Меншіктік капитал есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:51, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.

Содержание

I Кіріспе
Меншікті капитал

II Негізгі бөлім
а) Капитал туралы түсінік
ә) Жарғылық капиталдың есебі
б) Резервтік капиталдың есебі
в) Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

III Қорытынды

Работа содержит 1 файл

69.doc

— 136.00 Кб (Скачать)


 

 

 

Жоспар

 

 

I    Кіріспе

       Меншікті капитал

 

II  Негізгі бөлім

      а) Капитал туралы түсінік

       ә) Жарғылық капиталдың есебі

       б) Резервтік капиталдың есебі

       в) Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

    

III Қорытынды

     

 

 

 

Меншікті капиталдың есебі

 

Капитал туралы түсінік

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы үйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебІн жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен қүрылымы бухгалтерлік баланстың актісінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы

¥йымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі қүралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан,  аяқталмаған қүрылыстан құралады.  Жалпы

айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. ¥йымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

•   жарғылық капитал;

•  резервтік капитал;

•   бөлінбеген пайда.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және үзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай үйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік    кооператив    мүшелерінің    мүлік    жарналары.

Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.  Оның мөлшері құрылтайшылық

күжаттарға  тиісті өзгерістер   енгізілгеннен  кейін  ғана  өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) қүнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал — кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтың, сақтаулы) капитал — келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жүмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

 

 

Жарғылық капиталдың есебі

 

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондайақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген үйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші түлғаға сатуға үсыныс жасауына құқы бар.

Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:

•   «Жай акциялар»;

•   «Артықшылығы бар акциялар»;

•   «Салымдар мен жарналар»

деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондайақ қосымша әмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін әсіргенде немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасына:

Д-т: «Төленбеген капитал» шоты;

К-т: «Жай акциялар» немесе

«Артықшылығы бар акциялар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:

Д-т:   «Ақшалар» шоты;

К-т:   «Теленбеген капитал» шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:

•   «Ел ішіндегі валюталык шоттардағы ақшалар»;

•   «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар»;

•   «Есеп айырысу шотындағы ақшалар»;

•  «Кассадағы үлттық валюта түріндегі ақшалар»;

•   «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар» деп аталатын шоттарының тиістілері дебиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «Материалдық емес активтер», «Негізгі кұралдар», «Материалдық қүндылықтар» және тағы да басқа түрде салатын болса:

Д-т:   «Материалдық емес активтер»;

«Негізгі құралдар»;

«Материалдық қүндылықтар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;

К-т: «Төленбеген капитал» деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Сондайақ серікгестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:

Д-т: «Материалдық емес активтер»;

«Негізгі құралдар»;

«Материалдық құңдылықгар»;

«Ақшалар» және тағы да басқа шоттардың тиістІсі.

К-т: «Салымдар мен жарналар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.

«Қайтарылып алынған капитал» деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:

Д-т:   «Қайтарылып алынған капитал» шоты;

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.

Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:

Д-т: «Қарапайым акциялар» немесе

«Артықшылығы бар акциялар» шоттарының тиістісі,

К-т: «Қайтарылып алынған капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда «Қосымша төленген капитал» деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал «Қосымша төленбеген капитал» деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның «негізгі кұралдарын», инвестицияларын, сондайақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:

Д-т: «Ақшалар» шоты;

К-т: «Қосымша төленген капитал» шоты түрІнде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:

Д-т: «Қайтарылып алынған капитал» шоты;

К-т: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:

Д-т:   «Негізгі құралдар»;

«Материалды құндылықтар»;

«Инвестициялар» және тағы да басқа шоттардың тиістісІ.

К-т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал»;

«Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал»;

«Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоттарының тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Сонымен қатар:

•   негізгі   құралдарды   қайта   бағалау   кезінде   өскен   тозу сомасына:

Д-т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты;

К-т: «Негізгі құралдардың тозуы» шоты түрінде;

•   негізгі    құралдардың   пайдаланылуына   қарай    олардың қосымша бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде белінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:

Д-т: «Негізгі құралдарды кайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты түрінде;

•   негізгІ   қүралдардың   бүрынғы   қайта   бағалау   кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның қүнының азаю сомасына:

Д-т: «Негізгі қүралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты;

К-т: «Негізгі қүралдар» шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.

«Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша шаруашылық субъектІнің бухгалтерлік есебінде:

•   қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде иивестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:

Д-т: «Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты;

К-т: «Қаржылық инвестициялар» шоты түрінде;

•   қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:

Д-т: «Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты;

К-т: «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» немесе «Бағалы қағаздарды сатудан алынатын табыс» шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады.

 

Кәсіпорындар мен ұйымдярдағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

 

Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы

511

501, 502

2

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (калыптасуы)

101-106, 121-126,

201-208, 221-224, 421-423, 431,432, 441,451,452

503

3

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорынын акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы

503

101-106, 121-126, 201-208,

221-224, 421-423, 431,432, 441,451,452

4

Кәсіпорынның өзінін акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына

501, 502

521

5

Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды

503

431,432,441, 451, 452

6

Үлес қосушылар мен қүрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық корына қосуға тиісті қарыздары

511

501, 502

7

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі

511

725

8

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрІнде қосуға тиісті қарыздардын теріс курстык (бағамдық) айырмашылықка байланысты кемуі

844

511

9

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде косқан үлес сомаларының келіп түсуі

431,432,441, 451, 452

511

10

Үлес қосушылар мен кұрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы

101-106, 121-126, 201-208,

221-223

511

11

АкционерлІк қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына

521

431,432, 441,451,452

12

Сатылып   алынған   акциялардың   сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының      сатып      алынған уақытында көрсетілуі: -  егер акциялар өзінің атаулы кұнынан төмен бағаға сатылып алынса; -  егер акциялар өзінің атаулы кұнынан жоғары бағаға сатылып алынса

521 561

561 521

13

ӨзінІң атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы

334, 441, 451, 452

531

14

Негізғі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі

122-126

541

15

Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі

541

131-134

16

Негізгі кұралдардың пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны.

541

561

17

Инвесторлардың, серіктестіктердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестіктердІң таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байлаиысты бастапқы инвестиция құны-ның азаюына

542

141-144

18

Кайта бағалаудың нәтижесінде алынған ұзак мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуІ

401-403

542

19

Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі

542

401,402,403

20

¥зақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардын бұрын қайта бағаланған сомасы

542

561 ,723 (8-іпі және 12-ші БЕС сәйкес)

 

Резервтік капиталдың есебі

 

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капитаддағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта калыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінін:

«Заңмен белгіленген резервтік капитал», «Басқадай резервтік капитал»

деп аталатын шоттарда есептеледі.

Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:

Д-т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты;

К-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе

«Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.

Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:

Д-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе

«Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі;

К-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;

«Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)»;

«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта кұрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейІн қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.

 

Кәсіпорындар мен үйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасынын калыптасуы

561

551

2

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының калыптасуы

561

552

3

Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы

551, 552

621,622,687

4

Кәсіпорыының есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

551, 552

561,562

5

Ағымдагы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

551, 552

561

6

Өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

562

7

Акционерлердің қабылдаған каулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома

552

501, 502, 503

Информация о работе Меншіктік капитал есебі