Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 14:51, дипломная работа
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22
2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31
2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
2.3 «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46
3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
3.2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
болып, оптималды өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылып кеткен жалпыға
бірдей элементтер өзінің сипаты бойынша
сапалы біртекті, өндірістік бағытталуға
және қолдануға байланыссыз
Берілген классификация
шекті шығындар және шекті
пайда теңдеуінің ережесіне
Сонымен, өндірістік шығындардың теоретикалық бөлімін жалғастырайық. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланыссыз және нөлдік өнім көлемінде де бола береді. Бұл - кәсіпорынның алдындағы міндеттемелер (қарыздар бойынша проценттер және тағы басқалары), салық, амортизациялық төлемдер, күзет қызметіне төлемдер, жал төлемі, нөлдік өнім көлеміндегі құралдарға қызмет ету шығындары, басқару персоналының жалақысы, тағы басқалар. Ауыспалы шығындар өнім көлемінің санына байланысты болып келеді. Олар материалға, шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына және тағы басқаға кеткен шығындардан тұрады.
Тұрақты және ауыспалы шығындардың
соммалары жиынтық шығынды
Максималды пайдаға жету үшін қажетті
өнім өндірісін анықтау керек. Экономикалық
талдаудың құралы болып шекті
шығындардың категориясы есепте
Нақты тәжірибеде Ресей және Батыс елдерінде кәсіпорынның шығындарына талдау жасағанда біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар байқалады. Ал Қазақстанда өнім өндірісіне және өнім өткізуге кеткен шығындардың соммасы арқылы өзіндік құн категориясы анықталады. Теорияда өнімнің өзіндік құнына нормативті өндірістік шығындар кіруі керек, бірақ практикада нормативтен асатын шикізатқа, материалдарға және тағы басқаларға кететін шығындар жатады. Сонымен қатар, өзіндік құнды экономикалық элементтерді қосу арқылы анықтайды (экономикалық мәні бойынша біртекті шығындар). Ал Батыс елдерінде өзіндік құнның калькуляциясын шығару үшін тікелей немесе жанама шығындардың классификациясы қолданылады. Тікелей шығындар – бұл өнімнің бір бірлігін жасауға кететін шығындар. Жанама шығындар – бұл кәсіпорындағы берілген өнім түрін шығару үрдісіне байланысты шығындар.
Жалпы көзқарас кейбір баптардың нақты классификацияларының арасындағы айырмашылықты жоққа шығармайды. Батыс елдерінде жоғарыда айтылып кеткен шығындар бөлінісі қолданылады. Олар, әуелі, тікелей шығындарды және жанама шығындардың жартысын ауыспалы шығындарға жатқызады, ал жанама шығындардың екінші жартысын (өнім көлеміне байланыссыз шығындарды) тұрақты шығындарға жатқызады. Жартылай ауыспалы шығындар болып жоғарыда айтылған жанама шығындардың бөлігі жеке топ болып көрсетіледі, себебі бұл шығындар өнім көлемінің өзгерісіне пропорционалды тәуелсіз болып, өзінің көлемі бойынша өзгереді. Шығындарды тікелей және ауыспалы деп бөлу қосылған құн деген көрсеткішті алуға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның жалпы табысынан ауыспалы шығынды алып тастау арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістің жалпы тиімділігін және өнімді өткізудегі ауыспалы шығындардың өндіріс көлемінің санына тікелей байланыссыздығын бағалауға мүмкіндік береді.
ТМД елдерінде шығындарды шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы деп бөлу экономикалық элементтер бойынша есептеледі де, технико-экономикалық факторлар арқылы экономияны есептегенде қолданылады. Толық есептері қолда бар фактілік өзіндік құнға негізделе отырып, өнімнің жоспарлы өзіндік құнын анықтау есебінде де қолданылады. Бұндай есептеулер әрқашан мақсатты емес, себебі, егер шартты-тұрақты шығындар өнім өндірісінің көлеміне тура пропорционалды өссе, сонда ғана олар шығындардың ұлғаюын көрсетеді.
Нақты өндіріс қызметінде тек фактілік ақша шығындарын есептемей, сонымен қатар альтернативті шығындарды да есепке алу қажет. Соңғысы осы немесе басқа экономикалық шешімдердің таңдауына байланысты болады. Альтернативті шығындарды өлшеу тек нарықтық қатынастарда ғана керек емес, сонымен қатар тауар болып табылмайтын объектілерге де керек. Реттелмейтін тауар нарығында альтернативті шығындар сол кездегі нарықта бекітілген бағаға тең болады. Егер нарықта бірнеше әр түрлі баға болса, онда тауарды сатудағы альтернативті шығын, әрине, сатушының тұтынушыға ұсынған ең жоғарғы бағасы қалған ұсынылған бағаларға тең болады. Альтернативті шығындардың концепциясы өндірістік қызметке тікелей қажетті.
Шекті шығын деңгейі ресурстарды бөлу тиімділігін анықтағанда және өнім өндірісі көлемінде максималды пайда әкелетін қағидатты мағынаны береді. Мүлтіксіз бәсекелестік жағдайында (біртекті өнім шығаратын нарық бағасына әсер етпейтін көптеген ұсақ өндірушілер) қосымша сатылған бір дана өнімнің пайдасы осы өнімнің шекті шығынынан көп болады да, кәсіпорынның пайдасы өседі. Кез келген кәсіпорынға шекті шығындардың және қосымша табыстың арасында теңдік болып, шығарған өнім көлемін сол көлемде өткізу пайдалылырақ болады. Сатылған тауар көлемі бір дана өнімнің бағасын және шекті шығынды еселейді, себебі қосымша көлемдегі өнімді сату қосымша пайда әкелмейді. Кәсіпорын максималды пайда табуға тырысады, егер тауардың шекті шығыны нарықтағы бағадан кем болса, ал егер ол нарық бағасынан көп болса, онда ол өз өндірісін тоқтатады.
Әр кәсіпорын қолда бар
Әр салада шекті пайдалылық пен шекті шығынның арасындағы сәйкестіліктің болуы қоғамдық жағымды жағдайдың болуына және тиімділіктің өсуіне қажет. Ресурстарды тиімді бөлу баға мен шекті шығындардың тең келуінде ғана болады. Ол бәсекелестік нәтижесінде шекті пайдалылыққа пропорционалды болады. Жалпы тиімді бөлу кез келген ұйымның өнім көлемінің жоғарылауына әкеледі. Егер шекті шығын және нарықтық баға тең болса, онда өнім минималды жиынтық шығынмен өндіріледі.
Жалпы, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
1. Шығындардың бастапқы элементтерімен;
2. Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
1.3 Өзіндік құнды
есептеудің шетелдік
Әрбір мемлекетте әр өнім өндіруші өнімнің өзіндік құнын есептеп, өндірістік шығындарды төмендетуге талпынуы қажет. Өткізетін өнімнің бағасы мен басқа да жағдайлар тұрақты болғанда, өнім бірлігіне қажетті шығындарды қысқарту табыс көлемін ұлғайтады.
Әр мемлекетте өндірістік шығындарды азайтудың әр түрлі жолдары қолданылады. Олардың барлығын төмендегідей етіп біріктіруге болады:
Жалпы, материалдар мен ресурстарды үнемдеудің түрлі жолдары бар, олардың негізгілері төмендегідей:
Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету жолдары