Мемлекеттік ақша

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 13:17, реферат

Описание работы

Кіріспе
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік ақша.doc

— 71.00 Кб (Скачать)

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты аттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды.Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді.Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері,өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды.Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады.Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы,жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.

Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері аен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады.Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады.Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттік ақша