Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 16:10, реферат
Жалпы ішкі өнімді қосылган құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттык өнім. Дефляторлар және баға индекстері. Ұлттық есеп жүйесінің басқа көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс. Ұлттық экономия жұмысы БҰҰ –ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесіде іске асып отыр.1988ж. Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлттық байлық болады.Ұлттық байлық – дегеніміз қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы.Бірінші рет ұлттық байлықты 1664ж.
Жалпы ішкі өнімді қосылган құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттык өнім. Дефляторлар және баға индекстері. Ұлттық есеп жүйесінің басқа көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс. Ұлттық экономия жұмысы БҰҰ –ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесіде іске асып отыр.1988ж. Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлттық байлық болады.Ұлттық байлық – дегеніміз қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы.Бірінші рет ұлттық байлықты 1664ж. Англяда У. Петти есептеді. Жүз жыл кейін бұны А.Смит қайталады. Ұлттық байлық мыналарды қамтиды: Мүлікті (негізгі және айналымды қорларды, үй мүліктері), табиғи байлықтарды (жер, минералды және орман қорлары), заттай емес байлықты (ұлт денсаулығының потенциялдық оның рухани байлығын, білім беру және ғылыми потенциялды). Бұны бірнеше анықтамалармен көрсетеді: Жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, таза ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім. Жалпы ұлттық өнім – бір жылда елімізде шығарылған барлық дайын тауарладың және көрсетілген қызметтердің нарықтық құнының қосындысымен анықтайды.Келесі көрсеткіш ұлттық табыс болады.
Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа құралған құнның өндірістік қорытындысы. Ұлттық пайда – жалпы ұлттық өнімнен және жыл ішінде оларды шығаруға кеткен материялдар шығынды алын тастаған (амортизациялау шикі зат материялдар және т.б.) айырмашылықтан тұрады. Шет мемлекеттердің есептеулерінде оның барлық пайданың қосындысы деп анықтайды:
1. Жұмысшы қызметкерлердің еңбек ақысы.
2. Жеке шаруашылықтың, серіктестіктердің копиративтердің корпорациялардың пайдасы.
3. Үй шаруашылықтардың жерді, бөлмелерді, үйлерді арендаға беру арқылы пайда немесе рента.
4. Ақшалай капиталынан алынған проценті (кредит, банктегі сақталынған ақшаның түсімдері).
Таза ұлттық өнім ол еңбек ақысының, пайданың, рента проценттің жанама салықтары болып есептеледі.Таза ұлттық өнім – ұлттық пайдамен жанама салықтың қосындысы. Олардың қосылатын себебі, ұлттық пайданы нарықтық бағамен анықтау үшін. Тағы бір көрсеткіш – Ж.Ұ.Ө.Шығындардың қосындысы – Ж.Ұ.Ө. – ң шамасы болады.Шығындар мыналардан құралады:
1. Үй шаруашылығының тауар алуына қызмет көрсетуіне жұмсаған шығындар
2. Құрал – жабдықтар, станоктар, үйлер, тұрғын үйлер т.б.
3. Тауарларды өндіруге,
қызмер көрсетуге мемлекеттің
шығындары (мектептер,
4. таза экспорт (экспорт пен импорттың айырмасы)
Ұлттық өндіріс көлеміне тек елде шығарылғандардың шығы есептеледі, басқа елдің шығыны кірмейді.Табыстардан құралған Ж.Ұ.Ө. – ге кіретіндер еңбек ақы, рента, процент, пайда, жанама салықтар және амартизациялық жарна.Екірет есептеуден сақтану үшін Ж.Ұ.Ө -ге кірмейтіндер: аралық тауарлар: шикізаттар, отындар, қосымша материалдар. Мысалы, Ж.Ұ.Ө. ге астық.ұн, ашытқының құны кірмейді. Себебі. Ең ақаырғы тауарлар тек наубайханадан шыққанда ғана алынады. Егер оларды бірден Ж.Ұ.Ө. ге қосып жіберсек, наның құны артық болып екі рет есептелініп кетер еді. 1. өндірілетін өнімдердің санын өсірмейтін келісім жасаушылардың табысы. Бұларға:
a) тррансферттік төлемдер (қамсыздандыру, жәрдем ақы, зейнет ақы, жұмыссыздық үшін алатын ақы)
b) бағалы қағаз сату, саьып алу келісімі
c) ұсталған заттарды сату, сатып алу.
Кестеде Ж.Ұ.Ө. –ді әдісінің шарты мысалы жәнеде басқа да көрсеткішрері қалыптастырылады.
Ж.Ұ.Ө. – ң номиналды және реалды сонымен бірге іс жүзіндегі және мүмкіндігінше өлшемдері болады.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің арақатнастары.
