Макроэкономикалық көрсеткіштер

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 16:10, реферат

Описание работы

Жалпы ішкі өнімді қосылган құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттык өнім. Дефляторлар және баға индекстері. Ұлттық есеп жүйесінің басқа көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс. Ұлттық экономия жұмысы БҰҰ –ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесіде іске асып отыр.1988ж. Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлттық байлық болады.Ұлттық байлық – дегеніміз қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы.Бірінші рет ұлттық байлықты 1664ж.

Работа содержит 1 файл

Жалпы ішкі өнімді қосылган құн бойынша.docx

— 41.67 Кб (Скачать)

Өнімнің миллиондаған әртүрлі  және бағалардың әртүрлігі ЖҰӨ дамуын бағалардың немесе көлемдердің өзгеруі  анықтайды деген сауалға жауап  беруді қиындатады. Осы мәселені шешу үшін бағалар мен өнімдердің адам айтқысыз сандарын жай, қарапайым индекстерге  агрегаттау, яғни бірегей көрсеткішке  біріктіру қажет. Енді экономикадағы  тұтыну шығындардың жиынтық шамасын  қарайық. Жиынтық нарық тұтыну шығындары  тұтыну тауарлар түрлерінің нарық құндар сомасына тең. Экономикада тұтыну тауарлардың N түрлері бар дейік. Олардың әр қайсысы үшін баға деңгейі Рi және тұтыну көлемі Сi белгіленген. Сонымен, РсС деп белгіленген тұтынудың көрсетілген (нақты) құны тең:     

Сонан соң, Рс деп белгіленген тұтыну тауарларға бағалардың барлық түрлерінің орташа шамасын білдіретін бағалар индексін жасап, тұтыну тауарлардың орташа бағасын шығарамыз. Әдетте t жылы үшін Рct индексі мына формуламен шығарылады:

Бұл жағдайда W1, W2, W3…WN салмақтары жеке бағалар маңыздылығының әр деңгейін көрсетеді. Үлкен салмақты бағалардың жиынтық бағалар индексіне әсері зор. W1 салма сомасы 1 тең. Р10, Р20, Р30 және т.б. бағалар нөмірі 0 деп алынған базалық жылдағы тауарлардың бағаларын көрсетеді. Осылай құрылған бағалар индексін кейде тұтыну бағалардың индексі немесе дефляторы деп атайды. Көрсетілген (нақтылы) және шынайы ЖІӨ өзара байланыстары келесі формуламен білінеді:

ЖІӨ индексі (дефляторы) = көрсетілген ЖІӨ/шынайы ЖІӨ

ИПЦ мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық келесіде:

  • ЖІӨ дефляторы өзгерілетін тауарлар жинағына есептеліп, Пааше индексі болып келеді, ал ИПЦ тауарлардың өзгермейтін жинағына есептеліп, Ласнейрес индексі деп аталады.
  • ЖІӨ дефляторы экономикада өткізілетін өнімдер және қызмет көрсетудің барлық атаулар тізімі бойынша бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ тек қана тұтыну тауарларына бағалардың өсуін, көрсетеді.
  • ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлары өндірген өнімдерге бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ шетел тауарларға бағалардың өзгеруін көрсетеді.

 

 

 

 

 

        Макроэкономикалық құрылымның басқару объектілері – жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық өндіріс. Бұндай сұраныс – қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің ақша суммасы. Жиынтық сұраныс көлемі бір қатар факторларға тәуелді: 1. баға деңгейі, 2. халық кірісі көлемі, тұтынуға кірісті болу (ағымдағы сұраны(?) және жинақтау (болашаққа белгіленген сұраны(?), салықтардан (мемлекетке берілген кіріс бөлігі), несиелік мекемелер жағынан ақша ұсынысы. Жалпы халықтық басқарудың екінші объектісі – жиынтық ұсыныс. Өндірішілердің барлық сатып алушыларға өткізген таурлары мен қызметтерінің бағаларының сомасын білдіреді. Жиынтық ұсыныс көлемі мына факторлармен анықталады: рыноктық баға деңгейімен, елдегі потенциялды мүмкін өндіріс көлемімен, өнім өндіру шығындарының деңгейімен, өнімді өндіру коммерциялық пайдасымен.Реттеудің макроэкономикалық үшінші абъектісі жиынтық өндіріс. Бұл тауар мен қызмет шығарушы халық шаруашылығының барлық түрі.Басқарудың барлық объектілері іштей бір-бірімен өзара байланысты. Олардың арасында тікелей байланыстар қалыптасқан:

a)      Жиынтық  сұраныспен жиынтық сұраныс олардың  бірлігінде ұлттық рынокты құрайды

b)      өндіріс тікелей қосылуы ұсынысты анықтайды. Сонымен қатар жанама байланыстар болады: жиынтық сұраныс қосынды сұранысқа әсер етеді, ол арқылы – барлық өндіріске.

