Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 11:45, реферат
Реттеу нысандары аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде – қаржыландыру(субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
1.Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі
2.Бағалық реттеу және ҚР бағаны реттеу органы
3.Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
1.Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі
2.Бағалық реттеу және ҚР бағаны реттеу органы
3.Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түінігі
Мемлекет тарапынан экономикалық үрдістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы
реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі
реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында
жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің
түрлі буындарында қаржы
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі тұрпаты бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды.
Реттеу нысандары аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде – қаржыландыру(субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
2. Бағалық реттеу және ҚР бағаны реттеу органы
Бағалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады және нарықтық қатынастар жағдайында маңыздылық сипатта болып, ол төмендегідей анықталады:
-нарықтық қатынастардың дамуына бәсекелестіктің жағдайын жасау, тауарлар, қызметтер және қаржылық құралдардың ерікті қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық әрекеті арқылы;
-меншіктің жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа формаларын қорғау құралы қызметі арқылы;
-инфляцияның бәсеңдеуіне және оның келеңсіз экономикалық және әлеуметтік зардаптарын жұмсартуға ықпал ету арқылы.
Мемлекеттің баға қалыптастыру үдересіне араласуы бағаларды реттеудің тура және жанама әдістерін біріктіру негізінде жүзеге асады.
Бағаларды тікелей реттеу - әрекет етуші бағаларды белгілеуге мемлекеттік әкімшілік араласуы, бағалардың деңгейлерінің құрлымын және қозғалысын қалыптастыруда мемлекеттің қатысуы, баға қалыптастырудың белгілі бір ережелерін белгілеу.
Мемлекеттің бағаны белгілеу еркіндігіне әсер ету дәрежесіне байланысты тіркелген, реттелетін және еркін бағалар болып бөлінеді.
Мемлекетпен тіркелген бағалар. Бұл жағдайда бағаларды мемлекет өзі белгілейді. Баға қалыптастыруды шектеудің келесі формалары болады.
Мемлекеттік прейскурант бағаларды бекіту – мемлекеттік органдармен бекітілген және жарияланған ресми жинақтың таурлары мен қызмет көрсетулерінің бағалары мен тарифтері. 1987 ж. дейін КСРО-ң барлық бағалары прейскурантты болды.
Нарықтық еркін бағаларды «тоқтатып қою» - нарықтық бағаларды белгілі бір деңгейде белгілі бір (әдетте қысқа мерзімге) уақыт мерзіміне тіркеу. Экономикадағы күшті инфляция кезінде қоллданылады.
Монополиялық бағаларды тіркеу – нарықтағы үлесі 35% артығын құрайтын кәсіпорындардың бағасына қолданылады. Тіркелген бағаларды енгізу туралы шешімrе осындай бағаларға қосылатын пайданы (тиімділікті) анықтау процедурасы әсер етеді.
Мемлекетпен реттелетін бағалар. Кәсіпорындар үшін ережелерді мемлекет белгілейді, соларға сәйкес кәсіпорындар өздері бағаларды белгілейді.
Бағалардың шекті деңгейін белгілеу – бөлшек сауда бағасы шекті бағадан басым түспеу керек. Егер баға шекті деңгейден басым болса, шекті деңгейден басым түсетін баға бойынша сатылған тауарлардан алынған пайдаға үдемелі салық салу қолданылуы мүмкін.
Прейскуранттың тіркелген бағаларына шекті үстемелерді немесе коэффициенттерді бекіту – бөлшек сауда бағасы прейскуранты баға және шекті үстеме қосындысынан басым түспеу керек. Мұндай шара тапшылық жағдайында өте маңызды, өйткені еркін бағалардың өсуі ақырында өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.
Бөлшек сауда бағалары элементтерінің шекті мәндерін белгілеу – пайда, шегерім, жанама салықтар шамасын бір реттілікке келтіру (регламентация ).
Бағаларды
бір рет көтерудің шекті
Сонымен қатар, бағалардың мемлекетпен реттелуі монополиялық бағаларды миемлекеттік реттеу және мемлекеттік кәсіпорындарға бағаларды белгілеу жолымен жүзеге асуы мүмкін.
Еркін нарықтық бағалар. Бұл жағдайда, мемлекет адал емес бәсекеге және нарықты монополиялауға бірқатар тыйымдар енгізе отырып, кәсіпорындарға нарықтағы «ойын ережелерін» белгілеп береді.
Шектемелердің келесі формалары пайдаланылуы мүмкін.
Бағаларды көлденең тіркеуге тыйым салу – екі немесе одан да көп бәсекелесуші кәсіпорындардың бағаларды белгілі бір деңгейде ұстап тұру туралы келісіміне тыйым салу.
Бағаларды тігінен тіркеуге тыйым салу - өндірушілерді өз бағаларын жабдықтаушылар мен саудаға ендіруге тыйым салу.
Бағалық дискриминацияға тыйым салу – саудагерлерге тауарды бір бағамен ұсынуды талап ету.
Демпингке тыйым салу – бәсекені жою мақсатымен тауарды өз құнынан төмен бағамен сатуға тыйым салу.
