Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 20:47, реферат
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
2.2. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.
2.3 Индикативтік жоспарлау-экономиканы дамытудың құралы ретінде
2.4 Жоспарсыз экономика – жобаның соры
3.Қорытынды
Әлеуметтік-экономикалық
Қазақстан Республикасының болашақ он жылдыққа (2001 – 2010 жж.) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.
Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:
- жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалғастыру;
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін кем дегенде екі есеге көбейту;
- экономиканың
аса маңызды салаларында
- халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.
Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар – экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.
Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға – экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.
Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар – елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуі белгіленеді.
Қазақстан Республикасы
Жоспарсыз экономика – жобаның соры
Біздің елдің жіберген бірден-бір қателік, кемшілігі – жалпы жоспарлау туралы саясатты қолдамады. Жоққа шығарды. Бұрынғыны ұмыттыру ниетімен «нарық өзін-өзі реттейді, басқа басқарудың керегі жоқ» деп қысқа қайырды. Мұндай әңгіме жалғыз бізде емес, басқа мемлекеттерде де болды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайды құлақ естіп, көз көрді. Тіпті қолмен ұстадық десек те, артық болмас еді. Біздің билік осындай елеске сенді, (оның елес екеніне осы күні көзіміз жетіп отыр, бірақ ешкімнің мойындағысы келмейді) басқа амалы болмағандықтан, кеңес заманында құрылып, жасалған экономиканы жоққа шығарғанымен қоймай, қиратып-бүлдірді. Бұл – ақиқат. Әрине, жоспарлаудың пайдасы мен зияны қатар жүреді. Ең алдымен «зияны» туралы айтар болсақ, жоспарлау жемқорлықтың жолын кеседі.
Есеп-қисап қатал, дұрыс, тиянақты жүргізілгеннен кейін әлгі сыбайлас жемқорлықтың дамуына тосқауыл қойып, оны тоқыратады. Бұл шенеуніктердің аяғына тұсау салады, олар емін-еркін, алшаң басып жүруден қалады. Өйткені шаруашылықты жоспарлау кезінде, егер ол дұрыс, сауатты жүргізілген қимыл-әрекет болса, әрбір шегені, дүние-мүлікті, ақшаның соқыр тиынына дейін есептеуге тура келеді. Онсыз жоспарлау болмайды.
Бізде өндірісті, өнеркәсіпті жасап отырғандар – кәсіпкерлер, іскерлер. Мемлекеттік жоспарлау кәсіп иелері үшін тиімді, пайдалы. Жалпы, өзін-өзі сыйлайтын кез келген кәсіпкер есеп-қисапсыз тіршілік етпеуі тиіс. Осы жерде біздің елге мемлекеттік жоспарлау саясатының қандай тәсілдері тиімді екенін айта кету орынды. Кезінде кеңестік дәуірде оның жоғарыдан төменге қарай бағытталған нұсқаушыл (директивті) түрі болды. Қазір бұл тәсілді қолданғымыз келген күннің өзінде де оны жасай алмаймыз. Өйткені жүйе де, құрылым да басқа. Біреу білер, біреу білмес, жоспарлаудың екінші бір амал-тәсілі «индикативті» деп аталады. Бізге осы түрін қолдану тиімді. Себебі бұл көрсеткіштерге қарай құрылады. Жалпы, нарықтың, бағаның өзгеруіне байланысты индекстік, инфляциялық өзгерістерді енгізуге мүмкіндік бар. Демек, осы күнгі мемлекеттік басқарудың басты буынының бірі – түр-мазмұны жаңарған индикативті жоспар болуы тиіс. Индикативті жоспарлаудың директивті жоспарлаудан (кеңес дәуіріндегі) айырмашылығы – ол, негізінен, ұсынушылық және бағыттаушы сипатта көрінбек. Соның өзінде стратегиялық маңызы бар немесе күшті мемлекеттік ықпал-әсерді талап ететін жекелеген бағыттарда оның қалыптасуы мен жүзеге асуы үшін қатаң талап жолы да ойластырылуы ықтимал. Мысалы, кезінде АҚШ қорғаныс саласына арналған бюджетті жоспарлау тәсілін пайдаланды. Оны көптеген елдер қолданды. Ал еліміз осы мемлекеттік жоспарлаудың қандай тәсілін таңдай алады? Басқарудың әлгі индикативті түрін таңдап алған күннің өзінде оның дұрыс жүзеге асатынына күмәнім бар. ҚР Министрлер кабинеті екі рет – 1994 жылы 29 сәуірде және 1996 жылы 14 мамырда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасау туралы қаулы қабылдаған. Бұған Ә.Қажыгелдин (сол тұстағы премьер-министр) қол қойған. Бірақ бұл қаулы іс жүзінде жүзеге асқан жоқ. Қажыгелдиннен кейінгі болған премьер-министрлердің бірде-біреуі бұл мәселеге қатысты жақ ашқан жоқ.
Индикативті бесжылдық жоспарлау – мемлекет деңгейінде өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Оны екі деңгейге бөліп қарастыру керек. Өнеркәсіп деңгейінде іскер қауымның бизнес-жоспары болады. Ал мыңдаған ұсақ шаруалар, шағын кәсіпкерлер қайтпек? Олардың басын біріктіретін бизнес-жоба қажет. Жалпы, біздің мемлекетте бюджеттен басқа тиянақты жоспарланып отырған дүние жоқтың қасы.
Артық ақша да – жау
Жалпы, ғылымда экономиканың
Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін шаруашылықты қалпына
Есепсіздің есесі кетеді
«Өнеркәсіпті қалай жоспарлау керек?» деген мәселеге келер болсақ, біздің елімізде әр сала өз бетінше дамуда. Осы орайда мен салааралық баланысты жетілдіру жағын айтар ем. Мұны жапон халқы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жасаған, бізге неге жасамасқа? Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ел мен жердің негізгі байлығын мемлекеттің қолына беру керек. Мәселен, соғыстан кейінгі Жапониядағы бірінші бесжылдық «бей-берекетсіздік (хаос) және қалпына келтіру кезеңі» деп аталды. Экономиканы қалпына келтірудің үкіметтік саясаты әу баста соғыстан кейінгі тауар бағасы қатынастарының базисті бағдарламасына негізделді. Осыған орай, күріш, еңбекақы және көмір бағасына негізделген жүйе құрылды. Күріш халықтың қарнын тойдырса, металл – өнеркәсіп, нан пісіретін – энергетика. Осы үш салаға аралас баланс жасап, кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік берді. Демек, бесжылдық жоспар жасау – профессионалдың ісі.
Бұлай дейтін себебім,
Нарықты да жоспарлай білу керек?
Біз тіпті науқан кезінде жанар-жағармайдың бағасын түсіріп бере алмай отырмыз ғой. Сонда не істемек керек? Әу бастағы «шатақ келісімшартты» қайта қараудан бастау керек. Басқа амал жоқ. Ол үшін мемлекет әлгі компаниялардың акциясын сатып алу керек немесе Үкімет 50+1 пайыздық акция үлесіне иелік етуі тиіс. Ал ең тиімдісі – мемлекеттің өз байлығын меншігіне алуы. Экономиканы, шаруашылық атаулыны мемлекеттендіруден қашпау да керек, қорықпаған да жөн. Осыған талпыну керек, ұмтылу керек. Біз осы мәселені қолға алған кезде толыққанды жоспар жасай аламыз.
Басқару – жоспарлаудың ең үлкен, ең күрелі саласы. Бейнелеп айтқанда, «жоспарлау – басқарудың жүрегі» деген түсінік қалыптасқан. Міне, бүгінгі жоғарғы оқу орындарында осы салаға арналған факультет жоқ. Демек, осы мәселеге орай арнайы факультет ашып, пән сабағын енгізу керек. Өте қиын сала болғандықтан, мұны екінің бірі меңгере алмайды. Кез келгеннің қолынан келе беретін жеңіл-желпі іс емес. Күні бүгінге дейін жоспарлау мен нарықтың басы бір қазанға сыймайды, бір қазанда қайнамайды деп келді.
Біле білсеңіздер, АҚШ-тың құрылып, дамып, қазіргі деңгейіне жетуіне 233 жыл қажет болса, КСРО бұған небәрі 70 жылдың ішінде дүниежүзілік соғысты жеңе отырып қол жеткізді. Бүгінгі таңда әлем елдері дағдарыстан қиналып жатқанда, Қытай экономикалық өсімді еңсеріп тастады. Неге? Себебі бұл елде мемлекеттік басқару тетіктері мықты. Нағыз басқарушылық қабілет-қарым бар. Кеңес Одағы тұсында жоспарлаудың күшті, мығым болғанын ешкім жоққа шығара алмас. Халықтың да, мемлекеттің де жағдайын жасап, жақсылық әкелген жоба болды. Ал асыра сілтеушілік – сіз бен біздің ойлап тапқанымыз. Ал осы күні мемлекеттік жоспарлаумен қандай министрлік, қай ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр? Бұл іске ғылыми-зерттеу институттарын араластырып, жаңа жоба жасауға құзырлы мекемелер, бәрі ат салысуы керек. Меніңше, бұл – тікелей экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің шаруасы.
Өкінішке қарай,
күні бүгінге дейін жоспарлаудың
жаңа идеологиясы жасалмады. Өмірге
енгізілмеді. КСРО-дағы жоспарлау жүйесі
Одақпен бірге, бәлкім, одан да ертерек
күйреген болуы мүмкін. Жалпы, экономика
заңы – қатал заң. Сол қатал
заң бұзылып, бұрмаланғаннан кейін
осындай халге душар боп отырмыз. Жоспарлаудың
бір аты – тәртіп. Тәртіп болмаған жерде
шаруашылықты өрге сүйреймін деу – бекершілік.
Қорытынды
Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазіргі экономикадағы мемлекеттің ролі туралы мәселе туындайды.
Мемлекеттің экономикадағы
Мемлекеттің экономикаға
Классикалық мектептің «
Кемелденген экономикасы бар
Батыс елдерінде экономикалық
демократияның елеулі
Информация о работе әлеуметтік-экономикалық бағалау және жоспарлау