Әлемдік қаржы дағдарысы аясында Қазақстан экономикасын дамыту мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2011 в 10:34, реферат

Описание работы

Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.

Работа содержит 1 файл

Sagimbaeva.doc

— 224.50 Кб (Скачать)

       «Парасат» холдингінің құрылуымен қатар жекеменшік сектор да өзіне ашылған жаңа мүмкіншіліктерді түсініп отыр. Бүгінгі күннің өзінде холдинг «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен» ынтымақтастық  жөнінде меморандум қабылдады. Энергияны үнемдеу мен энергетикаға тәріздес бойынша ғылыми зерттемелерді іске қосу дайындалып қойды. «Қазатомөнеркәсібі» компаниясымен бірлескен ғылыми-техникалық жобалар тізімі мақұлданды. Олардың ішінде уранды жерасты сілтісіздендірудегі қалдықтардан рений мен сирек кездесетін элементтерді шығару жобасын іске асыру көзделуде.

       «Парасат» холдингінің алғашқы көрнекті нәтижелерінің  бірі болып тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазбалар алуда қолданатын минералдар негізінде жасалған ампулалар өндіру табылады.  

       «Қазақмыс»  корпорациясы үшін холдинг институттары кейбір технологиялық үдерістерді  жетілдіруге, алынатын өнім көлемін  арттыруға, қалдықтар құрамында  қалып қоятын құнды құрауыштар көлемін  азайтуға арналған регламенттер дайындап берді. Мұндай жұмыстар АҚ «Алтыналмас», АҚ «Өскемен титан-магний комбинаты» үшін де жүргізілді.

       Холдингтің  құрылуына аз-ақ уақыт өткеніне қарамастан, қыруар жұмыстар жасалынып жатыр. Инновациялық салаларда жұмыс жасайтын компаниялар  дағдарыстарға төтеп бере алатындығын тарихтан көруге болады. Мәселен, 1998 жылғы азиаттық қаржылық дағдарысқа төтеп бере алған компаниялардың 41% инновациялық технологияларды пайдаланған болатын. Ал бүгінгі таңда дүниежүзін шарлаған экономикалық дағдарысты көптеген көреген экономистер мен қаржыгерлер инновацияны дамытуға үлкен түрткі болады деп пайымдайды. Бұл дағдарыс алыпсатарлық экономиканың күйрегенін көрсетеді. Ғылыми-техникалық зерттемелерге бай қазақстандық ғылым үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік арқылы өзара тиімді негізде бизнес үшін қажетті болу мүмкіндігі туындап отыр.

       Әлемнің көптеген дамыған елдері осы жолды ондаған жылдар бұрын жүріп өтті. Олардың салған сара жолы бүгінде біздер үшін сабақ болып табылады. Әсіресе, Елбасының, «отандық ғылымды халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету керек» деген идеясы тұрғысында Қазақстан үшін жоғары технологияның отаны саналатын – Жапонияның орны ерекше.

         Айталық, жапон үкіметі тарапынан  ҒЗТКЖ1-ға қашанда баса назар аударылып келді және ол өз жалғасын табуда. 2005 жылғы ҒЗТКЖ үшін жұмсалған қаражат көлемі елдің ЖІӨ-нің 3,35 % құрады. Бұл шығыстар негізінен жаңа идеялар мен күрделі зерттеулер жүргізу мақсатында қолданылды. Соңғы 20 жыл ішінде Жапониядағы ғылым мен технологияны дамытуға жұмсалатын шығыстар 8 есеге өскен. Бұл Жапонияның әлемдегі инновациялық саланы дамытуға ең көп шығын жұмсайтын ел екендігін көрсетеді.

       Жапония – патент алу мақсатында жасалатын  өтініштер саны ең жоғары мемлекет. 2000 жылы АҚШ-тағы патент алу мақсатында тіркелген 300 мың өтініштің 50 мыңы - жапондық компаниялар мен корпорациялар. Корпорацияларға ҒЗТКЖ-ға қолдау көрсету бойынша жүйе құру құқы берілген. Көптеген корпорациялар келешегі бар зерттеулерге қолдау көрсету мен оларды іске қосу мақсатында арнайы бонустар жариялаған. Мәселен, Sony сияқты трансұлттық корпорацияларда бонус мөлшері еш шектелмейді, яғни, белгілі бір технологияны іске қосу нәтижесінде түскен компания табысынан есептеледі. Тіпті, бұл елде университеттерге өзіндік лицензиялық фирмаларын құруға заңмен рұқсат етілді, бұл патент беру саласын дамытуға үлкен ықпал етері хақ.

