Лекция грэ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:55, лекция

Описание работы

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Лекции ГРЭ.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

Неоклассикалық теорияның классикалық теориядан айырмашылығы – ол біртұтас концепция емес. Дегенмен, кейбір жалпы принциптері классикалық теория принциптерімен үндес болып келеді. Бұл теория бірнеше мектептердің өкілдерін біріктіреді. Неоклассикалық бағыт ағылшын, австриялық, американдық ғалым-экономистердің еңбектерінде көрініс тапты. Аталған бағыттағы толық және құнды мағлұматтарды ағылшын экономисі А. Маршаллдың (Кембридж мектебі) еңбектерінен табуға болады.

Неоклассиктер еркін бәсеке және рыноктық механизм жағдайларындағы шаруашылық жүргізу заңдылықтарын қалыптастырды және бұл жүйенің экономикалық тепе-теңдік принциптерін анықтады. Мұндағы басты идея рынокта жүріп жатқан үдерістерді анықтайтын сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Айталық, А.Маршалл өндірістік шығындар теориясы мен шекті пайдалылық туралы австриялық мектептің ұстанымдарын негізге ала отырып тепе-теңдікті баға концепциясын талдап жасады. Неоклассикалық теория бойынша бәсеке жағдайындағы бағалардың автоматты қозғалысы ұсыныс пен сұраныс және өндіріс пен тұтыну араларындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан, мемлекеттің қандай болмасын бағаны реттеуі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Осылайша неоклассикалық теория мемлекеттің экономикалық болмысқа араласпауы принципін жариялайды.

Макрореттеудің монетарлық теориясы неоклассикалық теорияның бір тармағы болып есептеледі және белгілі бір дәрежеде кейнстік теорияға балама ретінде қарастырылады. Монетаристік бағыттың лидері Чикаго мектебін қалыптастырған американдық экономист – М. Фридмен. Бұл теорияның негізгі ұстанымы: рыноктық жүйе өзін-өзі реттеуге қабілетті, ол өзін-өзі тепе-теңдік жағдайында ұстай алады, оның беріктік деңгейі жоғары, сондықтан реттеуді қажетсінбейді. Олардың пікірінше ешқандай үкімет рыноктан ақылды емес. Экономиканы нақты және ақша секторларына бөле отырып монетаристер негізгі зерттеулер мен практикалық ұсыныстарды ақша секторына арнайды. Мемлекет, дейді олар, ақша секторын нақты секторға қатысты «бейтараптандыруы» қажет. Нәтижесінде қажетті ақша санымен қамтамасыз етілген рынокқа қолайлы қызмет жағдайы жасалады. Ақша массасын көбейтуді жүйелі түрде, біртіндеп жүргізу керек, оның ұлғаюы циклдық тербелістерден тәуелсіз жылына 3-5% артпауы тиіс. Бұл ұстаным М. Фридменнің «ақша ережесі» деген атауға ие болды.

Сонымен, монетаристер жұмыспен қамту және экономиканы тұрақтандыру үшін ақша-кредит әдістерін қолдануды жақтайды. Олардың пайымдауынша ақша экономиканың дамуын анықтайтын басты құрал болып табылады және басты назар инфляцияға қарсы күреске аударылуы тиіс. Мемлекеттік реттеу ақша массасын бақылаумен шектелуі қажет. Бұған ұлттық банктің кредиттік құралдары арқылы қол жеткізуге болады. Ақша ұсынысының өзгерістері баға динамикасы мен ұлттық табысқа тікелей сәйкес болуы керек.

Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының марксистік моделінде мемлекеттің экономикалық қызметі өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи формасының мазмұны ретінде қарастырылады және қоғамдық меншік экономикалық жүйедегі бірден-бір үстем сектор болып танылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншік экономикалық процестерді бір орталықтан реттеу қажеттілігін ұйғарады. Аталған жүйенің артықшылығына, теория жүзінде болса да, ресурстарды тұрақты түрде бақылау және басқару арқылы толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу жатады.

Маркстік моделдің басты белгілері:

                   өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік;

                   өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар, өңірлер арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. Қоғамдық болмыс сфераларының барлығы жоспарға бағынады;

                   өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді, сондықтан сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды;

                   бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалистік жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру көздері қарастырылмағандықтан формальді әрекет ретінде қала береді.

Мұндай жағдайларда мемлекет «түгел қамтитын» рөл атқарады. Ол, жоспар арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады.

Өмірдің өзі көрсеткеніндей мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарын реттеудің марксистік моделі қолда бар шектеулі ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану ісінде толық қабілетсіздігін танытты.

 

§2 Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктың «көрінбейтін қолы» теориясының авторы А. Смиттің өзі де айтқан болатын. Ол өзінің атақты «Адамдар байлығының табиғаты және себептері туралы» еңбегінде ол былай деп жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар: әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ, шығындарының орнын ешқашан толтыра алмайтын, сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап, ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».

Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған елдердің қайсы біреуінен де таза рыноктық қатынастарды іздеп, таба алмайсыз. Іс жүзінде ұлттық және әлемдік шаруашылықта аралас экономика қалыптасқан. Сондықтан, бүгінгі, егер әңгіме рыноктық жүйе туралы өрбитін болса, мәселе аралас экономика жайында болып отыр деп айтуға толық қақымыз бар. Мұның өзі таза күйінде рыноктық критерийлер мен механизмдер әрекет етпейді және әрекет етуі мүмкін емес деген сөз, себебі кез келген ұлттық шаруашылық меншіктің көптүрлі формалары мен кәсіпкерліктің көпқырлы қызметтерінен құралады және рыноктық, корпоративтік, мемлекеттік, халықаралық тәрізді экономикалық реттеу түрлерінің аралас әрекетінен түзіледі. Мұндай жағдайда мемлекет осы жүйенің ажырамас бір бөлігі, сонымен бірге бүкіл жүйенің өміршеңдігі мен қызмет атқаруының кепілі ретінде көрінеді.

Аралас экономика дегеніміз негізін рыноктық қатынастар және жеке кәсіпкерлік, сондай ақ басқа да көптеген институттар (қаржы өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар т.б.) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың ең маңызды үдерістері мен өрістерін (сфералары) мемлекет реттейді (қорғаныс өнеркәсібі, энергетика т.б.).

Теория және практикада экономиканы мемлекеттік реттеудің бірқатар анықтамалары бар. Олар:

Экономиканы мемлекетік реттеу рыноктық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік экономикалық процестерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел экономикасы болмысына қатысуы болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің экономикалық өсуді ынталандыру, инфляциялық процестерді әлсірету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатындағы салықтар, кредиттер және басқа да тетіктер арқылы ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл өкілетті мемлекеттік органдардың экономиканы тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қолданатын заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны келесідей:

                   рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін қабылданған заңдардың жиынтығы;

                   рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;

                   мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті – рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала береді.

  Билік құрылымдарының реттеуші рөлінің күшеюі уақыт белгісі болып табылады. Қазіргі қолда бар маңызды стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық процестердің басқарылу деңгейін жоғарылата түсу оларды ойдағыдай атқарудың кепілі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т.б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.

Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық экономиканың мәні анықтайды. Қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді қалыптастыру.

Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық экономика жасау мүмкін емес.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:

                   қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;

                   бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі – мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;

                   елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау – бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.

                   белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.

                   айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.

Реттеудің басты тетіктеріне құндық пропорциялар жатады. Олардың көмегімен экономика сфераларында даму және ұдайы өндіру пропорцияларын қалыптастыруға болады.

Бағалар, салықтар, солар бойынша жеңілдіктер, қаржылық ресурстарды бөліп беру, кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер, еңбекті төлеу, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері – мұның барлығы өндірістердің, өңірлердің экономикалық мүдделеріне әсер ететін экономикалық тетіктердің жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік реттеудің маңызды элементіне бағаларға бақылау орнату мәселесі жатады. Әрине, рыноктық экономика жағдайында барлық өнімдердің бағасына бақылау орнату мүмкін емес. Дегенмен, шикізат бағасына бақылау қажет, себебі ол бағалардың барлық тізбегінің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор негізгі тауарлар бағасына да бақылау орнату қажетті іс-әрекеттердің қатарына кіреді.

Мемлекеттік реттеу жай ғана ұйымдастыру – басқару немесе экономикалық мәселе емес, ол әлеуметтік мәселе де болып табылады. Қазіргі кезеңнің, яғни экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы реттеу рыноктың құндық құралдарын пайдалану принциптеріне негізделуі керек.

Өтпелі кезеңде тауар-ақша қатынастарын пайдаланудың мәні мынада:

1.                  құндық категориялардың сандық параметрлерін жоспарлы түрде реттеуді қамтамасыз ету және оны тауар өндірісі заңдарының шарттарына сәйкестендіру қажет, яғни қоғамдық еңбек шығыны тепе-теңдігі базасындағы эквиваленттік заңына және оған қоғамдық қажеттіліктің шамасына сәйкестендіру абзал.

Информация о работе Лекция грэ