Ж.Ұ.Ө. – номиналды
өлшемі сол жылғы бағамен
Жалпы ішкі өнім деп, тек қана ел ішінде өздерінің жекеменшік өндіріс факторларын пайдаланумен өндірген өнімдерін, жасаған қызметтерін айтамыз. Халықтың өмір сүру деңгейнің сипаттамасын беру үшін екі түрлі көрсеткішпен анықтаймыз: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс жағдайы.Жеке пайда салық төлегенге дейін жеке адамдардың немесе семьяларымен тапқан пайдасы. Ол мыналардан тұрады: тапқан табысынан және тронедерттік төлемдерден, мемлекеттен алатын жәрдем ақы, зейнет ақы, стипендия, жұмыссыздық үшін алатын көмек т.б.Ол пайданы (табысты) жұмсайды, сақтайды, салықтарын төлейді т.б.Қолда бар пайда (табы(?) – төлегеннен кейін қалған пайда. Жалпы ұлттық өнім көп болса, тұрмыста жақсы болады.Бірақ, жалпы ұттық өнім молшылықтың барлық компаненттерін толық есептей алмайды. Сондықтан П.Самуэльсон таза экономикалық молшылықты жақсартуды ұсынды.Таза экономикалық молшылық- қоғамның экономикалық әл-ауқатын жақсату тек қана қолдағы пайдамен емес өмір сүру сапасымен өлшенетін көрсеткіш.Бұл көрсеткіштің есептеу әдісі мынандай: жалпы ұлттық өнімнен, ортаның ластауынан, қылмыс жасаушылардан т.б. көрілген зиян алынып тасталады.Осы факторлар өмір сүру сапасын не жақсартады, не төмендетеді, ол жалпы ұлттық өнімге кірмейді.Мысалы ауның ластануы, көшенің түтіндеуі ауқаттылықты жақсартпайды. Керісінше, жеке сабақтар, саяжай үйлерінің маңындағы істелген жұмыстар, тұрмыс үйлерді жөндеу өмір сүру сапасын арттырады, бірақ, жалпы ұлттық өнімге кімейді.Таза экономикалық ауқаттылықты сандық факторлармен есептеу қиын.
Қазіргі замаңғы экономиканың санаты – жаһандану. Халықаралық экономикалық бірлестіктердің пайда болуы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы экономикалық терминологияны, экономикалық қызметі мен экономикалық көрсеткіштерді есепке алу ережелерін жаңартуға себеп болды. осыған байланысты ХХ ғасырдың ортасында халықаралық ұйымдар ұлттық есептер Жүйесі (ҰЕЖ) құрылды.
ҰЕЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны.
ҰЕЖ келесі міндеттерді атқарады:
Экономикалық қызмет нәтижелерін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім уақыттың белгіленген мерзімінде сол елдің резиденттері өндірген соңғы өнім құнын өлшейді (есептейді). Соңғы тауарлар мен қызметтер ретінде тек қана тікелей тұтынатын (ары қарай қайта сату үшін емес) тауарлар мен қызметтер саналады. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) өндіріс процесінде (үдерісінде) шығындалған (отын, шикізат, көлік қызметі және т.б.) аралық (шыққан) тауарлар мен қызметтердің құны кірмейді. ЖІӨ анықтауындағы «жалпы», «валдық» деген термин ЖІӨ есептегенде оның құнынан негізгі капиталдың тұтынуы алынбайтынын білдіреді.
ЖІӨ ішкі өнім болып саналады, себебі осы елдің резиденттерімен өндіріледі. Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады.
ЖІӨ өлшеудің 3 тәсілі бар:
ЖІӨ өндірістік әдіспен есептегенде соңғы өнім өндірісінің әр сатысында қосылған құн сомаланады (қосылады). Ол шаруашылық қызметтің әр қатысушысының үлесін көрсетеді.
Қосымша құн – ол барлық фирмалар өнімдерінің нарықтық бағасы, өнімнің өндірісіне осы фирмалармен сатып алып шығындалған шикізат пен қосымша материалдың құнын санамағанда. Қосымша құн осы кәсіпорын қызметкерінің еңбегімен атқарылған жұмыстар құнының көрсеткіші болып келеді. Елдің барлық экономикасымен шығарылған (құрылған) қосымша құндардың жалпы сомасы – барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Шығындар бойынша ЖІӨ есептегенде үй шаруашылықтардың, мемлекеттің тауарлары мен қызметтерінің түпкілікті тұтынуына, валдық (жалпы) инвестицияларға, таза экспортқа шығындар жинақталады. Жинақталған шығындарды бірнеше құрамдас бөлікке бөлуге болады: ,
мұнда С – тауарлар мен қызметтерді сатып алуға елдің тұтыну шығындары, бірақ оларға үй-жай сатып алуға кететін шығындар кірмейді.
