Мемлекеттiк сатып алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 19:15, реферат

Описание работы

Мемлекеттік сатып алу жүйесі – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттiк сатып алулар жүйесі мемлекеттiң бизнесті реттеудің мүмкiндiгi. Мемлекеттік сатып алулар мемлекет үшін мемлекеттiк мұқтаждықтардың қанағаттандыруының өте қолайлы әдiсi,ал жеткізушілер үшін жаңа тапсырыс алу және өзін жарнамалау әдісі.

Работа содержит 1 файл

мемл сатып алу.doc

— 106.00 Кб (Скачать)


   Мемлекеттiк сатып алу – мемлекеттік бюджеттiң құрал-жабдықтары, жергiлiктi бюджеттер және бюджеттен тыс көдерден қаржыландырылатын тауар жеткiзiлiмiнi, жұмыс жасау, қызмет көрсетуге тапсырыс.

   Мемлекеттік сатып алу жүйесі – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттiк сатып алулар жүйесі мемлекеттiң бизнесті реттеудің мүмкiндiгi. Мемлекеттік сатып алулар мемлекет үшін мемлекеттiк мұқтаждықтардың қанағаттандыруының өте қолайлы әдiсi,ал жеткізушілер үшін жаңа тапсырыс алу және өзін жарнамалау әдісі.

   Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

   Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері – мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

   Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені.

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасын жоспарлау, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу жүйелерінің субъектілеріне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;

    Мемлекеттік сатып алу туралы шарт –  Мемлекеттік сатып алу туралы заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

   Ұлттық экономикамыздың тұрақтылығын және бәсекелестігін арттыру, дағдарысқа байланысты әлемдік экономикада орын алған келеңсіздіктердің ұлттық экономикамызға тигізетін кері ықпалдарының алдын алу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы құрылған болатын. ҰӘАҚ-тың негізгі міндеті өз құрамына кіретін ұйымдардың қызметін корпоративтік басқару, сондай-ақ, олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылады. ҰӘАҚ-тың үлесіне еліміздегі бірқатар ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ӘКК-лердің акциялары берілді. Қазір осы компаниялардың және олардың серіктес ұйымдарын қоса есептегенде ҰӘАҚ-тың құрамына 500-ге тарта ұйымдар топтасқан. Олар республикамыздың ішкі жалпы өнімінің елеулі бөлігін шығарады. Сондықтан ҰӘАҚ тобына кіретін ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға беретін тапсырысының көлемі де өте үлкен.

     Осы қор құрамына кіретін компаниялардың сатып алу үдерістерін тиімді ұйымдастыру ҰӘАҚ-тың бүкіл қаржылық қызметін табысты үйлестіруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алу шараларын ұйымдастыруда ҰӘАҚ тауар және қызмет көрсету бағаларының тұрақты болуын, сауда-саттық шараларының ашық та әділ жүргізілуін көздейді. Соңғы уақытта заң актілеріне енгізілген өзгерістерге байланысты акцияларындағы мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұлттық компаниялар “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң ауқымынан шығарылған болатын. Мұндағы мақсат отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардың шығарған тауарларымен көрсетілетін қызмет түрлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

     Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ҰӘАҚ тобына енетін компаниялардың мемлекеттік сатып алу ауқымы өте кең. Мәселен, 2011 жылы тек қана 5 ірі компания: “ҚазМұнайГаз”, “Қазақстан темір жолы”, “Қазақтелеком”, “Қазпошта”, “КЕГОК” компанияларының тауар мен қызмет көрсету түрлеріне деген сұранысы 685 миллиард теңгеден асып отыр. Осыған байланысты сатып алу шараларының тиімділігін арттыру және оның мерзімін  қысқарту қаржының үнемделуіне жағдай жасайды. Бүгінде орын алып отырған әлемдік қаржы дағдарысы кезінде бұл қадамның маңызы ерекше арта түспек.

    ҰӘАҚ құрамына кіретін компаниялар арасында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай саясатын жүргізуге байланысты оларға бағынышты барлық серіктес ұйымдарға қатысты ортақ ереже бекітілді. Осы ереже бойынша ҰӘАҚ құрамына кіретін компаниялардың қызмет түрлерінің әртүрлі болуына қарамастан мемлекеттік сатып алу шараларын жүргізудің бірыңғай ұтымды механизмдері енгізіліп, шаралардың өткізілу мерзімі қайта қаралды. Мәселен, ереже бойынша тендер өткізуді жариялау мерзімі 15 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, тендер өткізу шараларын бұрын­ғыдай “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңға сәйкес 60 күн ішінде емес, 20 күнде аяқтау көзделініп отыр.

