Мемлекет. Құрылымы және қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 21:46, реферат

Описание работы

«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей
дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ.

Содержание

I. Кіріспе.

II. .Негізгі бөлім:

1) Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі
2) Құқықтық мемлекет және Азаматтық қоғам

ІV. Қорытынды.

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Memleket_.docx

— 40.46 Кб (Скачать)

алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзінің

Конституциясында қоғамдағы  құқықтық заңның үстем болуын басты  принцип

етіп жариялап, бірінші  бабында - ақ: “Қазақстан Республикасы өзін

демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде

орнықтырады”- деп атап көрсеткен.

Құқықтық мемлекеттің  құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі –

заңдарының сапасында. Құқықты  мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті  болуы

керек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты

ажырамас құқықтары бекітілуі  қажет. Құқық – мемлекеттің адамға берген

сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық  адамның

табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға  жағдай

жасаушы ғана. Жоғарыда аталған  “Адам құқықтарының жалпыға бірдей

Декларациясында”: “Барлық  адам жаратылысынан еркін, бойындағы  қасиеттері

мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-

біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” - деп көрсетілген. Осы

тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,

еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -

деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды

халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында

толығымен енгізіліп: “... дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды

тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары

жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- деп

атап көрсетілген.

Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу

керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық

ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі

бостандық өлшемі құқылық  формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәріне

бірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15-бабында көрсетілгендей,

«Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға

хақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам

екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес.

Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын

жоққа шығарып, біреулердің  ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы

қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және

жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым

кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады.

Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен

қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы

екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас

бөлігі деп есептейді.

Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам

құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам

құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын

болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні - оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау

кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір  ерекшелігі –

мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік  принципінің

қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір  мөлшерде шектеуге барып,

мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан

жеке тұлғаның құқығын  қорғауға жауапты болып, оның өмірлік  қызметіне

кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз

азаматтарының мүддесіне  сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды  іске асыруға

міндетті. Сондықтан да қазіргі  кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі

айтылатын болды. Құқықты  мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді

бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.

Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне,

осы мақсатта өкімет билігін  бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным

бойынша бірде-бір мемлекеттік  органға толық өкімет билігі берілмейді,

әрқайсысы өз міндеттерін  өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және

ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет

бабын пайдаланып, басқа  адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін

қажет. Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа  түсуді

болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі

қажет. Ондай мәртебе заң  шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі

және сыртқы саясаттың  негізгі бағыттарына заңдық негіздегі  күш беріп,

қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық

мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі  болғанымен)

ие болады. Өйткені, парламент  қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым-

қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік

беретін халық.

Барлық құқықты мемлекеттерде  заңдардың конституциялығын бақылап

отыратын мемлекеттік  биліктің тармағы – сот билігі.

Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси  сапасы

жағынан жетілген түрі –  құқықтық мемлекет, яғни демократиялық  жолмен

қабылданған заң үстемдік ететін, заңның алдында бәрі де тең  саналатын, жеке

адамның құқығын жан-жақты  қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару.

Қорыта келгенде, мемлекеттің  ең басты міндеті—қоғамда тұрақтылық

орнатып, азаматтарының қалыпты  өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет

туралы тақырыпты талдаған кездегі жиі кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның

мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді

болып табылады?» деген  сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың  қысқаша

жауабы: «Ең жақсы мемлекет—ол  өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін

мемлекет» - деген қағида.

 

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте  ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы  меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп  жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар:Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық  қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы  –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам  мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың  мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды  қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік  құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастардың  жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге  мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда  мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына  шек қойылады. Ал олардың атқаратын  міндеттерін азаматтар өз еркімен  оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік және жеке өмірі, олардың әдеп-ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамдаадамдардың  экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады. Адамның  жалпы құқықтафры сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғамның белгілері: 
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі; 
- өзін-өзі басқару; 
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі; 
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм; 
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы; 
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады); 
- экономиканың көпжақтылығы; 
- биліктің заңды және демократиялық сипаты; 
- кұқықтық мемлекет; 
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қорытындылай келгенде, өзім мемлекет туралы көптеген мәлімет білдім. 

«Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды.

 

Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып – дамуы мемлекет туралы ілімнің

қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар

Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды.

 

Н.Макиавелли түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін “stato” деген термин енгізді. Стато – қазіргі түсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.

 

Мемлекеттің негізгі белгісі  – егемендік. Мемлекеттің егемендігін,

тәуелсіздігін басқа мемлекеттер  де ресми түрде мойындауға тиісті.

 

Сонымен қатар мемлекттік құрылымның негізгі үш түрі кездесетіні олар: унитарлық (біртұтас), федерация және конфедерация.

 

Құқықтық мемлекет және Азаматтық қоғам туралы өзім білмеген көптеген мағлұмат біліп алдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Б. Өтемісов, Қ.Қарабала “Саясаттану” атты оқу құралы. Ақтөбе 2011 жыл.
  2. Уикипедия ашық Энциклопедиясы : :http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82
  3. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

 

 

 


Информация о работе Мемлекет. Құрылымы және қызметі