Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 14:34, реферат
Курстық жұмыстың өзектілігі – жалпы Қазақстандағы коммерциялық банктердің дәстүрлі емес операциялар туралы мағлұматтар береді. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері және дәстүрлі емес қызметтері мен операциялары туралы ұғымымызды кеңейте түседі. Қазақстандағы банктерге, атқаратын дәстүрлі емес қызметтеріне, белгілі бір жылдар аралығындағы жағдайларына салыстырмалы түрде сипаттама беріледі. Кесте түрінде дәлелдер түрде жазылған. Бұл курстық жұмыс болашақ банкирлерге және Қазақстан банктері туралы мағлұмат алғысы келетіндерге септігін тигізеді. Себебі мұнда коммерциялық банк жүйесінің дәстүрлі емес операциялары яғни лизингтік, форфейтенгтік, факторингтік, траст операциялары жайлы толық мағлұматтар берілген.
I. Кіріспе ..................................................................................................3-5.
II. Негізгі бөлім
2.1. Лизинг операциясы .........................................................................6-11
2.2.Факторинг операциясы.....................................................................12-20
2.3.Форфейтинг операциясы...................................................................21-24
2.4.Траст операциясы..............................................................................24-27
III. Қорытынды ........................................................................................28-29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................30
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттік өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктің кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісімшартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу борлып табылады.
Факторингтік операциялар
Лимиттің мөлшерін анықтау
Факторингілік қызмет
Факторингілік бөлімнің
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс.
Бүгінгі таңда факторингілік бөлім өз клиенттеріне мынадай негізгі қызмет түрлерін ұсына алады:
Факторинг шаруашылық органына тауарлық операциялар бойынша мерзімі кешіктірілген дебиторлық берешекті сатып алуы барысында ол жабдықтаушыға өзінің қаражат есебінен аталмыш берешекті белгілі бір шарттармен төлейді. Мысалы: төлемді ең көп дегенде 3 айдан артық мерзімнен кешіктірмегенде ттөлеуші банктен оның әлі несиеленетіндігі және оның төлем қабілеті жоқ деп жарияланбағандығы жөнінде хабарламаны алады.
Клиенттің факторингке мерзімі
кешіктірілген дебиторлық
Есеп айырысудың вексельдік
Мұндай факторингтік операция
жабдықтаушыны вексельмен
Вексельдің есебі үшін
2.3 Форфейтинг операциялары.
Форфейтинг
пен факторинг оперциялары
Форфейтинг сөзі француз тілінде “ a forfait” аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг- тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг қызметі
Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны – импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдай жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
1) мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады;
2)тауарын несиеге береді;
3)аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазыпбереді;
4)аудармалы вексельді қайтасатады;
5)аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді;
6)мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;
7)вексель бойынша міндеттемесін өтейді.
Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде мәміле дайындалады. Бұл кезенде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды.Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор- банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.
Форфейтинг механизімінің
1. Қаржы
мәмілесінде- орта мерзімді
2. Экспорттық
мәміле бойынша- шетелдік
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда -7 жыл.
Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:
Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдеріне алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегеі болы табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамыдай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты және т.с.с.
Форфейтингтеуге әдетте, сауда тратталары (аударма вексель) немесе жай вексельдер қабылданады.
Форфейтингтегі дисконт
2.4 Траст операциялары.
«Траст» ағылшын тілінен
Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Траст операциясына
Сонымен, банктің траст операциясы- бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст қызметіне:біріншіден, жылжымайтын және жылжыитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқарі; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.