11.Қалдықты сипат
құқығы, яғни процедура мен институттардың
өмір сүру құқығы , бұзылған құқық
шараларын қалпына келтіруді
қамтамасыз ету;
Айтылғандардан
мынадай қорытынды шығаруға болады:
меншіктің экономикалық
және құқықтық мазмұны өзара
байланысты, олардың арасында бір
сөзбен айтқанда “тамырлар қатынасының
заңы ” әрекет етеді .Осы
тұрғыдан алғанда меншік бір
мезгілде әрі экономика, әрі
заң категориясына жатады.Осы
бірлікте анықтаушы рөлді меншіктің
экономикалық жағы атқарады. Егер,
меншік экономикалық форманы
қабылдамайтын
болса, яғни
өндірісте пайдаланбаса, иесіне
табыс келтірмесе , ол “заңдылық,
функциялық” түрде қалады.
Меншіктің экономикалық
тұрғыдан дами алуы өндірістік
қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда
алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік
қызмет арқылы жүзеге асады.
Меншік тарихи
категория. Яғни, меншік
қашанда белгілі
бір тарихи қалыптасқан формаларда
пайда болып дамиды. Нақты бір
өндіріс тәсіліне тән өндірістік
қатынастар сипатына сәйкес, айрықша
қасиеттеріне ие меншіктің тарихи
типтері ажыратылып жүр.
Адамзат қоғамының
тарихи дамуы барысында құрал
жабдық меншіктерінің әр түрлі
формалары белгілі. Алдымен олардың
біріне бірі қарсы : жалпы және
жеке меншік деп аталатын 2 формасы
бар.
Жалпы меншік
ұжым ретінде бірлескен адамдарға
берілген құрал жабдықтар, яғни
бұл олардың барлығына ортақ
меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік
әр түрлі қоғамдарға тән. Ол
рулық қоғамның даму кезеңінде
алғашқы қауымдық меншік,
Отбасы меншігі
деп бөлінгені белгілі.
Меншіктің басты
формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның
меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік
кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек
ұжымының меншігіне көшкен, жалға
алынған мүлікті сатып алған
немесе заңда көзделген басқа
да тәсілдер арқылы ие болған
мүлік жағдайында пайда болады.
Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның
мүлкі, оның ішінде өндірілген
өнім, алынған табыс олардың ортақ
игілігі болып табылады.
Ұжымдық меншіктің
: кооперативтік меншік, шаруашылық
қоғамы мен серіктестіктердің,
акционерлік қоғамның, шаруашылық
ассоцияцияларының
бірлестіктерінің
/, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың
және діни ұйымдарының меншіктері
деп аталатын бірнеше түрі
болады.
Жеке меншік
жеке адамдарының өндірістің
заттық факторларына және оның
нәтижесіне өз меншігі ретінде
қарауы. Оның өз еңбегіне және
өзгенің еңбегіне негізделген
екі түрі бар.
Өз еңбегіне
негізделген жеке меншіктің субъектілері
жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер
және басқа адамдар. Бұлар өз
еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір
жағынан, өз меншігінің иесі, екінші
жағынан, тікелей жұмыскер болып
табылады.
Өзге адамның
еңбегіне негізделген жеке меншік
өзгенің еңбегі есебінен баюға
бейімделеді. Сөйтіп, негізгі өндіріс
құрал жабдықтары аздаған адамдардың
қолына түседі де, қоғамның басқа
мүшелері бұл игіліктерден сырт
қалады. Міне, тап осы жағдайда
теңсіздік пайда болады: қоғам
топтарға /қоғамдық топтарға бөлініп,
олардың бір тобы өндіріс құрал
жабдықтарын иемденсе, басқа топтары
олардан айырылады.
2. Жекешелендіру
баршаға берілген тең мүмкіндік.
Жекшелендіру
нарықтық экономиканың құрамдас
бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы
алып қарайтын болсақ, мемлекеттің
экономикаға араласуын шектеп, өнім
өндірушілердің шаруашылық және
технологиялық бастамасына жол
ашу, жеке сеторларды дамыту
саясатын жүргізу дегенге саяды.Бір
сөзбен айтқанда
экономиканы мемлект
иелігінен алу. Бұл жердегі
басты міндет меншікті әркімге
жеке жеке таратып беру емес,ол
жаңа нағыз меншік иелерін
қалыптастыру,
экономиканың
нарық арналарына көшуін қамтамасыз
ету. Жекешелендіру бағдарламасы
сайып келгенде өндіріс көлемінің
ұлғаюына, материалдық құндылықтардың
молаюына, республиканы мекендейтін
барлық халықтардың әл ауқатының
жақсаруына қол жеткізетін болуға
тиіс.
