Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 12:13, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары.doc

— 205.00 Кб (Скачать)
 

    Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарын қарастыра  отырып «Рахат» АҚ қолданыстағы стратегиясына  жалпы жан-жақты өсу, атап айтқанда нарықтағы жайғасымды күшейту стратегиясы  деген анықтама беруге болады.

    Нәтижесінде ұсынылған әдістемелік тәсілдемені қолданып:

    а) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы факторларының  дамуын сапаның бағалау арқылы сипаттауға (санын бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда);

    ә) болжамдық ахуалды, болжанатын объектіні  егжей-тегжей сипаттамасын әзірлеуге;

    б) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы және ішкі факторларын анықтап бағалауға;

    в) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне  сыртқы ортадағы жағымсыз жағдайлардың жасайтын ықпалын анықтауға;

    г) болжанатын кезеңдегі бәсекеге қабілеттіліктің  елеулі факторларын анықтауға және шамалы өзгеретін факторларды негізге алып (олардың маңызын есептегенде) және осының негізінде фабриканың бәсекеге қабілеттілігінің дамуындағы басымдықтарын анықтауға;  

    ғ) басқарушылық шешімдер «Рахат» АҚ дамуына  болжанатын кезеңде қаншалықты ықпал ететіні жөніндегі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

    Сөйтіп, сипатталған әдістемені қолдану  кәсіпорынның ұзақ мерзімді келешекте бәсекелестік артықшылыққа жетуге күш-жігерін бағыттау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті дамытудың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін басымдықтарды таңдап, нарық жағдайының даму үрдістеріне барынша жоғары дәрежеде сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын тамаша пайдалануға мүмкіндік беретін стратегия әзірлеу қажет.

    Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың екі тобын жеке атауға болады:

    а) тұтынушылардың қалауына, атап айтқанда, тауардың бағасына, сапасына, инновацияға, ұйымдастыру-коммерциялық жағдайларға, сауда белгісінің имиджіне байланысты олардың өніммен қанағаттану дәрежесі;

    ә) кәсіпорынның экономикалық, қаржы, ғылыми-техникалық және қор сипатындағы факторларға байланысты бәсекелік мүмкіндіктер.

    Сондықтан келтірілген көрсеткіштер топтарының ауқымында кондитерлік өнімнің  ерекшеліктерін айқын көрсететін және кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлегенде пайдаланылатын көрсеткіштерді ұсынуды қажет деп санаймыз.

    Кездейсоқ іріктеу әдісімен Алматы қаласының 16 азық-түлік дүкені таңдалды, олардың ішінен респонденттердің тепе-тең саны да кездейсоқ алынады. Іріктеудің ең аз көлемі сенімгерлік аралық әдісінің негізінде анықталып, 450 адам іріктелді. Зерттеу барысында 550 респондентке сұрақ қойылды.

    Сөйтіп, қазақстандық нарықта кондитерлік  өнімдерді жылжыту үшін өнім дәмінің сапасын жақсарту, өнімнің тұтынушыға жылдам жетуді қамтамасыз ету, бағамен айла жасау, сондай-ақ өндірушінің танымалдық дәрежесін арттыру мен оның өнімінің беделі сияқты тиімді маркетингтік іс-шаралар іске асырылады.

    Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттілікті нарық жағдайының сапа сипаттамасы ғана емес сан жағынан өлшенетін параметр ретінде қарастыруға болады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың ғылыми негізделген әдістемесін әр түрлі өлшемдерді пайдалана отырып, әр түрлі әдістермен құруға болады. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау белгіленген көрсеткіштердің жиынтығына негізделуге тиіс, ал көрсеткіштердің құрамы басқару субъектісін бағалаудың мақсаты мен қажеттілігіне орай анықталады. Қайсы бір жеке өлшемге басымдық беру қиын болғандықтан, бәсекеге қабілеттілікті кешенді бағалаған орынды.

    Бәсекеге  қабілеттілікті кәсіпорынның рейтингін  әзірлеу негізінде бәсекеге қабілеттілік факторларының жиынтық ықпалының  негізіндегі бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға болады. Осылай бағалау міндетті түрде ресми есептілік деректеріне негізделуге тиіс.

    Біздің  ойымызша, Қазақстанның кондитерлік  өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарын рейтингтік бағалау үшін бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесін ұсынуға болады.

    «Рахат» АҚ мен оның негізгі бәсекелестерінің рейтингтік сандарының мағыналары жалпы да, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша да анықталды (7-кесте). 