       Сондай-ақ,  жапон экономикасының барлық салаларына ҒТП  әсерінің күрт күшейгендігін бөліп көрсеткен жөн. Ол ең алдымен, Жапонияның ғылыми-техникалық потенциалының  айқын өсуімен байланысты.

       Ұзақ  уақыт бойы Жапония шетелдік технологияны қолдана отырып, өндірісті дамытты. 1950-1982 жж. ол 40 мыңға жуық лицензияны сатып алып, енгізді, және де Жапония шетел технологиясын жай көшірмелеген жоқ, оны  жетілдіруге ұмтылды.

       1970-ші жылдардың басына қарай жапондықтар импортталған технологияны экономикалық дамытуға сенуге болмайтындығын түсінді. ҒЗТКЖ-ға шығындар жылдам өсе бастады, берік зерттеулер өрістей бастады. Жапондық монополистік капитал  елді капиталистік әлемнің технологиясының негізгі көзіне айналдыру, өнеркәсіптік технология саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулерде, өнімнің жаңа түрлерін шығаруда,  дизайн саласында оны озат ету міндетін қойды. «Дизайн Жапонияның жаңа күресінің  әскери ұраны болып табылады».  

6-кесте

       Ғылымға салынатын инвестиция (%)

       ЖІӨ пайызы ретінде 

  1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004
Австралия .. 3,6 .. 3,9 .. 4 3,9 3,9
Австрия .. 3,1 .. .. .. 3,3 3,4 ..
Бельгия .. 2,6 3,5 3,6 3,8 3,5 3,4 ..
Канада 3,9 4 4,6 4,6 4,9 .. 4,5 4,5
Дания 3,8 4,5 4,7 4,7 5,1 5,3 5,1 ..
Финляндия 5,2 5,3 5,5 5,7 5,8 5,9 5,9 ..
Франция 3,9 3,9 4,1 4,1 4,2 4,1 4,3 4,3
Германия 3,5 3,6 3,7 3,8 3,8 3,8 3,9 3,9
Греция 1,7 .. 1,7 .. 1,9 .. 1,9 ..
Ирландия 2,6 2,5 2,6 2,6 2,5 2,3 2,3 ..
Италия 2 2,1 2,2 2,2 2,4 2,4 2,4 ..
Жапония 4,1 4,4 4,5 4,6 4,8 4,9 5,1 5,3
Нидерланды 3,5 3,6 3,9 3,7 3,8 3,6 3,7 ..
Португалия 1,5 1,6 1,7 1,8 1,8 1,7 1,7 ..
Испания 2,2 2,3 2,4 2,5 2,6 2,6 2,7 2,7
Швеция 5,6 .. 6,2 .. 6,9 .. 6,4 ..
Ұлыбритания 3,3 3,6 3,6 3,5 3,5 3,5 3,5 ..
АҚШ 5,6 5,9 6,1 6,3 6,5 6,4 6,5 6,6
ЕО 15 елі 3,2 .. 3,5 .. 3,6 .. 3,6 ..
ЭЫДҰ  елдері 4,2 .. 4,7 .. 4,9 .. 4,9 ..

Дереккөз: OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics 

       Жапонияда ҒЗТКЖ қаржыландыруда негізгі рольді жеке капитал атқарады – 1983 ж. 65,2%. Мемлекет ҒЗТКЖ-ға   қорлардың  24%-н ұсынады. Жапонияда ҒЗТКЖ-ды қаржыландыруда мемлекеттің ролі АҚШ (48,4%) пен ГФР (41,6%) қарағанда кем.   ҒЗТКЖ  негізгі көлемін жеке корпорациялар  орындайды – 1983 ж. 63,5%. Мемлекеттік ғылыми мекемелерге ҒЗТКЖ   шығындардың 9,6% келеді. Басқа дамыған елдермен салыстырғанда ғылыми зерттеулерде үлкен рольді жоғары оқу орындары атқарады – 23%, бірақ орындалатын жұмыстар көлемінде жоғары оқу орындарының салыстырмалы үлесі  үнемі қысқарады. Өнеркәсіптік фирмалардың ғылыми зертетулерінде маңыздылық артады. 1984-1985 жж. 5 аса ірі фирманың үлесіне өнеркәсіпте орындалған  ҒЗТКЖ  жалпы көлемінің  17,2% келді.   Негізгі зерттеулер мен аса жаңа технологиялардың жұмыстарын жүргізуді ынталандыру мақсаттарымен жеке корпорациялармен бірге «Маңызды технологиялар орталығы» құрылады. Шетел технологиясының импорттаушысынан Жапония жылдам экспорттаушыға айналады. 1983 ж. шетел технологиясы үшін төлемдер 1975 ж. бағасымен  748,9 млн. долл. құрады, ал технологияны экспорттаудан түсімдер – 645,9 млн. долл. құрады. Төлемдер кірістерден тек 102,9 млн. долл. ғана асады.

       Жапон технологиясын дамытудың маңызды  бөлігі  венчур болды. Кез келген экономикалық жүйесінің динамикалылығы ғылыми – техникалық дамудың мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Соңғылары қазіргі  заманғы батыс экономикасының құрылымында  венчурлық (тәуекелдік) бизнестің таралуы нәтижесінде  едәуір артты. Ол ғылыми-техникалық революцияның қазіргі заманғы  кезеңінде ерекше маңыздылыққа ие болды және сонымен қатар 1970-1980-ші жылдарда оның күшеюінің шарты мен алғышарты болып табылды. Венчурлық бизнес ғылыми жетістіктер мен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыру механизмі болды. Пайда көлемінің 30-50% жуығын өнеркәсіптік компаниялар өнімнің жаңа түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алады, олардың нарықта әрекет ету кезеңі бес жылдан аспайды. Ірі корпорациялар  өндірістің циклдық құлдыраулары мен пайданың қысқару жылдарында да оларды үзбей, ҒЗТКЖ-ға шығындарды арттырады. Алайда, өнімнің үнемі жаңаруы, технологиялық дамудың жетілдірілуі  өсіп жатқан қиындықтарға итермелейді. Және олардың  бәрінен кемі капиталдардың жетіспеуінен тұрады. Басты тежегіш – ғылыми- техникалық прогресті капиталды максималды  өсіру мақсаттарына бағындыру қажеттілігінде. Компания қаншалықты ірі болса, тенденциялар стагнацияға, ғылыми- техникалық прогресті басқаруды бюрократизациялауға соншалықты  күштірек әрекет етеді. Ірі корпорациялар шегінде  ғылыми – техникалық дамудың қарама-қайшылықтарын жеңілдету тәсілдерінің бірі ұсақ фирмалардың жаппай туындауы болады. Жапонияда  венчурлық бизнес мемлекеттің бастамасымен басталды: бірінші үш фирманы 1963 жылы халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі орталық үкіметтің, префектуралар мен банктердің қаражаттары есебінен құрды. 22 жыл қызмет ету ішінде венчурлық капиталдың үш жартылай үкіметтік  фирмалары 2000-ға жуық компанияны қолдады. 1975 жылы жапон халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі венчурлық кәсіпкерлік орталығын құрды.

       ҒТП өндірістің материалсыйымдылығына  әсері қайшылықты болды. Шикізаттың материалдарды өндіру үдерісіне  тартылатындардың санын кеңейтуге  тенденция  туындады. Материалдық сиымдылығы мол технологияны және екінші қайтара шикізатты қолдану өндірістің материалсыйымдылығын  азайтуға жағдай жасады. Алайда, бірқатар жағдайда шикізат пен отынды  тиімді және оңтайлы  қолдануға мүмкіндік беретін, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері 1960-1970 жж. шикізаттық материалдарды тұтынуды басым арттыруға жалпы тенденцияны тек кішігірім деңгейде ұстады. 1970-ші жылдардың ортасында төмен энерго- және материалсыйымдылығымен ғылымисыйымды түрдегі құрылымды құруға  курс жарияланып, бір жағынан,  жеке фирмалардың, екінші жағынан бұл курсты заңнамалық, әкімшілік және қаржылық шаралар сериясымен күшейтетін мемлекеттің бірлескен  әрекеттері негізінде жүйелі түрде және  ойдағыдай жүзеге асырылды.

       1970-1980-ші жж. жапон экономикасының энергосыйымдылығын  едәуір қысқарту болды. 1974-1981 жж. аралығында Жапонияда ЖҰӨ2 бірлігіне есептегенде энергияның тұтынылуы жыл сайын 3,4% қысқарып отырды, ал АҚШ-та - 2%, ГФР – 1,7%, Ұлыбритания мен Францияда -  2,1%-ға, Италияда -  1,5. Көрсетілген кезеңде Жапонияда 1 млн.долл. ЖҰӨ өндіру үшін АҚШ 525,2 кл. қарсы 292,6 кл. қажет болды, Ұлыбританияда 420,5 кл., Италияда 322,9 кл.

