Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 13:17, реферат
Кіріспе
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2. экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а)экономиканың өсуі;
ә)толық жұмысбастылық;
б)бағаны тұрақтандыру;
в)төлем балансын тұрақтандыру.
Ақырғы мақсат:
а)ақша жиыны;
ә)пайыз мөлшерлемесі;
б)айырбас курсы.
Құралдары:
а)несие берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә)міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б)есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;
в)ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар.Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
-ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
-банктерге және үкіметке несие беру;
-валюталық нарықтағы басқыншылық;
-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекеленген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей саңдық шектеулер еңгізу;
-ресми есепке алу(дисконттық ) мөлшерлемесі.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін,сол сияқты басқа мүдделендіру мөлшерлемесін белгілейді.Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі,шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды фаеторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті.Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.