Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:51, реферат
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.
I Кіріспе
Меншікті капитал
II Негізгі бөлім
а) Капитал туралы түсінік
ә) Жарғылық капиталдың есебі
б) Резервтік капиталдың есебі
в) Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
III Қорытынды
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Үйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:
• «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;
• «Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитіне жазылады.
Мысалы:
• есеп беретін жылғы шарушылық субъектісінің шеккен қорытынды зиянының сомасына:
Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты;
К-т: «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
¥йым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:
Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты;
К-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе
«Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
* Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлеген сомасына:
Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты;
К-т: «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу»;
«Орындалатын жріыстар мен көрсетілетін қызметгер ұшін алынған аванс» және тағы да басқа шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
• Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивидендтерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:
Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты;
К-т: «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты түрІнде бухгалтерлік жазу жазылады.
Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандай да бір кәсіпорынның қүрылғаннан бастап жұмсалмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленгел жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельдігінің төмен екендігін көрсетеді. Бүндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.
Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші «кірістер» және сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші «кірістер» деп аталатын бөлім шоттары дебиттелініп, «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот кредиттелінеді. Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте «жиынтық кіріс (зилн)» деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының корытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.
Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында
«Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот дебиттелініп,
«Жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот кредиттелінеді.
Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:
«Жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот дебиттелініп,
«Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттелінеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) шоты бойынша жүргізілетін операциялар
| Операциялар мазмұны | Дебитте-летін шот | Кредиттелетін шот | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
I | Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысыңда белгі-ленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома | 561 | 551 | |||
2 | КәсІпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома | 561 | 552 | |||
3 | Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі немесе алдынғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы | 551,552 | 561, 562 | |||
4 | Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табысы сомасы | 571 | 561 | |||
5 | Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы | 561 | 571 | |||
6 | Ағымдағьі жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы | 551,552 | 561 | |||
7 | НегізгІ құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының кайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылғаны. | 541 | 561 | |||
8 | Өткен жылғы акционерлерге дивиденд төлегеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдын белінбеген табысына аударылды | 561 | 562 | |||
9 | Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы | 551, 552 | 562 | |||
10 | Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтелуге қалдырылды | 562 | 561 | |||
11 | Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдердІ (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивиденд түрінде алған табыстарының сомасына | 701, 721-727, 862-864, 871 | 571 | |||
12 | Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдык емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына | 571 | 711-713, 801,811, 821, 831, 841-845, 851,871 |