Адал емес бағалық бәсекеге тыйым салу – баға төмендетілді деген алдамшы әсер туғызуға жол бермеу.
Бағаларды тікелей реттеу әдістерімен қатар мемлекет жанама реттеуді де жүзеге асыралы, яғни бағаны белгілеу үдересін бірқатар жанама шаралармен ықпал етеді.
Бағаларды жанама реттеу – нарықтағы тауар ұсынысының кеңеюіне, нарықтық сұраныстың көбеюіне, халықтың кірістерін басқаруға, салықтарды реттеуге ықпал ететін әдістер мен құралдардың қосындысын қолданумен қамтамасыз етілетін баға белгілеуге араласу. Жанама реттеу – бұл бағалардың өздері емес, керісінше оларға әсер ететін факторларды реттеу. Бағаларды жанама реттеу шараларына жататындар:
-мемлекеттік сатып алулар;
-салықтық жүйе;
-ақша айналымын және несиені реттеу;
-мемлекеттік инвестиция саясаты;
-мемлекеттік шығындарды реттеу;
-амортизация нормаларын бекіту.
Бұл шаралармен мемлекет сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті орнатуға және сонымен қатар барлық экономика көлемінде бағалардың бірқалыпты және баяу өсуіне ықпал етуге ұмтылады. Сөйтіп, бағаларды реттеудің жанама әдістері бағаларды өздеріне емес, керісінше бағаны белгілеуге әсер ететін және макро экономикалық сипатқа ие факторларға ықпал етуде көрінеді.
Жанама реттеу пайыздың есептік мөлшерлемесі, салықтар демеуқаржылар, кірістер, валюта курсы, экспорт-импорт баджары және квоталар көмегімен және келемі жолдармен жүзеге асады, жеңіл салық салуды, жеңіл несие беруді қолдану, бюджеттен қаражаттандыру және демеуқаржы беру, үкімет органдарының заңды немесе жеке тұлғамен сатылатын өнімге тіркелген бағаларды енгізу туралы келісімге отыру және тағы да басқа.Бағаларды реттеудің тікелей және жанама әдістері бірігуінің дұрыстығы қажет.
Бағаларды шамадан тыс мемлекеттік реттеу кезінде нарықтық механизмдер әлсірейді және шығындар мен нәтижелерді салыстыру үшін нарықтық бағдарды жоғалту қауіпі пайда болады; өйткені нарықтың негізгі параметрлері нарықтық емес факторлар жағынан күшті әсер алуда. Бәсекелестік нарыққа қатысы жоқ және мемлекетпен белгіленетін баға ұсыныс пен сұраныстың өзгеруіне байланысты жеткілікті түрде жедел ауыса алмайды. Мұндай жағдайда не тапшылық, не нарықта өткізілімге ие емес тауарлардың іркілуі пайда болады.
Мемлекет бағаларды қалыптастыруға және оларды реттеуге қатысудан толық кеткен жағдайда экономика негіздері бұзылады, мемлекет монополизммен күрестің маңызды әдістерінің бірін жоғалтады, ал нарықтық қатынастар және көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тұрақсыз болады.
ҚР бағаны реттеу органы
Тауарлық
нарық пен бәсекенің дамуы, монополистік
іс-әрекетті шектеу, адал емес бәсекенін
жолын кесу және «Бәсекенің дамуы
туралы» Заңға сәйкес осы саладағы
басқа мемлекеттік органдардың
қызметін үйлестіру бойынша мемлекеттік
саясатты жүргізу үшін жаңа экономикалық
құрылымдарды қолдау және монополистік
іс-әрекетті шектеу бойынша Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
1999 жылдың
13 қазанының № 235 «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарының
1-сур. Баға және монополияға қарсы саясат бойынша Республикалық Комитет құрылымы
Агенттіктің функцияларына жататындар:
1) Қазақстан
Республикасының қожалық етуші
субъектілерінің – табиғи
2) субъектілердің
– табиғи монополистердің
3) табиғи
монополия субъектілерінің
4) есептеу
әдістемесін және мемлекеттік
ұйымдар монополиялы жүзеге
Агенттікті
Төраға басқарады, оны Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Төрағаның
орынбасарлары бар, олар Агенттік Төрағасының
ұсынысы бойынша ҚР-ң
Агенттік Төрағасы жанынан кеңестік орган болып табылатын алқа құрылады. Алқа шешімдері бұйрық түрінде жарияланады. Алқаның сандық және қызметкерлік құрамы Агенттік аппаратының құрылымдық бөлімдер басшыларының ішінен Агенттік Төрағасымен бекітіледі.
Агенттіктің аумақтық органдары бар – табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және облыстар мен астана, Алматы қалалары бойынша шағын бизнесті қолдау бойынша Депертаменттер, олар заңды тұлға болып табылады.
Агенттік және оның аумақтық органдарындағы монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерді қарастыру үшін қызметкерлік құрамы Агенттік Төрағасы және аумақтық орган басшысымен бекітілетін Әкімшілік комиссия құрылады.
3.Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі