Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 14:34, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі – жалпы Қазақстандағы коммерциялық банктердің дәстүрлі емес операциялар туралы мағлұматтар береді. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері және дәстүрлі емес қызметтері мен операциялары туралы ұғымымызды кеңейте түседі. Қазақстандағы банктерге, атқаратын дәстүрлі емес қызметтеріне, белгілі бір жылдар аралығындағы жағдайларына салыстырмалы түрде сипаттама беріледі. Кесте түрінде дәлелдер түрде жазылған. Бұл курстық жұмыс болашақ банкирлерге және Қазақстан банктері туралы мағлұмат алғысы келетіндерге септігін тигізеді. Себебі мұнда коммерциялық банк жүйесінің дәстүрлі емес операциялары яғни лизингтік, форфейтенгтік, факторингтік, траст операциялары жайлы толық мағлұматтар берілген.

Содержание

I. Кіріспе ..................................................................................................3-5.

II. Негізгі бөлім

2.1. Лизинг операциясы .........................................................................6-11

2.2.Факторинг операциясы.....................................................................12-20

2.3.Форфейтинг операциясы...................................................................21-24

2.4.Траст операциясы..............................................................................24-27

III. Қорытынды ........................................................................................28-29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................30

Работа содержит 1 файл

Лизинг.doc

— 163.00 Кб (Скачать)
 

Лизингілік мәміленің  негізінде мынадай құжаттар жатады:

  1. лизингілік келісімшарт;
  2. сату-сатып алу келісімшарты;
  3. мәміле объектісін қабылдау хаттамасы;
 

Лизингілік  келісімшарттың мазмұны:

  1. Келісімшарттың тараптары;
  2. Келісімшарт заты.
  3. Лизингілік келісімшарттың әрекет ету мерзімі.
  4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
  5. Лизингілік төлемінің шарты.
  6. Мәміле объектісін сақтандыру.
  7. Лизингілік келісімшартты бұзудың тәртібі.

Лизингілік контрактіде, сондай-ақ барлық хабарлаулар мен  өзге де байланыстар келісімшартқа енгізілетін барлық өзгерістер секілді жазбаша формада жүзеге асырылатыны қарастырылады. Лизингілік операция банктің басқа да операциялары секілді қатерлі болып саналады.

Лизингілік төлемнің сомасы контракт бекітілген сәттегі  мәміле объектісінің нарықтық құнына қарай анықталады.

Лизингілік мәміленің  объектісі ретінде «ғылыми техникалық пргреске жиі ұшырайтын» ғылыми сыйымдылығ жоғары салалардың өнімдері алға шығатындықтан  нарықта лизингілік мәміленің объектісіне  ұқсас жетілгентүрі пайда болғанда лизинг алушы ескерген құрал жабдықты оның жетілген жаңа түріне ауыстыруға ұмтылады және осыған байланысты лизингілік келісімшарттыф мерзімінен бұрын бұзуға немесе жанартпалы лизинг формсасы бойынша контрактіні бекітуге ұмтылады. Лизинг контрактісінің әрекет ету мерзімі ішінде лизингілік мәміле объектісінің баға өзгерісімен байланысты пайданың көп бөлігінен айрылып қалу қатері бар. Ескі баға бойынша бекітілген лизингілік мәміле объектісінің бағасы көтерілетін болса,лизинг беруші пайданың көп бөлігінен айрылып қалады, ал осған керісінше, ескі бағасы бойынша жалға алынған құрал-жабдықтың бағасы көтерілетін болса, лизинг алушы залал шегеді. Бұл қатерді тараптар барлық лизинг кезеңіне әрбір лизингілік төлемнің тіркелген сомасы белгілеу жолымен өзара келісе отырып кеміте алады.

                 Лизингілік төлемнің сомасы контракт  бекітілген сәттегі мәміле объектісінің  нарықтық құнына қарай анықталады.

                Құрал-жабдықтың апатқа ұшырау  қатері немесе оның одан ары  пайдалануға жарамайтын қатері  мәміле объектісін сақтандыру жолымен кемітіледі. Оперативті лизингте мәміле объектісін лизинг беруші сақтандыратын болса, ал қаржылық лизингте мәміле объектісін лизинг алушы сақтандырады.     

  2.2. Факторинг операциясы. 

Коммерциялық банктердің ең көп таралған дәстүрлі емес қызметінің бір түрі- факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Уйропада қолданылады. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.

Факторинг 80-жылдың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экномикалық  өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өзті. Факторинг  операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа -56%, Америка -30 %, зия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер -13%, Африка-1%.

         Шетелде факторинг-бұл ұзақ және  орта компаниялар үшін қаржыландыру  көзіне сілтейтін қысқа жолды  білдіреді. 

           Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялықнесиенің болуын сипаттайды.

          Факторинг клиенттің  айналымм  капиталын несиелеумен ұштасатын,  сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.

          Факторинг – тауарлардың немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтік компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынгастарға тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

          Факторинг- жабдықтаушы клиенттің  жабдықтағаны тауары мен көрсеткен үшін төленген төлем талабын (шот фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. 

    Факторинг-қатерлі болса да пайдасы жоғары банк бизнесі әрі қаржылық маркетингтің тиімді құралы және осы заманғы экономиканың даму процесіне бейімделе алатын банк операцияларын біріктіруші формалардың бірі.

    Факторинг (ағылшынша –агент, делдал) – клиенттің  айналым капиталын несиелеумен  ұштастыратын әр түрлі комиссиялық  сауда операциясы. Факторинг өзінің кез келген формасының төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (фактура –шоттармен) байланысты. Яғни, клиенттің дебиторлық берешегін инкасациялаумен байланысты болады.

    Факторинг операциялатымен  нарықтық экономикасы дамыған елдерде әдетте банкермен тығыз байланысты болатын немесе олардың еншілес филиалы болып табылатын арнайы факторлық компаниялар айналысады. Факторигтің батыс еуропа елдерінде жүзщеге асырылатын классикалық түрі жеткізілген өнімнің төлем мерзімін ұзарту түріндегі коммерциялық несиеге негізделеді.

    Факторингтік  операцияларға үш тарап қатысады.

    1. фактор-делдал. Оған коммерциялық банк немесе мамандандырылған факторинг компаниясы жатуы мүмкін;
    2. жеткізуші (жаядықтаушы)
    3. сатып алушы.

   Факторингтік операцияның негізінде жөнелткен өнімі үшін жеткізушінің (жабдықтаушының) фактура шотын банктің сатып алуы және жеткізушінің банкке өнімді сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын табыс етуі жатады.  

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен саытп  алушының арасындағы қатынасты сипаттайды., себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

 
 
 
 

Бұл суретте  факторингтік операциялар көрсетілген. 

Факторингтік операция, сонымен бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге факторингтік несиені беру деп аталады.

        Факторинг бастапқыда мамандандырылған  сауда делдалдарының операциясы  ретінде пайда болады. Осы заманғы  талаптарға коммерциялық несиенің  өзінше бейімделген түрінде факторинг  немесе факторлық несие жатады.  

Бұл әсіресе  соңғы екі он жылдықта жақсы дамыған.

          Коммерциялық банктер факторингтік  несиені дамыта отырып, операциялар  желісін кеңейтудің, пайда мөлшерін  арттырудың және клиентпен байланысты  терендетудің қосымша мүмкіндігіне  ие болады.

            Коммерциялық   банктердің (шетелдегі арнайы – факторлық – комаиялары – немесе жай ғана факор) тиісті бөлімдерінің өз клиеттерінен (тауарлармен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар) төлем құжатын (ақшаны алу құқығын) сатып алуды және ол бойынша төлемдерді борышқорлардан (сатып алушылардан) кейін алуда төлеушіге қойылатын төлем талабының тізімін сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу мүмкін болады.

            Қарастырылып отырған операцияның  мәні мынада: жабдықтаушы кәсіпорын сатып алушыға ақшасын факторинг бөлімінің шотына түсірілуін талап етіп, төлем құжатын ұсынады. Соңғысына бір мезгілде құжаттың бір данасы беріледі. Бұл құжаттың негізінде ол ақшаны өзінің шотынан жабдықтаушының шотына аударады, ал кейін сатып алушыдан төлемінің уақытылы алынуына бақылау жүргізеді (төлем кешіктірілетін болса тиісті өсімақы алынады). Соныменбірге факторнг мерзімі арқылы есеп айрысу туралы келісімшартта жоғарыда анықталған төлем бойынша мерзімі ұзартылған берешек пайда болытын болса, банк оның сомасын клиенттің есеп айрысу шотынан факторинг шотына қалыпқа келтіре отырып, тізім құқығына (талаптарды кері табыстау) жүгінуі мүмкін.

            Шетелдерде факторинг операциялар  клиенттің дебиторлық берешегінің  көп бөлігі (70-90% - ке дейін) яғни, қарызгерден оған тиесілі қаражаттың жедел төленетіндігімен (1-3 күн ішінде) сипатталады.

            Клиенттің талап сомасының қалған  бөлігі (10-30 % мөлшерінде) берілген (факторингтік) несие үшін процентті шегеруге екі түрлі жолмен төленуі мүмкін:

  1. қарызгерден (дебитордан) қаражаттың  түскен  уақытына қарамастан факторлық компания немсе ьанктің тиісті бөлімі анықталған мерзімде;
  2. осы қаражатты дебитордың аударғанынан кейін, яғни, жеткізілген тауардың төлемі нақты жүзеге асырылғанда.

Әлемдік іс-тәжірибеде фактордың клиентке әдетте оның айналым кампиталын несиелеумен ұштастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуды жүзеге асыру процесінде көрсететін бірқатар комиссиялық делдалдық қызмет көрсетулер факторинг   ретінде ұғылады.

Факторингтік  қызметті көрсетудің негізгі мақсаты- клиенттің дебиторлық шотын инкассациялау  және оның пайдасына тиесілі төлемдерді алу. Бұл қызметті фактор клиентке қаржыландырусыз  да, қаржыландырумен де көрсетуі мүмкін.

Бірінші жағдайда факторингтік компанияның клиенті шпруашылық келісімшартына сәйкес мерзімде (әдетте 30 күннен 120 күнге дейін) клиенттің пайдасына төлемді алу мақсатында өнімді жөңелтіп компания арқылы өзінің сатып алушысына шотты ұсынады.

              Қаржыландырумен шотты инкассациялау  жағдайында факторингтік компания клиенттен жөнелтілген тауар құнының 80-90%  -ін жедел төлеу шарты арқылы фактура-шотты сатып алады, яғни, өз клиентінің айналым капиталын аванстайды (фактура-шоты дисконттау). Жөнелтілген тауардың резервтік 10-20%-і клиентке төленбейді, сатып алушыдан оған өнімнің сапасына, бағасына байланысты кінәрат қойыла қалған жағдайда сақтық үшін жеке шотта брондалады.

               Мұндай қызмет көрсетулер жұмыс  істейтін кәсіпорындардың қажеттіліктерін  толық өтей  алады, өйткені, бұл оларға төлем мерзімі ұзартылған сатуды факторинг арқылы жедел төленетін сатуға айналдыруынан мүмкіндік береді және осылайша өз капиталының қозғалысын жылдамдатады.

            Фактура-шотты дисконттағаны үшін  факторингтік компания клиенттен  мыналарды өндіріп алады:

    1. комиссиялық (шотты инкассацияланғаны үшін)
    2. факторингтік несие бойынша проценті. Ол несиенің берілген күннен  бастап сатып алушыдан өнім үшін алатын қаражаттың түсу мерзіміне дейін алынады. Бұл роцент әдетте есептік мөлшерлемеден 1-2 тармақ жоғары болады.

    Қаржыландыру (несие) факторингісі екі түрде болуы  мүмкін: ашық (шартты) және жабық (құпия).  

Ашық  факторинг-бұл жабдықтаушының факторингілік компанияға фактура-шотты табыс еткені жөнінде төлеушіге хабардар ететін факторингтік қызмет көрсетудің формасы. 

Жабық немесе құпия факторинг  атау мынаған байланысты шықты; ол жеткізушінің тауарын сатуды несиелеуге арналған қаражаттың жасырын көзі ретінде қызмет етеді, өйткені, клиент контрагенттерінің бірде біреуінің факторингтік компанияның оған фактура  -шотты табыс еткенінен хабары болмайды. Бұл жағдайда төлеуші жабдықтаушымен есеп айрысады, содан соң ол төлемді алғанан кейін оның тиісті бөлігін несиені өтеу үшін факторингтік компанияға аударуы қажет. Жабдықтаушы мен факторингтік компанияның арасындағы келісім бойынша қаржыландыру факторингісі кезінде кері талап (регресс) құқығы, яғни факторрингтік фирманың сатып алушының төленбеген шотын факторингтік фирмаға несиеніөтеуді талап етумен қайтарып алу құқығы қарастырылуы мүмкін. Алайда, әлемдік іс-тәжірибеде кері талап факторингісі (факторинг с регрессом) сирек қолданылады әрі факторинг фирмалар төлемсіздіктің бүкіл қатерін әдетте өз мойындарына алады.

             Факторингтік компания мен клиенттің  арасындағы өзара қарым-қатынастың  құқықтық негізінде тараптардың  міндеттерімен жауапкершілігін  анықтайтын келісімшарт жатады. Ішінара алатын болсақ, онда факторинг түрі, факторингтік несиенің мөлшері және несиенің проценттік мөлшерлемесі, комиссиялық-делдалдық қызмет көрсетудің барлық түрі бойынша комиссиялық-сыйақының шамасы, өзара міндеттемелерді орындайдың кепілдемесі және олар орындалмаған жағдайда тараптардың қалауына сәйкес өзге де шарттар қарастырылады.

Информация о работе Лизинг