    Сонымен бірге, ортақ ережеде отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге бірінші кезекті басымдылық берілген. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында ҰӘАҚ осы мәселеге байланысты арнайы әдістеме қабылдайтын болады. Бұл әдістемеде сатып алынатын тауар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің бағасы және жеке тұлғаларына төленетін жалақы көлемі де ескерілетін болды. Ережеде атап көрсетілгеніндей, отандық шағын және орта бизнес субъектілеріне және мүгедектер қоғамдарына 25 пайыз жеңілдіктер жасалуы да қарастырылған.

    ҰӘАҚ тобына кіретін компаниялар мемлекеттік сатып алу шараларын мынандай әдістермен жүзеге асырады: тендер арқылы; баға жөніндегі ұсыныстарға сұраныс бойынша; тікелей сатып алу; электронды сауда-саттық ұйымдастыру арқылы; ашық тауар биржалары арқылы. Бұл сауда-саттық шараларының бәрінде де отандық тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Ол үшін ҰӘАҚ отандық тауар өндірушілердің арнайы реестрін жасайды. Осы топқа кіретін компаниялар реестрге енген сенімді де әділ отандық тауар өндірушілермен тікелей сауда-саттық шараларын өткізе алады.

    Мемлекеттік сатып алу шараларын өткізуде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссия құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері, оның ішінде “Нұр Отан” ХДП-ның, “Атамекен” ұлттық экономикалық палатасының және аймақтық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыстырылатын болады. Сонымен бірге, арнайы веб-сайттарда және баспасөз беттерінде конкурстардың қорытындылары жарияланып отырады.

   Қаралған мәселе бойынша “ҚазМұнайГаз” компаниясының президенті Қ.Қабылдин, “Атамекен” ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А.Перуашев, “Қазақтелеком” АҚ-тың басшысы А.Жұмағалиев, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының өкілі Е.Сұлтанов және басқалар сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Мәселен, 2010 жылы “Қазақстан темір жолы” АҚ-тың мемлекеттік сатып алу жоспары 336 989 миллион теңге болса, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының сұранысы 2,5 миллиард доллардан асады. Сондықтан мемлекеттік сатып алу шараларын тиімді де әділ ұйымдастырудың экономикамызға тигізетін игі ықпалы өлшеусіз.

      Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдарының көпшiлiгi ЮНСИТРАЛ-дың бiр үлгiдегi заңына негiзделедi.

   ҚР-да мемлекеттік сатып алулар жүйесін 2002 жылы 16 мамырда қабылданған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң реттейді. Осы заң мемлекет, акциялардың бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғам, мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорын және жеткiзушiлер арасында мемлекеттік сатып алулар процесінде туатын қатынастарды реттейді.

Осы заңның 2 бабы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік

сатып алу туралы заңнамасы:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

   Осы заңның 3-бабы бойынша мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері кедесідей:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы принциптеріне негізделеді.

   Осы заңның 5 бабы бойынша мемлекеттік сатып алу процесі төмендегідей:

1. Мемлекеттік сатып алу процесі:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын жоспарлауды;

2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;

3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.

2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын тапсырыс беруші жыл сайын әзірлеп, бекітеді және онда мынадай мәліметтер:

1) Қазақстан Республикасының тиісті стандарты болған кезде осындай стандартқа, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да елдердің стандарттарына сілтеме жасай отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі, бірлік үшін бағасы, сондай-ақ жоспарланатын ақша сомасы қамтылуға тиіс.

3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланып бекітілген номенклатурасының және тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

4. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді не табыс етеді.

5. Тапсырыс берушілердің:

1) мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің тиісті бюджетін нақтылау немесе түзету және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаның паспортына және (немесе) қаржыландыру жоспарына (кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде;

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды кейіннен енгізе отырып, жоспарланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқығы бар.

6. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілуге жатпайды.

7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.

Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.

8. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.

10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінің бюджеттік бағдарламасының паспортына, бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Осы заңның 12-ші бабы бойнша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

тәсілдері:

1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

Информация о работе Мемлекеттiк сатып алу