Макроэкономиканың қалыпты дамуының басты шарты халық шаруашылығының пропорционалдығын сақтау, атап айтқанда: бірішіден ұлттық сұраныс, ұсыныс, өндірісінің қосынды көлемінің тепе-теңдігі, және, екішіден, осы макроэкономикалық объектілерінің құрылымдарының бір-біріне  сәйкестігі. Сөз макроэкономиканың пропорционалды дамуының объективті экономикалық заңы жайында. Бұл заң адамдардың еркімен тілегіне тәуелсіз халық шаруашылығы жүйесінің қалыпты даму шартын сұраныс, ұсыныс, өндірістің жиынтық шамасының көлемі мен құрылымының тұрақты сәйкестігін қолдау қажеттігін білдіреді. Макроэкономиканың пропорционалды даму заңын бұзу бізге белгілі макроэкономикалық теңсіздіктің түрлерінен:

a)      құрылымдық  дағдарыстардын

b)      экономикалық  артық өндіру дағдарыстарынан

c)      жаппай  жұмыссыздықтан

d)     инфляциядан  көрінеді

 

        Макроэкономикалық реттеуші – бұл қоғамдық халлық шаруашылығын реттеу мен ұйымдастырудың тәсілі.Ол келесі қызметтерді атқарады: ұлттың барлық шаруашылығын бір жүйеге біріктіреді, экономиканың барлық төменгі буындарын өндірістік қызметке бағыттайды. Қоғамдық қажеттілікке сәйкес еңбек пен өндіріс құрал жабдықтарын салалары мен өндіріс түрлері бойынша бөледі, шаруашылықты жоғары тиімділікке ынталандырады. Макроэкономиканы реттеуші белгілі объективті алғы шарттарда ғана әрекет етеді, атап айтқанда ұлттық шаруашылық жағдайында. Біріншірет бұндай жағдайды дамыған тауар шаруашылығреттеуші – бұл қоғамдық халлық шаруашылығын реттеу мен ұйымдастырудың тәсілі

  Тауарлық рыноктық шаруашылық жағдайында шаруашылық пропорциясын үйлестірудің арнаулы формасы болып өнімнің айрбас құны қызмет етеді. Сондықтан рыноктық экономикада халық шаруашылығының пропорцияналды даму заңы макроэкономикалық сұраныс пен макроэкономикалық ұсыныс тепе-теңдік заңы ретінде көрінеді. Бұл заң классикалық капитализм жағдайында толық мөлшерде әрекет етті. Бұндай жағдайлар Англияда XVIII-XIX ғ. болды. А. Смиттің алғашқы болып зерттеуі кездейсоқтық емес. Ол атақты “халық байлығы себептері мен табиғат жағдайындағы зерттеулер” кітабында рыноктық реттеу механизмі жайындағы үш негізгі ережесін негіздеді. Бірінші ереже – рынктық экономиканы реттеуде мемлекеттің араласпауы жайында. Екіші ереже – барлық жеке тауар мен қызмет өндірушілерді қоғамдық игілігі үшін қызмет етуге “итеретін”, “көрінбейтін қол” жайында. Әрине “көрінбейтін қол” болып рынок табылады. Үшінші ереже – рыноктың өзін-өзі реттеуі механизмі жайында. Бұл механизм тауарлы өндіріспен рыноктық сұраныстың арасындағы тікелей және кері экономикалық байланыстардан тұрады. Сонымен қатар А. Смит бүкіл ел ауқымында сұраныс пен ұсыныс көлемінің тепе-теңдігін қалай қамтамассыз ету керек деген маңызды сұраққа жауап бермеді. Бұл мәселені шешіуге өзін ағылшын классикалық саяси экономикалық жалғастырушымын деп есептейтін француз Ж.Б.Сей әрекет етті. Ол ”рынок заңын “ қалыптасыруды, оған сәйкес рыноктық тауар айырбасы сұраныс епнұсыныс тепе-теңдігін орнатады. ұсыныс өз сұранысын туғызады. Бірақ Сей заңы тек бартер саудасы үшін ғана сөзсіз ақаиқат. Тауар – ақша тауар айналымында, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің тепе-теңдігі автаматты түрде қалыптаспайды. Мысалға, сатушы өткізген өніміне алған ақшаны жинаққа айналдыру мүмкін. Сақтық сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін бұзады. (Кірісті бөлуге байланысты рынок қоғамның әлеументік тұрақтылығын қамтамассыз ете алма? Қоғамдық жиынтық кірісі (Ж.Ұ.Ө., ұлттық кірі(?) қандай қағидаларға байланысты бөлінеді? Бұл мәселеге байланысты қоғамда екі қарама-қарсы көзқарас бар.   Классикалық және неоклассикалық либералды рыноктық  экономикалық  либералды рыноктық экономика үлгісінде кірісті бөлу қандай қағидаға негізделеді?

Байлықты бөлу адамдар  қабілетінің теңсіздігін ескеруі  керек.

Өндірістің қандайда бір факторына ие әр бір адам өз факторын салғанға тең кіріс алуы керек. Бұл принципті Дж. Б. Кларк американ “Байлықты бөлу” кітабында негізделген. Еркін рыноктық экономика кіріс теңсіздігінің жоғары деңгейін туғызатын бөлінбейтін жеке меншік билігіне негізделеді. Еркін рыноктық экономикада әлеументтік және экономикалық  еркіндік жеке меншікке тәуелді. Француз экономисті Нобель силығының лауераты М. Алленнің айтуы бойынша жеке меншік көлемі мен еркіндік көлемі арасында өте күшті корреляция (өзаратәуелділік) бар. Кірісті бөлу өндіріс пен оның тиімділігінің өсуін ынталандыру керек. Еркін бәсекелестік жағдайында алынған көріністің теңсіздігі табиғи болып табылады. Сонымен, еркін рыноктық экономика концепциясының жақтаушылары кірісті бөлудегі теңдік (“әділеттік”) рыноктық жүйемен сыймсыз және оны бұзуы мүмкін.

        Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының (жүріс-тұрыстарының) ең таралған сипаттарын табу (агенттерді агрегаттау), бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу (нарықтарды агрегаттау, бірыңғай көрсеткішке біріктіру) макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға (бірыңғай көрсеткішке біріктіруге) мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар (қорлар) нарығынан тұрады. (13 сурет).

Фирмалар өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулерді (ұсынысты қамтамасыз етеді) үй шаруашылықтары сатып  алады да (сұранысты қамтамасыз етеді) тауарлар мен қызметтер нарығына апарады. Тауарлар мен қызметтерді  өндіру үшін фирмалар экономикалық ресурстарды (қорларды) – еңбекті, жерді, капиталды  және кәсіпкерлік қабілеттіліктерді  сатып алады (сұраныс ұсынады), яғни экономикалық ресурстарына (қорларына) сұраныс ұсынады, ол экономикалық ресурстарының  иелері – үй шаруашылықтары (экономикалық ресурстардың (қорлардың) ұсынысын қамтамасыз етеді). Тауарлар мен қызметтерді  сатып алғанда үй шаруашылықтары олар үшін ақша төлейді. Бұл шығындарды тұтыну шығындары деп атайды. Фирмалар өз өнімдерін үй шаруашылықтарына сатып, одан түсім алады. Сол түсімнен фирма үй шаруашылықтарына экономикалық ресурстары үшін төлем жасайды, фирма үшін ол – шығындар, ал үй шаруашылықтары үшін – факторлық табыстар – жалақы (еңбек факторы үшін), пайыз (капитал факторы үшін) төлейді және пайда (кәсіпкерлік қабілеттілік үшін), олардың сомасы ұлттық табысты құрайды. Тапқан (алынған) табыстарды үй шаруашылықтары тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайды (тұтыну шығындары). Табыстар мен шығындар шеңбер бойынша айналады. Әр экономикалық агенттің табысы екінші экономикалық агенттің табысын құра отырып, шығындалады. Жаңағы табыс, өз кезегінде, оның шығындарының негізі болып келеді. Шығындардың көбеюі табыстың өсуіне әкеледі, ал табыстың өсуі шығындардың ары қарай көбеюінің алғышарты. Сондықтан сызбаны айналым үлгісі немесе шеңберлі ағындар үлгісі деп аталады. Материалдық ағындар сағат тіліне қарсы жылжиды, ал ақша ағындары – сағат тілі бойынша. Сұраныс сағат тілі бойынша, ал ұсыныс – сағат тіліне қарсы жылжиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

        1. www.kazref.kz
        2. www.kitaphana.kz
        3. www.student24.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Макроэкономикалық көрсеткіштер