І – валдық, жалпы инвестициялар, оларға өндірістік капитал жұмсау немесе негізгі өндірістік қорларға инвестициялар, тұрғын үй құрылысына инвестициялар, қорларға салынған инвестициялар кіреді. Валдық (жалпы) инвестицияларды таза инвестициялар мен амортизациялардың сомасы ретінде көрсетуге болады.
G – тауарлар мен қызметтердің мемлекетік сатып алулары – мысалы, құрылысқа кететін шығындар, мектептерді, жолдарды, армияны, мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар.
Xn – экспорт пен импорттың айырымы ретінде есептелетін шетелге жіберілетін тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.
Табыстар бойынша ЖІӨ есептелуі факторлы табыстардың барлық түрлерінің (жалақы, сыйақылар, пайдалар, пайыздар, рента табыстары) және амортизация мен бизнеске таза жанама салықтар жиынтығымен іске асырылады. ҰШЖ (ұлттық шоттар жүйесі) шығын шығыс бөлігіне табыс бөлігіне тең болуы тиіс: осы жылдың өнім өндірісінен алынған ақша табысы осы жылы өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатып алуына жұмсалған шығындар көлеміне тең, немесе:
Бұл теңеу негізгі
макроэкономикалық үйлестік
Валдық (жалпы) ұлттық өнім (ЖҰӨ)
– белгіленген мерзім ішінде осы
елдің тұрғындары алған табыстың
жиынтық бағалауы, ол ЖІӨ (жалпы, валдық
өнімге) жақын. Тауар мен капиталдың
сыртқы ағындары жоқ жағдайындағы жабық
экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ
Келесі көрсеткіш – ол таза ұлттық өнім (ТҰӨ).
ТҰӨ = ЖІӨ - амортизациялық ақша аударулар
ТҰӨ халықтың тұтынуына және жеке инвестицияларға кететін ЖІӨ құнын шамасын көрсетеді. ТҰӨ жанама салықтар кіреді, оның ішінде акциздер мен кеден баждары. Егер ТҰӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды алып тастасақ, алынған сома ұлттық табыстың (ҰТ) шамасы болады.
ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар
ҰТ өндіріс факторлар иелері табыс түрінде алатын ЖІӨ құнының бөлігін көрсетеді:
жер иелері – рента түрінде
капитал иелері – фирмалардың табысы түрінде
жұмыс күші иелері – жалақы түрінде
Өндіріс факторларының иелері тапқан қаражаттарының бәрін де жеке тұтыну мен жинақтарға кетіре алмайды. Жеке табысты (ЖТ) анықтау үшін ҰТ алу қажет:
Және қосу:
Егер ЖТ азаматтар төлейтін жеке салықтарды алып тастасақ, тұтыну мен жинақтарға ұсталатын жеке табысты аламыз.
Тұтыну (С) – бұл ЖІӨ маңызды құрастырушысы. Ұзақ мерзімді келешекте ЖІӨ және тұтыну шығындарының өзгеруі бірдей, алайда қысқа мерзімді кезеңде тұтыну шығындары ЖІӨ қарағанда, аз дәрежеде құбылады, себебі олар негізінде қолдағы табыстан тәуелді. Ал қолдағы табыс ЖІӨ сәйкес келмейді. Мысалы салықтар мен трансферттер (қолдағы табысқа кіретін) құлдырау және даму кезеңдерінде автоматты стабилизатор (тұрақтандырушы) ретінде әрекет жасайды: салықтар құлдырау кезінде төмендейді де, трансферттер өседі, сондықтан қолдағы табыс ЖІӨ сияқты тез азаймайды. Жинақтар (S) – тұтынуды шығарғаннан кейінгі табыс ретінде анықталады.
Көрсетілген (нақтылы) және шынайы көрсеткіштер. ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі маңызды ықпал жасайды. ЖІӨ көрсетілген (нақтылы) және шынайы болады. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ осы ағымдағы жылғы бағаларды өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемін көрсетеді. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ шамасына 2 үдеріс ықпал жасайды (әсер етеді): - өндірістің көлемінің өсуі; - бағалар деңгейінің өсуі. Шынайы ЖІӨ - ол бағалардың өзгеруін есептей отыра түзетілген нақты ЖІӨ немесе базалық жылдың бағаларында көрсетілген. Базалық деп өлшеу басталатын немесе ЖІӨ салыстырылатын жылды айтады.