ұлттық валютаны нығайту

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңгелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен жасалған) құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.

Содержание

КІРІСПЕ 1
І ТАРАУ. АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 3
1.1. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 3
1.2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 5
2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ 8
2.1. АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУ 8
2.2. ВАЛЮТАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ 11
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ АКША НАРЫГЫ.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

      Ұлттық  Банк банкноттар мен металл ақшаның  қажетті санын белгілейді, олардың  шығарылуын қамтамасыз етеді, оларды сақтау, жою және қолма-қол ақша қаражатын  инкассациялау тәртібін белгілейді.

      Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен металл ақша номиналдық құрамына, нысанына және әшекейленген графикаға ие болуы тиіс. Валютаны айырбастау құқығына ҚР Жоғары кеңесі ие. Ұлттық валютаның қызмет ету тәртібін, мерзімін және талаптарын белгілеу құқығы ҚР Президентіне тиесілі.

      Ұлттық  Банк ҚР ұлттық валютасының шетел  мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбас бағамын айқындау тәртібін белгілейді.

      Қолма-қол  ақшаның айналымы банктердің кассаларына  тұрақты қайтару арқылы жүреді. Ұлттық Банкке қолма-қол ақша айналысын  ұйымдастыру жүктелген.

      ҚР  ақша банкноттарын шығару бойынша өз қуаттарын енгізуге және коммерциялық банктерге ақшаны инкассациялауға  лицензияны беруге байланысты қолма-қол  ақшамен жағдай 1996 жылға дейінгі  кезеңмен салыстырғанда күрт өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығы шегінде қосымша қолма-қол ақшаны алады, мұндайда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының шектеуі белгіленбейді.

      Эмиссия – мемлекеттің банкноттарды, металл ақшаны, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз да болуы мүмкін.

      Қолма-қол  ақша нысанындағы эмиссия айналысқа  қосымша банкноттар мен металл ақшаны шығаруды білдіреді.

      Қазақстандағы қолма-қол теңге эмиссиясының елеулі көлемінің ең басты себебі кәсіпорындар арасында әдеттегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолма-қол ақшаға ішінара ауысуы болып табылады, бұны теріс құбылыс деп санауға болады.

      Бірақ 1995 жылдың өзінде-ақ жағдай өзгере бастады, кассалық түсімдердің кассалық шығыстармен  салыстырғанда өсуі нәтижесінде банктер кассаларында берілетін қолма-қол ақша эмиссиясының үлес салмағы қысқарды.

      Депозиттік  банктердің эмиссиясы депозиттік-несиелік операциялар процесінде жүзеге асырылады. Банктердегі депозиттер сомасы кредиттік  ақшаны құру үшін олардың потенциалын құрады. Соңғылары банк салымдарды чектердің эмиссиясы немесе заемдарды ұсыну арқылы шоғырландырған кезде құрылады. Осы операцияның нобайы мынадай: 100 ақша бірлігі депозитіне міндетті резерв 15 ақша бірлігі құрады; қалған 85 ақша бірлігін банк заемдарға айналдыруы мүмкін. Сонда айналыстағы ақша массасы мынадай болады: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі, бұл 85 ақша бірлігі сомасына жаңа ақша құруды білдіреді. Осылайша құрылған ақша өз кезегінде басқа депозиттердің пайда болуына әкелп соғады, олар өздері ақша эмиссиясының себебі болуы мүмкін. Ақшаның мультипликативті кеңеюі болады.

      Депозиттік  банктердің эмиссиясын Ұлттық Банк ақша базасы сияқты ақша агрегатына және ақша мультипликациясына бақылау жасау  арқылы жүзеге асырады.

      Ақша  базасы – Ұлттық Банк құратын ақша. Оған айналыстағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер кіреді. Міндетті резервтер, өз кезегінде, банктер депозитивтерінің бір бөлігін білдіреді, оларды белгіленген нормативтерге сәйкес  Ұлттық Банктің арнайы шотында немесе өзінің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында (Ұлттық Банктің рұқсаты бойынша тек қаржылай тұрақты банктер қолданатын резервтеудің альтернативті тәсілі) сақтауы тиіс. Артық резервтер – Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотындағы өзге қалдықтар.

      Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі банктердегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының көлемін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы қаражат көлемін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.

      Бұл ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалану  арқылы жүзеге асырылады. Осы құралдар  ақша мультипликаторының көлеміне әсер етеді, ол массаның ақша базасына кеңею  шегін көрсетеді.

      Ақша  мультипликаторының көлемі міндетті резервтеу нормасына тәуелді болады, өйткені міндетті резервтерді банктер кредит ресурстарының көзі ретінде пайдаланбайды, сондай-ақ айналыстағы қолма-ұол ақшаның үлес алмағына тәуелді болады. Бұл айналыстағы қолма-қол ақша банктерден тыс бола отырып, мультипликацияланбайтынына байланысты. Ақша мультипликациясының қарқыны оның айналыс жылдамдығына әсер етеді.

      Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығын (бұл жағдайда төлемдердің банк жүйесі арқылы өту жылдамдығы назарға алынбайды) Ұлттық Банк тікелей реттемейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-кредит саясаты үшін маңызы бар. Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығының төмендеуі ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық кредиттік салымдардың өсуі туралы айтады, бұл экономиканың жалпы алғанда тұрақтануы, халықтың ұлттық валютаға сенімінің артуы кезінде мүмкін болады. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға сенімсіздік көрсеткіші болады және ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақақшаның төмен үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютадан тезірек құтылуымен және оны сенімді активтерге аударумен ілесе жүреді.

      Ақша  айналысы жылдамдығының көлемінен  экономиканың монетаризация деңгейіне  тәуелді болады, ол ақша массасының ІЖӨ қатынасын белгілейді. Айналыс жылдамдығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым монетаризация деңгейі де жоғары болады.

      1989 ж. Франциядағы монетаризация  деңгейі 68,5%, Германияда – 64,5%, Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ-та –  77,5% және Жапонияда – 116,7% болды. 1995 ж. Қазақстанда монетаризация деңгейі шамамен 12% болды, бұл жеткіліксіз еді.

      

  • 2.2. Валютаның тұрақтылығын  сақтау және нығайтуға  бағытталған саясаттың  құралдары
  •  

          Проценттік  саясат ақша-кредит саясатының бірден-бір құралы болып табылады. Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың бірыңғай ставкасын белгілейді, ол ақша рыногының жалпы жағдайына, кредиттер бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтілімдерге тәуелді болады. Ұлттық Банк өзінің проценттік саясатын мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында нарықтық проценттік ставкаларға әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру ставкасын белгілеген кезде Ұлттық Банк проценттік ставкаларды оң ұстауға сүйенеді.

          Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін  проценттік саясаттың негізгі мақсаты оны кредитке деген сұраныстың төмендеуін қамтамасыз ететін деңгейге көтеру болды, ал соның артынан ақша массасының өсімін, тиісінше инфляцияны төмендету болды. Жоғары проценттік ставкалар, нақты айтқанда проценттер бойынша төлемдер – шығыстың бірден-бір құрамдас бөлігі. Яғни, жаңа проценттік саясат өз нәтижелерін қандай да бір болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруші еді.

          Қазақстанда инфляциямен күресте жоғары проценттік ставкаларды пайдалануды мәжбүр еткен маңызды факторларының  бірі шетел валютасына артық сұранысты (сыртқы экономикалық қызметтің қажеттілігімен негізделмеген) төмендету қажеттілігі болды. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валюталардың бағамдық айырмасы есебінен спекулятивті кіріс алу мүмкіндігі банктердің қысқа мерзімді капиталдарының елдің валюталық рынокка ағымын болжады. Теңгенің айырбас бағаммен айқындалатын оның сыртқы құнының көрсеткіші және несиелер бойынша проценттік ставкалар деңгейлерінің және бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің инфляциясынан басқа айқындалатын ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы ара қатынасты бұзу ұлттық валюта тұрақтылығы үшін теріс әсері болуы мүмкін.

          Ұлттық  Банктің қайта қаржыландыру ставкаларының  өзгеру серпінділігі мынадай. 1994 ж. қаңтары-ақпанында  қайта қаржыландыру ставкасы 270% деңгейінде болды,  наурыз-тамызында 300% болды. 1994 ж. орта шенінен бастап инфляцияның төмендеуіне және теңгенің айырбас бағамының тұрақтануына байланысты ставка қыркүйек айында 280% дейін төмендеді және ай сайын төмендеп отырды. 1994ж. аяғына ол 230%, 1995ж.- 52% және 1996ж. қыркүйегінде 30%, 1997ж. - 24% болды.

          Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, банкаралық кредиттер, Ұлттық Банктің ноттары  бойынша проценттік ставкалар сауда-саттықта белгіленеді және олардың нарықтық мағыналарына сәйкес келеді. 1994 ж. тамыз айынан бастап барлық нақты нарықтық проценттік ставкалар оң сипатта болды (тек Ұлттық Банктің ноттарынан басқа, олар 1995 ж. қазаны мен 1996 ж. қаңтары кезеңінде нақты мағынада теріс болды, бұл Үкіметтің бағалы қағаздарымен бәсекелестікті болдырмау тұрғысынан ақталды).

          Ұлттық  банктің қазыналық  вексельдері  мен ноталары бойынша табыстылық Ұлттық банктің банкаралық несиелері  бойынша табыстылықтан төмен  болды. Бұл несиелермен салыстырғанда  қарыз бен пайыздар бөлігінде  МҚО және Ұлттық банк ноталарының үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

          Резервтік талаптар. Банктер ұсынған несиелер көлемін реттеу, өздерінің міндеттемелері бойынша банктердің өтелмеген төлемінің тәуекелдігін төмендету, сонымен қатар банк салымшылары мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

          1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген  «ҚР коммерциялық,  кооперативтік  және жеке меншік банктердің  қызметін реттеу туралы Ереже» 18-20 % міндетті резерв бойынша  нормативті көздеді. Теңге және шетел валютасындағы банктердің жалпы депозиттік міндеттемелерінен норматив 30 %-ке дейін артқан  1994 жылдың мамырына дейін Ереже қолданыста болды, 1994 жылдың 1 тамызынан бастап шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ке дейін төмендеді.

          Республикадағы  жалпыэкономикалық жағдайға, атап айтқанда, төлем және есеп айырысу жағдайына  теріс әсер еткен, құнсызданудың  жоғары деңгейімен атап өтілетін, 1993-1995 ж.ж. берілген несие бойынша жоғары проценттер мен төлемақы өсімі түріндегі жинақталған және өсіп жатқан қарыздар қаншалықты позитивті бағаланатын орталық несиеолер бойынша банктердің берешегін қайта құрылымдау процесі 1995 ж. басталды.

          Ашық  рыноктағы операциялар. Мұның түбінде ақша жиыны көлемін реттеу мақсатындағы қайталама рынокта орталық банк жүзеге асыратын бағалы қағаздардың сатып алу-сатуы түсіндіріледі. Бұл айналыстағы ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі мен несие салымдарының өтімділігін реттеудің барынша икемді тәсілі. Оның мағынасы мынада, ақша эмиссиясын тоқтата тұруды және банктердің несие өктемдігін шектеуді қалай отырып, осы қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарымен сәйкес сомаларды есеппен шығара отырып, Ұлттық банк рынокта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығару мен несиелерді ұсынуды ынталандыруға тырыса отырып, Ұлттық банк кері операцияларды жүзеге асырады – бағалы қағаздарды сатып алады және олардың құнын банктердің резервтік шотына есепке алады. Осылайша Ұлттық банк ашық рыноктағы өз операцияларымен өз өтімділігін арттыру үшін немесе керісінше банк жүйесіне қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ айналыстағы ақша жиынының көлемін реттейді. Егер алдын ала келісілген бағам бойынша Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатса, онда банктерді сатып алушыларды нарықтан едәуір төмен және олардың несие мүмкіндіктерінің тарылуын ынталандыру мақсатында, әдеттегідей, соңғысы белгілейді.

          Валюталық рыноктағы операциялар  арқылы өтімділікті  қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық Банктің валюталық рыноктағы интервенциясы жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырылды. Ұлттық Банктің шетел валютасын сатуы ақша массасының өсімін стерильдеу міндетін және теңгенің айырбас бағамын тегістеу міндетін шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетелдік активтердің өсуі Үкіметке таза кредиттердің өсуіне әсер етті және ақша массасы өсімінің төмендеуі Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге берген кредиттерінің төмендеуі есебінен және Ұлттық Банк ноттарының эмиссиясы есебінен болды. Осы кезеңде валюталық бағам саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қайшылыққа келді. Ұлттық Банктің теңгенің айырбас бағамын реттеуге қатысу дәрежесінің төмендеуі осы қайшылықтарды жоюға, бір мезгілде валюталық интервенциялардың ақша массасына әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.  
     

      Қорытынды

     

          Орталық банктің монетарлық саясатының механизмі  былайша болады. Ақша массасының несие көлеміне жоғарыда көрсетілген әр түрлі тәсілдердің әсер етуі орталық банктің түпкілікті жиынтық сұранысқа жүйелі ақша массасы, процент нормасы, күрделі каржы, жиынтық сұраныс, ұлттық табыс арқылы ықпал жасайды. Егер орталық банк қабылдаған шешімдердің жүзеге асу механизмін кезеңдерге бөліп қарасақ былай болар еді:

          Бірінші кезеңде орталық банк өзінің әрекеттері арқылы (коммерциялық банктерден облигациялар сатып алу немесе резервтік талап ставкаларын төмендету) ақша массасын көбейтеді.

          Екінші  кезеңде банк депозиттерінің мультипликациондық кеңеюі болып ақшаны ұсыну үлғаяды.

          Үшінші  кезеңде ақшаны ұсынудың өсуі оны  арзандатады, яғни проценттік ставкасын  төмендетіп инвестицияга сұранысты  үлғайтады.

          Төртінші  кезеңде процент ставкасының төмендеуінің нәтижесінде жеке меншік және мемлекеттік инвестициялар артады. Бесінші кезеңде күрделі қаржының өсуі табыстардың көбеюіне, өндірістің, жұмыспен қамтудың үлғаюына және инфляция қарқынының жеделдеуіне әкеледі.

          Ұлттық  Банк Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және банк жүйесінің жоғары деңгейінде тұр. Ұлттық Банк – бұл республиканың эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, соңғы инстанцияның кредиторы ролін атқарады, ақша-кредит және валюта саясатын айқындайды.

    Информация о работе ұлттық валютаны нығайту