Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:24, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлімі
Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
Қорытынды
ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

Работа содержит 1 файл

мем-тік бюд.docx

— 43.96 Кб (Скачать)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімі
    1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
    1. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
    2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
  1. Қорытынды
    1. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     І. Кіріспе

       Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.

         Мемлекеттік бюдет  мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорын жасау  және оны ұдайы   өндіріс пен  қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына  пайдалануға бағытталатын  қаржылық қатынастардың   жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.   Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.  
 
 
 
 
 
 
 

1.1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөл

     Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша  саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары  құрады. Бұл қатынастарға олардың  мемлекет бірден бір қатысушысы болып  табылатын бөлгіштік үдерісте пайда  болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді  канағаттандыруға арналған ақшалай  қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың  бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.

     Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

     Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет аирықшалықты арналымды орындайды - жалпы коғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік үдайы өндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады.

     Қаржылық  қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың ұдайыөндірістік  сипаты бар, әркашан ақшалай нысанда  жүзеге асырылады, мақсатты ақиіалай қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен косарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарга белгілі  бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортак өзгеше белгілердің  шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

  1. мемлекеттен жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  2. құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумактар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
  3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.

     Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін  материалдың- заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің  орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның  нәтижесінде коғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер  мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көріні- сін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен  және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка  әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен  пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты құн  қозғалысының үдерісін білдіреді.

     Экономикалық  қосалқы категория  ретінде мемлекеттік  бюджет мемлекеттің  ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және оны ұлгаймалы  ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді  қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен  қоғамдық өнімнің  құнын бөлу және қайта  бөлу үдерісінде мемлекетпен  қоғамдық өндірістің басқа қатысуиіылары  арасында пайда болатын  ақшалай қатынастарды білдіреді.

     Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары -салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлереттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады;  негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

     Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң). 
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (14.1)

     Қоғамдық  ұдайы өндірісте мемлекеттік  бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік  бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен  ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің  экономикалық аудандары мен аумақтары  арасында бөледі.

     Бүкіл ұлттық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы ретінде бола отырығі, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады. Бюджеттік қаражаттар қорлардық дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде) толық айналымында да, сондай-ак олардың коғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында) толық айналымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсіпорындарда қорлардың уздіксіздігі мен бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналы- мына қосылуына жағдай жасайды. Бюджеттік қаржыландыру материалды0 емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарынын негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуга және денсаулықты сактауға, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруга, ғылымға, мәдениет пен өнерге жумсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік аумактың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдық емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тутыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні