Мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:26, реферат

Описание работы

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды.

Содержание

I.Кіріспе
1.1Мемлекеттік басқару
1.2 Қазіргі заманда қолданылатын үлгілер
1.3Батыс Еуропалық модель
II.Қорытынды
III.Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мелекеттік басқару.doc

— 114.00 Кб (Скачать)

 

 

 

Жоспар:

I.Кіріспе

1.1Мемлекеттік басқару

1.2 Қазіргі заманда  қолданылатын үлгілер

1.3Батыс Еуропалық  модель

II.Қорытынды

III.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекет  деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мемлекеттік қызметтің жалпы түсінігі ретінде  мемлекеттік саясатты әзірлеуді, оны  орындау мен зерделеуді айтуға болады. Сондықтан ол мемлекеттік басқарумен қатар бір уақытта пайда болғандықтан, оларды бір-бірімен тығыз байланыста қарастырамыз.      

    Басқару – кез келген ұйымдық құрылымның мақсатына жетуге, оның қызметін ұйымдастыруға, құрылымын сақтауға ықпал ететін функция. Билік –басқарудың негізгі қажетті шарты, құралы. Басқару функциясын атқарушы өз қарамағындағыларға билік етеді. Оның түпкілікті мақсаты – билік обьектісін өзіне бағындыру емес, керісінше, билік міндеттерді жүзеге асыру тәсілі, құралы ретінде пайдалану. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі деп мемлекеттік  басқару субъектісі мемлекеттік билікке сүйеніп, басқару әрекеттестіктегі қоғамның мұқтаждарын, мүдделерін және мақсаттарын біле қоятын, өз басқару шешімдері мен әрекеттерінде бекітетін және өмірге практикалық өткізетін әлеуметтік элементтердің, процестердің және заңдылықтардың жиынтығы мен логикалық өзара байланысы танылады. Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік басқаруды әлеуметтік толығу механизмі, оның мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы ол керек шарттылыққа, негізділікке және нәтижелілікке ие болады. Осы мағынада әлеуметтік механизм мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен іске асырудың құқықтық, функционалдық және ұйымдастырушылық заңдылықтары мен рәсімдеріне көңіл аудармай ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қозғалыста оның әлеуметтік функциясын, әлеуметтік рөлін және құндылығын әр басқару құбылысына олармен қатар, негізінде және бірлесе айқындалуының қажеттілігін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік басқару

Мелекеттік  басқару - бұл кәсіпорындар мен ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей басқару болып табылады.        

 Мелекеттік басқару процесін  алып қарасақ, онда оның құрылымы  мемлекеттік басқару органдары  біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше  сатылардан тұратынын көреміз:

басқару актілерін әзірлеу;

басқы объектілерін қабылдау;

қабылдаған қаулыларды атқару;

атқарылуына бақылау - қадағалау  жүргізу; 

Біздің  мемлекетімізде, қоғамда жасалып жатқан қызметтердің жүзеге асырылып жатқан іс - қимылдардың бағдар мақсаттары және өздеріне тән салалары болғандықтан олар мемлекет тарапынан, дәлірек айтқанда мемлекет тікелей өкілеттілік берген органдардың жоғарыда аталған еңбек процестерін белгілі бір жүйеленген тәртіпке келтіруден, яғни басқаруларын қажет етеді.   

Сонымен басқару дегеніміз - қоғамдағы қандайда болмасын процестерге ұйымдастырылған түрде әсер ете отырып, оларды қоғам өміріне сай келетін белгілі бір тәртіпке келтіру.   

Басқару болғаннан кейін оның объективті түрдегі элементтері-бсқару субъектілері мен объектілері болады. Егер субъектісі басқару жөніндегі  міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыра отырып, өзінің басшылыққа еркін білдірсе, ал басқару объектісі соған бағынышты болуы тиіс.   

 Бағынышты болу - басқару субъектісінің басқару жөніндегі жарлық-бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жағдайда басқару субъектісіне мемлекет өктем  өкілеттілік береді.     

 Мемлекеттік басқарудың атқару  жағы заңдарды өмірде жүзеге  асыру болып табылады. Бірақ көп  жағдайда бұл атқару жарлық  беру қызметіне де яғни мемлкеттік  басқару органдарының мемелкеттік  мәжбүр ету шараларымен қорғалатын  өктем актілерді шығару кезінеде айқындалады.     

 Мемлекеттік басқару қандай да  болмасын органның, ұйымның, лауазымды адамның, өкмет билігі өкімінің және тағы басқа кімді де болса өз еркіне басғындыру, біреудің әрекетіне жарлық беру, біреуді билік жүргізуші - басқарушы, ал басқаны билік астындағы - басқарушы деп тану жөніндегі құқық деп түсіндіріледі. Мелекет билік аясында атқару билігі ұйымдастырушы- басқарушы және атқару-жарлық беру қызметтерін жүзеге асырады.осы қызметтерді тікелей жүзеге асыруға белгілі бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар еңбек етеді.  [11. 3 б]    

 Мемлекеттік басқару әлеуметтік  биліктің бір бөлігі ретінде  қарастыруға болады. Оған тән  белгілер:

әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;

ол адамдардың арасындағы олардың ұйымдарының өз еріктері мен сана сезімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субъектілірі мен объектілірі арсындағы қатынастары көрсетеді;

бұл өктем ерік білдіру  үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас  болғандықтан субъектінің басқа  адамның еркіне, тәртібіне тигізетін  қабілетімен байланысты болады.

билік әр түрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.     

Мемлекеттік бақаруды қорыта айтқанда, мемлекеттік  ақпаратқа, заңи нормаларға, сендіру  және мәжбүрлеу тетіктеріне арқа сүйейді. Мемлекет оны басқару құралы ретінде пайдаланады.     

Мемлекеттік басқару - мемлкеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі және бұл қызмет түрлері заңдылық тәртіптік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыруы тиіс және байланысты болады.

Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

мемлекеттің экономикадағы  реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің  экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;

жалақы айырмашылығының тым  алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе  артық;

жетімді түрде қамтамасыз етілмеген  топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:

ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына  мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін — аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап — электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;

өзін өзі қорғаудың дамуы  мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын  жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. «Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;

фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;

жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;

жұмысшыларды басқаруға жөне шешім  кабылдауға тарту;

жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары  көп емес — фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;

үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.

Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:

экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.

XX ғасыр 70-ші жылдардың басында  Германияда негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау)  принципін қолдану жүзеге асырылған.  Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын  меншігіне де қатысады;

Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;

Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің  айырмашылығы елеулі емес — фирма  бастығы мен жабайы қызметкер  жалақысының ара алшақтығы 23 есе.

Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

әлеуметтік бағытталу,

мүліктік теңсіздіктің төмендегі,

жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы  қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.

Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдык пен неіміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекетгің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап бес жылдық жоспарлар — индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бүл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.

Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы — экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.

Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді. 
    Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады — мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс — тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару — пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% — үжымдық кәсіпорындарда және 5% — жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті. 
      Бүгінгі таңда Батыс Еуропада жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау тенденциясы жүзеге шыққан. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруда және де деконцентрациялауда, яғни жергілікті жерлерде, жергілікті әкімшілік өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылатын өкілеттілігін ыңғайластырудан тұрады. Экономикасының өсуі, өндіріс күштерінің жаңа дәрежеге өсуінің нәтижесінде, осы реформалар объективті түрде жүзеге асады. Бұлардың барлығы жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдардың өзгерушең жағдайда ыңғайластыруын талап етеді. Көп жағдайларда жергілікті әкімшілікті ұйымдастыру мәселелеріне арналған шетелдік және отандық әдебиеттерде «жергілікті өзін-өзі басқару» және «жергілікті басқару» түсініктері қолданылады, жергілікті  басқару жүйесі және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелері көп қырларын, түрлі дәрежелерін көрсетеді. Бұл жерде жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті  басқару ортасындағы дәрежелерінің анық айырмашылықтары көрсетілмеген.Кейбір зерттеушілердің ойынша, осы түсініктерді бір-біріне қарсы қою керек емес дейді, жергілікті басқару түсінігі жергілікті жерлердегі  мемлекеттік басқару органдары жәнеде азаматтар тарапынан сайланушы органдарды өз ішіне алады, себебі жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті басқарудың бір бөлігі деп есептелінеді. Басқа зерттеушілердің пікірінше, жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті  басқару жүйелерінің ортасында кейбір қарама-қайшылықтар бар деп есептейді. Жергілікті  басқару дегенде жергілікті аймақтық бірліктегі орталық әкімшілік немесе жоғары аймақтық дәрежедегі басқару органдарының тарапынан амалға асыратын басқару өкілеттігі түсінеді. Әдетте, жергілікті  басқару жоғары әкімшілік тарапынан тағайындалатын мемлекеттік басқару тарапынан жүзеге асырылады.  Демек, «жергілікті өзін-өзі басқару» және «жергілікті  басқару» терминдерінің  түсініктері бір емес. Жергілікті өзін-өзі басқарудың басты ерекшелігі оның сайланбалылығында. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары міндетті түрде жергілікті жерлердегі халықтың  тарапынан сайланатын орган. Өзін-өзі басқару – сайланатын, жергілікті  басқару – тағайындалатын орган болып, бұл олардың ортасындағы басты айырмашылық болып табылады.Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті аймақтық жерлерде тұратын тұрғындардың  яғни аймақтық халықтың қалауымен сайланатын орган жергілікті деңгейдегі  мәселелерді шешеді. Сол себепті «жергілікті өзін-өзі басқару» түсінігінің анықтамасы анықтап алған жөн. «Өзін-өзі» басқару түсінігі Англиядағы революциядан кейін 17-ші ғасырда дүниеге келген болып, яғни әуелі ағылшын халқының жалпы жағдайын түсіндірген. Сол дәуірден бастап жергілікті  басқару  өзін-өзі басқару деп  аталатын болды. Ағылшын халқы өзін-өзі тәуелсіз басқаратын болды. Тәуелсіз және халықтың тұрмыстық жағдайын ойламайтын монарх билігі тоқтатылды, халық парламент басқаруы тізіміндегі жоғары өкілетті органға айналды. Англияда бірлестіктердің жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне кіргізілуі осы жағдайларға тән қасиеттері болған, бірақ мұнда олардың жергілікті басқару құрылымы сақталған. Осы құрылымда халық әкімшілігі парламент және атқарушы органдары тарапынан амалға асырылатын, атқарушы органдары мен парламент (үкімет) және тиісті аймақтардағы халық (муниципалитеттер) тарапынан түзіледі.Британия  аралдарында муниципалды басқаруының англосаксон моделі пайда болды. Бұл модельде жергілікті өзін-өзі басқарудың континентальды модельдің құрлымынан айырмашылығы, бүтіндей басқа жағдайда қалыптасқан. Англосаксон моделі жергілікті топтар, қауымдар, сонымен қоса қалалар негізінде жүзеге келді, олардың басқару тізімі жай-жай мемлекетті  басқаруда тігінен енгізілді.Бүкіл Батыс Еуропа мемлекеттері өзін-өзі басқарудың белгілі бір дәрежесіне ие болған, немесе ол - бұл түрдегі жергілікті  басқару жүйесіне ие. Батыс елдерде анықтамаларына байланысты жергілікті өзін-өзі басқаруға арнайы жүйе ретінде емес, яғни мемлекеттік басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде қарау керек. Жергілікті автономия саяси және идеологиялық бағыттағы фактормен байланысты айқындалады.  Жергілікті өзін-өзі басқару демократиялық негізде құрылған мемлекет жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып, саяси партиялар, орталықтандыру және орталықтандырудан бас тартқан жақтаушылары ортасындағы күрес себеп болған мәселе болып деп есептеледі. Дәл осы себепті Батыс Еуропа  жергілікті  басқару органдарының дамуы бірнеше кезеңдерден өтті.Бүгінгі күнде бұл мемлекеттер өткен ғасырда 60-шы жылдарда басталған кезектегі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жоғарыдағы кезеңде жергілікті  басқару жүйесі реформаларға қарағанда күрделі конституциялық жүйеге ие мемлекеттерге (Ұлы Британия, Нидерландия, Скандинавия елдері, Бельгия) және соғыстан кейінгі  жылдарда мемлекеттік басқару жүйесінде айтарлықтай өзгерулер болған Франция, ГФР, Италия, Испания сияқты мемлекеттерді атап көрсетуге болады.Жоғарыдағы мемлекеттерде жергілікті басқарудың әр түрлі дәрежедегі, тиісті реформалар түрлі жүйеде жүзеге асырылған, бірақ олардың барлығы жергілікті және орталықтандырылған мемлекет әкімшілігі және басқарушы  органдары ортасындағы қарым-қатынастарға, түрлі дәрежедегі жергілікті және аймақтық басқару жүйесінің ортасындағы қарым-қатынастарға, байланысты. 
   Батыс Еуропа жергілікті органдары жүйесі мемлекеттік аймақтық бөлінулеріне байланысты жүзеге асырылаған, унитарлы мемлекеттерде есе орталық әкімшілік өкілеттіктері кіреді, федерациялық мемлекеттерде есе федерация субъектілерінің жұмыстарының шеңберінде кіреді. Бірақ аймақтық бірлестіктер барлық уақытта да халықтың тарапынан сайланатын органдарға ие бола бермейді. Көп жағдайларда, мәселен, Франция кантондарында және округтерінде, Германия округтерінде турадан-тура мемлекет басқаруы амалға асырылды, оларда өкілеттік органдары ұйымдастырмайды.  
    Батыс Еуропа мемлекеттерде, әдетте, қала және облыстық коммуналдары жергілікті өзін-өзі басқарудың бастаған бастаушы ұйым болып есептеледі, олар түрліше анықталады, сонымен қоса халық саны және аймақтық өлшеміне байланысты бір-бірінен айрықшаланады. Батыс Еуропада амалға асырылып жатқан реформаларды, шартты түрде, бірін-бірі толтыратын және өзара байланыстар үш түрде болуы мүмкін, яғни құрылымдық, функционалды және ұйымдастырушылық реформалар түрінде баяндау мүмкін.

Информация о работе Мемлекеттік басқару