       ҒЗТКЖ-ға шығындардың қосылған өңдеудің құнына қатынасы ретінде өлшенетін өңдеуші  өнеркәсіптің ғылыми сиымдылығы асады. 1969 жылы жапон өңдеуші өнеркәсібінің ғылыми сиымдылығы -  2,9%, 1979 ж. – 4,25%, 1983 ж. – 5,7% құрады.

       ҒТП жапон экономикасына әсерінің кеңеюі, бірінші кезекте,  кеңейтілген  ұдайы өндіріс факторларының  ара-қатынасының  едәуір өзгеруінен көрінді. Осылайша, жапон экономистерінің  есептеулеріне сәйкес, 1960-шы жылдардың басында және 1970-ші жылдарда орташа алғанда 40-50% құраған, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ҒТП үлесі 1970-ші жылдардың бірінші жартысында және 1980-ші жылдардың басында шамамен 70% дейін артқан, ал бұл кезеңнің жекелеген жылдарында 80-90% деңгейіне дейін де көтерілген. Бұл сандардың астарында ҒТП жапон экономикасына және тұтастай қоғамға аса үлкен өзгертуші әсері тұр: өндірістік, қоғамдық және жеке тұтыну  саласындағы терең сапалы өзгерістер, көптеген жаңа өнімдердің, өндірістердің, қызмет түрлерінің  пайда болуы, техникалық деңгейдің  елеулі артуы, көптеген салалардың бағытының өзгеруі және т.б.

       1980-ші жылдары жапон корпорациялары өзінің мақсаты ретінде үдемелі қиындықтағы өнімдерді өндіруді,  өндірістің көбірек  икемділігін қамтамасыз етуді, тауарлардың кішігірім лектерін өндіруді, тұтынушылардың  әртүрлі  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ассортиментті  артыруды қояды. Жапон корпорацияларының бәсекеге қабілеттілігі шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін, ыңғайлы өндіріс жағдайларында өнімдердің төмен бағасы мен жоғары сапасына сүйенеді.

       Өндірістің  төмен шығындары мен жоғары сапа деңгейі тұсында  ұсақ- сериялы  өндірісті ұйымдастыру секілді  күрделі мәселелерді шешу үшін, жапондық монополистік капитал  әртүрлі тәсілдерді қолданады. «Канбан» жүйесін қолдану назар аударуға тұрарлық. Оны «Тайота» 30-шы жылдардың өзінде қолдана бастады, «Канбан» немесе дәл уақытында жеткізу жүйесі тауар-материалдық қорларды қысқартуға әкеледі. «Тайотадағы» қоймалық қорлардың көлемі 1 сағат жұмысқа есептелген, «Фордта» - 3 аптаға дейін. Жылына 420 мың машина шығарған, «Ниссан» фирманың автомобильдік зауытында  жинақтаушы  бөлшектер  конвейердің 2 жұмыс сағатына болатын. Байланыстылар бұл бөліктерді екі сағат дәлдігімен  әкелген және зауытта  конвейер тоқтап қалған жағдай болмаған. Қоймалық үй-жайлардың және оларда жұмыс істейтін жұмысшылардың болмауының арқасында жапондық машина жасаушылар бір машинаға есептегенде орташа алғанда 94 доллар  өндіріс шығынына үнемдеген. «Тайотада» сол жақ қанаттарды дайындау бойынша автоматтық тармақтарды қайта жөндеу 5 минутты алады, «Вольваға» - 4 сағат. Әртүрлі модификацияларда «канбан» жүйесі Жапонияның басқа да корпорацияларында қолданылады.

       Ғылыми  қызметкерлерінің саны бойынша Жапония сол сияқты АҚШ-тан кейінгі екінші орында болды. ЖҰӨ-ге ҒЗТКЖ шығындарына қатысты Жапония АҚШ пен ГФР кейін үшінші орынды иеленді.

       Ал келесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметіне сәйкес дайындалған кестеге көңіл бөлсек, Жапония жоғарыда айтылған бәсекелестері АҚШ пен Германиядан ғылыми қызметкерлер саны бойынша әлдеқайда алда. 2006 жылғы көрсеткіш бойынша Жапония ғылыми қызметкерлер саны бойынша әлемде бірінші орынды иеленгенін көруге болады. Дәл осы 2006 жылғы көрсеткішке сәйкес, Жапониядағы ғылыми қызметкерлер мен дамуға жұмсалатын ЖІӨ пайызы бойынша Финляндия мен Швециядан кейінгі үшінші мемлекет. 