7-кесте. Қазақстанның кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткішін аддитивтік жиынтықтау әдісімен 2007 жылы есептелген мағыналары  

Параметр «Баян сұлу»АҚ «Рахат» АҚ «Қарағанды  кәмпиттері» АҚ «Ақтөбе тәтттілері»  АҚ
Шаруашылық  қызметтен түскен пайда 0,42 4,0 0,29 0,87
Басқарудың  тиімділігі 0,4 3,79 0,62 2,18
Іскерлік  белсенділік 6,30 4,70 4,18 3,46
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық 0,88 3,42 4,37 2,19
Өндірістің  көлемі мен шоғырлануы 0,98 4,49 3,87 2,27
Төлемге қабілеттілік 3,33 4,05 4,98 2,63
Бәсекеге  қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші 12,31 24,45 14,31 14,0
Ескерту – Республиканың кондитерлік саласы бойынша автор есептеген
 

    Айтылғанды көрнекі түрде көрсету үшін кәсіпорындарды саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткішінің мағынасына орай орындарға орналастырайық  
(8-кесте).

    Осылай  көрсетілген ақпараттан кәсіпорындар мен олардың интегралдық көрсеткіш бойынша құрылған рейтингтегі жақын қарсыластарының жалпы деңгейі жөнінде пікір қалыптастыруға да, сонымен бірге бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша құрылған рейтингті талдау негізінде бәсекелестікке қабілеттіліктің «нашар жақтарын», сондай-ақ резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.  

8-кесте. ҚР кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің 2007 жылғы рейтингі  

Параметр «Баян сұлу» АҚ «Рахат» АҚ «Қарағанды  кәмпиттері» АҚ «Ақтөбе тәттілері» АҚ
Шаруашылық  қызметтен түскен пайда 3 1 4 3
Басқарудың  тиімділігі 4 1 3 2
Іскерлік  белсенділік 1 2 3 4
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық  
4
 
2
 
1
 
3
Өндірістің  көлемі мен шоғырлануы 4 1 2 3
Төлемге қабілеттілік 3 2 1 4
Бәсекеге  қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші  
4
 
1
 
2
 
3
Ескерту – Автор есептеген
 

    Бәсекелестік  стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады: 1) төмен шығынның есебінен нарықта көшбасшы болу стратегиясы; 2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы; 3) жергілікті нарықты саралау стратегиясы; 4) нарықтың шағын сегменттеріне қызмет көрсету стратегиясы; 5) интеграция мен кооперациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.

    Сөйтіп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен  олардың қауымдастығы тарапынан  бәсекелестік күшейген жағдайда ірі  және орташа өңірлік кондитерлік  кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып шешілді.

    Өнім  мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға) бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді  іс-шараларды ұсынуға мүмкіндік  береді.

    Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі  жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның  бәсекеге қабілеттілігіне қалай  ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның  өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді.

    Осы жұмыста кондитерлік өнім нарығындағы  бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде өздерінің қатысуын арттырғанын байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.

    Диссертацияда кондитерлік нарықтың күннен-күнге  өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды.

    Әзірленген  ұйымдастыру-экономикалық механизмі  «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның практикасында пайдаланылды. Осы фабрикада тікелей интеграция стратегиясын іске асыру өнім өткізуді айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін өсуіне мүмкіндік берді.  
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Диссертациялық  зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей  тұжырымдама жасауға болады.

    1. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу қиындық туғызады.

    2. Елімізде қалыптасқан жағдай дәстүрлі нарық елдерінен ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын талдау қажеттілігі туындайды.

    3. Бәсекелестік артықшылықтар – бұл ұйым қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастыру саласында бәсекелестерден экономикалық көрсеткіштермен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарықтағы үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын артықшылықтың барлық жағынан асып түсуін білдіреді.

    4. Бәсекелестік стратегиясы өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекелік жайғасымын сақтауға не болмаса оны өзгертуге бағытталады.

    5. Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінде көп жағдайда жекелеген нарықтардың ерекшеліктері ескерілмейді.

    6. Кондитерлік саланың бәсекелік ортасының біз жүргізген мониторингі осы ерекшеліктің нарықтағы өзгерістердің ықпалынан туындаған әр түрлі макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың, яғни экономикалық дағдарыстың салдарының, нарықтың инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуының, инвестициялық белсенділіктің төмендігінің және т.б. ықпалымен қалыптасқанын көрсетті.

    7. Кондитерлік саланың бәсекелестік мүмкіндіктерін бағалау үшін рейтингтік тәсілдемеге негізделген әдістеме әзірленді.

    8. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық және шетелдік өндірушілерді, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі қалыптастырылып шешілді.

    9. Жұмыста кондитерлік өнімнің, сондай-ақ кондитерлік кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда бәсекелік ортаның өзгеруіне орай көрсеткіштер ескерілді.

Информация о работе Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру