, ұлттық шаруашылықтың шеңберiнде және бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық көлемiнде монополиялардың арасындағы бәсекелiк орналасады. Оның негiзгi мақсаты – басқаларға қарағанда пайданы көбiрек табу.
Қазiргi уақытта бәсеке күресi дүниежүзiлiк нарықта айрықша шиеленесуде. Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмді бәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi төмен баға қою арқылы бағаны түсiрiп, оны нарықтан ағыстыру. Бұл монополизм уақытында сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып, не көбейтiп амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде артады.