       8-кесте

       Мың адамға есептегендегі  ғылыми қызметкерлер саны 

  1981 1985 1990 1995 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Австралия 3,6 4,3 5,5 .. 7,3 .. 7,8 .. 8,4 .. ..
Австрия 1,8 2,1 .. .. .. .. 5,8 .. 6,3 6,9 7,2
Бельгия 3,4 4,1 .. 6 7,5 7,8 7,4 7,5 7,8 7,9 8
Канада 3,5 4,4 4,9 6,4 7,2 7,6 7,5 7,5 7,8 .. ..
Чех Республикасы .. .. .. 2,3 2,8 3 3 3,2 3,3 4,9 5,2
Дания 2,7 3,3 4,4 6,1 .. 7 9,2 9,1 9,5 10,2 10,2
Финляндия .. .. .. 8,2 15,2 15,8 16,4 17,7 17,3 16,5 16,6
Франция 3,9 4,7 5,4 6,7 7,1 7,2 7,5 7,7 8 8,2 ..
Германия 4,7 5,3 .. 6,2 6,6 6,7 6,8 6,9 7 7,2 7,2
Греция .. .. .. 2,3 .. 3,3 .. 3,5 .. 4,2 4,2
Венгрия .. .. .. 2,9 3,8 3,8 3,9 3,9 3,8 4,1 4,5
Ирландия 1,8 2,5 4 4,5 5 5,1 5,3 5,5 5,9 5,9 6
Италия 2,4 2,9 3,4 3,5 2,9 2,9 3 2,9 3 3,4 ..
Жапония 5,3 6,3 7,5 8,3 9,9 10,4 10,1 10,6 10,6 11 ..
Корея .. .. .. 4,9 5,1 6,3 6,4 6,8 6,9 7,9 ..
Люксембург .. .. .. .. 6,2 .. .. 6,7 6,8 7,3 ..
Мексика .. .. .. 0,6 .. .. .. 0,9 1,1 1,2 ..
Нидерланды 3,4 4,3 .. 4,8 5,2 5,5 4,6 4,5 5,1 4,9 ..
Жаңа  Зеландия .. .. 4,1 4,7 .. 9,1 .. 10,4 .. 10,5 ..
Норвегия 3,8 4,8 .. 7,5 .. 8,6 .. 9,1 9,1 9,2 ..
Польша .. .. .. 3,2 3,5 3,7 3,8 4,5 4,7 4,7 4,5
Португалия .. 1,2 1,7 2,5 3,3 3,5 3,7 4 4 4,1 ..
Словак  Республикасы .. .. .. 4,6 4,9 4,7 4,5 4,7 5,2 5,2 5,5
Испания 1,6 1,9 2,7 3,5 4,7 4,7 4,8 5,2 5,5 5,7 ..
Швеция 4,2 5 .. 8,2 .. 10,6 .. 11,1 11,3 12,7 12,7
Швейцария .. .. .. .. 6,4 .. .. .. 6,1 .. ..
Түркия .. .. 0,6 0,8 1,1 1,1 1,1 1,6 1,6 1,8 ..
Ұлыбритания 4,9 4,9 4,6 5,2 5,4 5,6 5,8 5,9 5,7 5,8 ..
АҚШ 6,6 7,3 .. 8,1 9,3 9,5 9,7 9,9 10 9,7 ..
27 ЕО елдері .. .. .. 4,8 5,1 5,3 5,5 5,6 5,7 6 ..
ЕЫДҰ  елдері 4,6 5,2 5,9 5,9 6,6 6,8 6,9 7,2 7,2 7,4 ..
Бразилия .. .. .. .. 0,8 0,9 0,9 1 1 .. ..
Қытай .. .. .. 0,8 1 1 1,1 1,2 1,2 1,5 1,6
Үндістан .. .. .. .. 0,3 .. .. .. .. .. ..
Ресей Федерациясы .. .. .. 9,2 7,8 7,9 7,5 7,4 7,1 6,8 6,8
Словения .. .. .. 5,5 5,4 5,6 5,7 4,7 5 6,5 ..
Оңтүстік  Африка .. .. .. .. .. 1,2 .. 1,3 1,6 1,5 ..

Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысы аясында Қазақстан экономикасын дамыту мәселелері