Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 19:15, реферат
Мемлекеттік сатып алу жүйесі – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттiк сатып алулар жүйесі мемлекеттiң бизнесті реттеудің мүмкiндiгi. Мемлекеттік сатып алулар мемлекет үшін мемлекеттiк мұқтаждықтардың қанағаттандыруының өте қолайлы әдiсi,ал жеткізушілер үшін жаңа тапсырыс алу және өзін жарнамалау әдісі.
1) конкурс тәсілімен (ашық не жабық). Ашық не жабық конкурстар екі кезеңді рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
5) ашық тауар биржалары арқылы.
2. Тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес таңдайды.
3. Өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін тапсырыс беруші айқындауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағы 1)-3) тармақшаларында көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ақпараттық жүйелер және электрондық құжат айналымы пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Осы заңның 2-ші тарауында Мемлекеттік сатып алу жүйесін мемлекеттік реттеу қарастырылған:
13 –бап бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) осы Заңның нормаларын қолданбастан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын, ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін бекітеді;
3) үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
5) мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
14-бап бойынша Уәкілетті органның құзыреті:
Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық саласында стратегиялық бағдарламалық құжаттар әзірлейді;
2) мемлекеттік сатып алу саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
3) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер жасауды және жүргізуді жүзеге асырады;
5) осы Заңға сәйкес Бюллетеньде мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер жариялауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
6) осы Заңда көзделген есептілікті, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және оларға талдау жасауды жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпаратты және материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.
Ағымдағы жылы Мемлекеттік сатып алулардың көп бөлігі электронды түрде жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттiк сатып алуларды өткiзудi электронды түрге ауыстыру мемлекеттік органдардың тауарлармен, жұмыстарды және қызметтер көрсетудтердi қамтамасыз етуді оңай жүйелеуге мүмкiншiлiк бередi. Мемлекеттiк сатып алу жүйесін автоматтандыруының ең маңызды мақсаттары жүйенің мөлдірлігі, сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн азайту және қаражат құралдарының үнемдеу болып табылады.
Мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыратын веб-портал көп векторлы функциялармен қамтамасыз етіледі:
- тіркелу және мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау;
- электронды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өтіп кеткен мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат алу;
- тапсырыс беруші және тапсырыс алушының ақпарат және электронды құжаттармен алмасуы;
- мемлекеттік сатып алулар статистикасын және есептілікті жариялау.
Қазақстандық үлгiнiң артықшылығы:
- бiрiншi, барлық сатып алулар Қазақстандағы сатып алулар жайлы ақпарат бар бір веб-порталда жүзеге асады;
- екiншi, бiртұтас өлшемдер қолданылады;
- үшінші, жүргізілетін сауда мөлдiр, ашықтық түрде өтеді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің проблемалары:
Сонымен,мемлекеттік сатып алу дегеніміз – жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.
Қорыта айтсақ жоғарыда мемлекеттік сатып алудың өзгертуді қажет ететін кейбір мәселелері ғана қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу мемлекет экономикасына оң әсерін тигізу үшін құқықтық-нормативтік базаға өзгертулер және іске асырылып жатқан жүйені қайта қарастыру керек деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы »Заңы 2002ж.
2 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы № 87 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 22-бап).
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).
4 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі № 1031 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 334-бап).
5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ЫСБ
6 "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап.
7 www.esep.kz
8 www.goszakup.gov.kz
Кіріспе
І Мемлекеттік сатып алу түсінігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жүйесі
ІІ « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы » Заңы
ІІІ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесінің проблемалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2