Елбасының темірдей
ерік жігері мен табандылығы,
оның істің жағдайын божап,
алдын ала жұмыс бастау қабілеті
ғана. Қазақстанда меншіктің ұлан
ғайыр реформасын қысқа мерзімде
жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Еліміздегі ахуал
оңтайлы бола қоймаған 1991жылы
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Жоғарғы Кеңеске “Мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру
туралы ” заңды енгізіп, оның
қабылдануына қол жеткізді.
Жекешелендіру
меншікті мемлекет қарамағынан
алудың бағыттарының бірі, оның
мәні меншікті жеке және заңды
тұлғалардың жеке меншігіне беруде.
Мемлекеттік және муниципалдық
кәсіпорындарды жекешелендіру :
азаматтар мен
акционерлік қоғамдардың мемлекеттен
және жергілікті билік органдарынан
;
кәсіпорындарды
және олардың кәсіпорындар
ретінде бөліп
шығаратын бөлімшелерін;
кәсіпорындардың
материалдық және материалдық
емес активтерін;
акционерлік қоғамдардың
/серіктестіктердің / капиталындағы
мемлекет пен жергілікті билік
органдарының үлестерін / пай,
акциялар /;
Жекешелендірілетін
кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар
капиталындағы үлестерін / пай,
акциялар / меншікке алуын білдіреді
.
Әлемдік тәжірибеде
мемлекеттік меншік пен оның
қызметтерін жеке секторға толық
және жарым жартылай өткізіп
берудің 22 түрлі тәсілі бар.
Жекешелендіру
процесі ұзаққа созылатын процесс.
Ал, Қазақстан Республикасындағыдай,
дәл осындай әсіреқарқынды және
жалпылық жекешелендіруді бұрынғы
социалистік мемлекеттің ешбірі
жүргізген жоқ. Тіпті дамыған
нарықтық экономикасы бар елдердің
өзінде жекешелендіру процесі
жылдам іске аспайды. Мәселен,
Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа
елдерінде 10 – 15 жыл бойы жүрді.
Түркияда жекешелендіру 10 жылдам
астам уақыт жүзеге асырылуда,
Чилиде бұл процесс 1973 жылы
басталып, әлі күнге дейін жалғасуда.
Мексикада, Аргентинада, Бразилияда
және постсоциалистік елдердің
бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа
созылуда.
Қазақстан Республикасындағы
10 жылдағы мемлекет қарамағынан
алу және жекешелендіру процесін
төрт кезеңге бөліп қарауға
болады ; олардың әрқайсысының өз
мақсаттары бар.
Бұл процестердің басы Қазақстанның
егеменді мемлекет ретінде орнығу
кезеңіне тұспа тұс келеді.
1кезең. 1991- 1992 жылдар
аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі
жекешелендіру процесінің негізгі
бағыты мемлекеттік орталықтанған
жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өту үшін жағдай
жасау мақсатында кең ауқымды
реформалау болды. Ол кәсіпорындарды
олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық
немесе акционерлік меншігіне
жеңілдетілген талаптарымен беру
және сауда мен қызмет көрсету
объектілерін сату, соның ішінде
тұрғын үй купондарына сату
жолымен жүргізілді.
Бірінші кезеңнің
іске асуы нәтижесінде 6198 объект
түрлендірілді.Түрлендірілген кәсіпорындардың
ішінде 4160- ы кіші жекешелендіру
(сауда – 1834, қоғамдық тамақтандыру
-535, тұрмыстық қызмет көрсету
– 1596, коммуналды шаруашылық -1950)
құрады және 2038 кәсіпорын өнеркәсіп
құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы
салаларының үлесіне тиді. Жекешелендіру
үрдісі бәрінен де сада және
тұрмыстық қызмет көрсету саласында
белсенді жүргізілді, олардың үлес
салмағы тиісінше жекешелендірілген
кәсіпорындардың жалпы санының
29,6% және 25,8%-ын құрады. Жекешелендірілген
өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі
– 8,8 %, ауыл шаруашылығы – 10,1%,
құрылыс -5% болды. Кәсіпорындардың
23,6%-ы азаматтардың жеке меншігіне
алынды, 8,4%-ын бұрынғы мемлекеттік
кәсіпорындар акционерлендірі 2-кезең
1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең
Қазақстан Республикасы Президентінің
1993 жылғы 5-ші наурыздағы Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасындағы
1993-1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан
алу мен жекешелендірудің “
Ұлттық Бағдарламасына” cәйкес
жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің
екінші кезеңінің негізгі мақсаты
мемлекеттің Республика халқына
ұлттық мүлікті өндіріс объектілері
мен басқа да мемлекетке тиесілі
материалдық және материалдық
емес активтерді өтеусіз және
өтеумен өткізіп беру жолымен
қайтару процесіндегі меншік
құқықтарының дербестенуі негізінде
орталытандырылған –жоспарлы экономикадан
нарықтық экономикаға өтуге қажетті
жағдай жасау болып еді.
Жекешелендірудің
екінші кезеңі кіші жекешелендіру
бағдарламасының аяқталуын, жаппай
жекешелендіру және жеке жобалар
бойынша жекешелендіруді белсенді
іске қосуды көздеді.1995 жылы жеке
жобалар бойынша кәсіпорындарды
жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның
мемлекеттік акциялар пакеті
және мүліктік кешендері өткізілді,соның
ішінде мұнай, газ кешендері
бойынша-21, электр энергетика бойынша
-10,көмір өнеркәсібі бойынша-1 және
т.б.1995 жылы осы кәсіпорындар бойынша
мәмілелер сомасы мемлекеттік
бюджетке 51млрд. теңге әкелді.
Жекешелендірудің
екінші кезеңінің бағдарламасы
институтционалдық реформалардың
негізгі бағыттарын анықтап берді:
«шағын жекешелендіру»,ол
шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық
шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет
көрсететіндердің байқаулары мен
аукциондары арқылы жүзеге асырылады;
Жұмысшылар саны
200-ден 5000-ға дейін жететін орташа
кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық
жекешелендіру купондарына «жаппай
жекешелендіру»;
Жекешелендіру-инвестициялық
купондарын (ЖИК) қолданысқа енгізу
жаппай жекшелендіруге барлық
тұрғындардың қатысуын жеңілдетуі
тиіс еді.Қазақстанның әрбір азаматы
сатуға болмайтын (Ресейдегі сияқты)
және тек инвестициялық жекешелендіру
қорларына салу үшін қолданылатын 100 купоннан
(ауыл тұрғынына 120 купоннан) алды.
Ірі және бірегей
мүлік кешендерін (жұмысшылар саны
5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке
жобалар бойынша жекешелендіру
“Мемлекеттік
ауыл шаруашылық кәсіпорындарын
(совхоздар)жекешелендіру”.
Жекешелендірудің
III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды
және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996 жылғы 2-ақпандағы
№246 Қаулысымен бекітілген. «Қазақстан
Республикасындағы 1996-1998 жылдарға
арналған жекешелендіру мен қайта
құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес
жүзеге асырылды.
Үшінші кезең
Бағдарламасының басты мақсаты
жекешелендіру процесін аяқтау
жолымен Қазақстан Республикасының
экономикасында жеке меншік секторлардың
басымдылығына қол жеткізу және
оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең
мемлекеттік меншіктің тек ақшалай
қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды
және
мыналарды өткізуді
көздейді ;
-мүліктік кешен
ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
-жекешелендірілуі
тұйық технологиялық циклді бұзбайтын
мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның
өндірістік және өндірістік емес
бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
-кәсіпорын мүліктік
, мемлекеттік кәсіпорынды жойған
жағдайда, тек аукционда ғана;
-шаруашылық серіктестіктердің
жарғылық қорларындағы мемлекеттің
акциялары мен үлестерін;
-сондай-ақ мемлекеттің
акциялар пакеті мен үлестерін
сенімдік басқаруға беруді:
-электроэнергетикалық
кешендегі;
-мұнай-газ және
мұнай-химия кешеніндегі;
-металлургиялық
және тау-кен кешеніндегі;
-көлік-коммуникация
кешеніндегі;
-агроөнеркәсіптік
кешендегі;
-әлеуметтік саладағы
секторлық салаларды.
Қазақстан Республикасында
үшінші кезеңде:1997ж-6777,1998ж-3073,1999ж-2318,2000ж-1724,2001ж-1056
кәсіпорын жекешелендірілді.Жекешелендіруден
түскен ақша қаражаттары:1997ж-56,5 млрд
тг,1998ж-67,1 млрд тг,1999ж-36,6 млрд тг,2000ж-22млрд
тг,2001жылдың 1-жартыжылдығында-1,1млрд
тг IVкезең 1999-2000 жылдар аралығын
қамтыды және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999жылғы 1-маусымдағы
№683 қаулысымен бекітілген «1999-2000
жылдарға арналған жекешелендіру
және мемлекеттік мүлікті басқарудың
тиімділігін арттыру Бағдарламасына»
сәйкес жүзеге асырылды.
IV кезең Бағдарламасының
басты мақсаты –жекешелендіру
мен мемлекеттік мүлікті басқарудың
құқықтық негіздерін жетілдіру,есепке
алуды жақсарту,
басқарудың тиімділігін
жоғарылату және мемлекеттік
мүлікті конкурстық және транспаранттық
негізде жекешелендіруді қамтамасыз
ету еді.
Бағдарламаға
сәйкес:
-Мемлекеттік акцияларды
иемдену және пайдалану құқықтары
салалық министрліктер мен ведомостволарға
өткізіп берілді.