Лизингтің шығу тегі, пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2011 в 21:06, реферат

Описание работы

Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Работа содержит 1 файл

Лизинг2.doc

— 163.50 Кб (Скачать)

        - ұсынылатын лизингтік төлемдер саны ( лизингтік маржа);

        - кәсіпорынның ағымдық экономикалық жағдайы;

        - кепіл немесе кепілдемелердің т.б. түрлерінің пайдалануы;

        - персоналдың тәжірибесі мен біліктілігі және т.б.

        Перспективті клиенттер анықталған кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісімшарт толтырылады да лизинг объектісі лизинг алушыға пайдалануға береді. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады немесе егер олар дұрыс жасалынса,онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингтік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асырылады және лизинг мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.

        Сонымен, осындай схема белгілі бір құрылғылар үшін жетістікпен іске асырылған жағдайда лизингтік компанияларда осы құрылғыларды басқа региондарға ұсыну арқылы нарықты кеңейту мүмкіндіктері туады.

       

3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

        Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

        Лизинг көмегімен кепілге беретін  мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды  несиелеуге болады. Бұл былай:  лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша

      лизинг  объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы

      банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел  деген болмайды (нақтырақ

      айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

        Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді  ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа  мерзім ішінде өзінің меншікті  капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты  пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім  шығаруға және пайда табуға  мүмкіндік береді.

        Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.

        Құрал-жабдықтың лизинг берушінің  меншігінде болатындығына байланысты  салықты жалға берушінің өзі  төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы  салықтық жеңілдіктер алады.

        Несие берушінің көзқарасымен  қарағанда,несиенің мақсатты пайдалануына  ешқандай да қадағалау болмайды.

        Лизинг операцияларына тән кемшіліктер  мыналар:

       - жалға алушы құрал-жабдықтың  қалдық құнының жоғарылауынан(әсіресе

      инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

       - ұйымдастырудың күрделілігі;

       - лизинг құны несиеге қарағанда  жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан  туындайтын тәуекелдің лизинг  берушінің барысында болатынын  ұмытпау қажет, сондықтан да  ол осындай шығынның орнын  толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды

      Қорыта  айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамытумеханизмі  арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық  енгізген жоқпыз. Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту үшін лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз.Себебі,бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.

        Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктілердің жеткіліксіздіктерінен жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды, бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да біз лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар шағын кәсіпорындарының тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесемүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті,оны неғұрлым тиімді басқаратын тұлғаларға беру керек» деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа тұлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы шағын кәсіпорындар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады.

        Бұл схема белгілі бір түрдегі шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың базалық моделі болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген схемаға оған әсер ететін әртүрлі себептерге, факторларға байланысты өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен,лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру схемасы нақты жағдайларға және келісімге қатысушы тұлғаларға тікелей байланыста болады.

        Лизингке алушылардың келесі бір типі орта және ірі кәсіпорындар болып табылады. Осы екі топты бір сегментке біріктіру себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге деген сұраныстарының ұқсастықтары әсер етті. Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін. Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте көп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілеттіліктері бар біліктіліктері жоғары мамандарды талап етеді. Осысегменттерге лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша, лизингтік холдингті дамыту болып табылады.

        Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтіе келісімдерді қандай сегментте болсын, жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Пайдаланылған әдебиеттер 

      1. "Бухгалтерлік есеп туралы  және қаржылық есеп беру туралы". Қазақстан Республикасының Заңы. (26.06.2002 ж.).

      2. "Бухгалтерлік есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, № 2732.

      3. "Бухгалтерлік есептің стандарттары  және әдістемелік үсынымдары". 19996 ж.

      4. "Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, 12 маусым 2001 ж. №209-11.

      5. "Субъектінің қаржы-шаруашылық  қызметінің бухгалтерлік ессп  бас шоттар жоспарын пайдалану  бойынша нүсқау". Қазақстан Республикасының  Бухгалтерлік есеп жөніндегі  комиссиясымсн 18 қараша 1996 ж. № 6 қаулымен бекітілген.

      6. "Методические рекомендации о  порядке выдачи доверенности  на получение ТМЗ и отпуска  их по доверенности" Бухгалтерлік  есеп жөніндегі комиссиясымен  18 қараша 1998 ж. № 46 бүйрығымен  бекітілген.

      7. Абдиманапов А.Н. "Учетная политика предприятия (рекомендацтия)". Бухгалтерлік есеп және аудит. № 2, 1998.

      8. "Аудит предприятия". Москва, 1995. Издательство "Дело".

      9. Міржақыпова. Банктегі бухгалтерлік  есеп Алматы. 2003 ж.

      10 Безруких "Бухгалтерский учет". М., "Бухгалтерский учет", 1999.

Информация о работе Лизингтің шығу тегі, пайда болуы