Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 12:13, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары.doc

— 205.00 Кб (Скачать)
 

    Талдау  жүргізілген барлық кәсіпорында  қуаттылығы шамамен бірдей (қуаттылығы 20 пайызға артық қарағандылық кәсіпорыннан өзгесі) ұқсас жабдықтар бар, негізінен  бірдей өнім өндіреді. Осы аталған кәсіпорындар бұрын мемлекеттің қарауында болса, қазіргі уақытта меншік түрін өзгертіп, жекеше кәсіпорынға айналған. Кәсіпорындар қаражаттың жетіспеушілігінен техникалық жағынан жеткілікті жарақтандырылмай әрі жаңғыртылмай отыр.

    Негізгі бәсекелестері – ресейлік өндірушілер: олар өндірген тауар жергілікті кәсіпорындармен салыстырғанда сапасы мен бағасы жағынан және орамы бойынша әлдеқайда бәсекеге жарамды. Олардың негізгілері: Мәскеу – «Красный Октябрь» ОДО, «Рот-Фронт» ААҚ, «Бабаевский» концерні, Санкт-Петербург – «Азарт» ААҚ, құрамына «Конфи» (Екатеринбург), «Волжанка» (Ульяновск) ашық акционерлік қоғамдары және «Кондитер» (Новосибирск) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін «Сладко» кондитерлік бірлестігі.

    Сондай-ақ еліміздегі нарықта Түркиядан, Германиядан, Швейцариядан, Финляндиядан, Австриядан әкелінген, мүлдем жаңа технология бойынша өндірілген тауарлар да бәсекелестікке түсіп отыр.

    Қазіргі уақытта «Рахат» АҚ-ның позициясы  мықты, ол бәсекелестерінің алдында бірқатар бәсекелік артықшылықтарға ие. Отандық кәсіпорындардың ішінде онымен иық теңестіре алатындай кәсіпорын жоқ десе де болады, өйткені өзінің бұрыннан қалыптасқан өткізу нарығы бар. Басқаларынан айрықша жері – «Рахат» АҚ импорттық тауарлардың тек жақсы жақтарын ғана алады және жергілікті шикізат пен материалдарды пайдаланады. Бұл оның кондитерлік өнімдерінің сапасын жақсартып отыр. Оның сауда маркалары тұтынушыларға кеңінен танымал, кәсіпорынның іскерлік беделі тұрақты және дестрибьютерлік желісі кең.

    «Қарағанды  кәмпиттері» АҚ-ның бәсекелік  артықшылықтарының бірі – кәсіпорында  кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін және көп қатпарлы шоколад өнімдерін өндіретін, осы заманғы технологиямен жұмыс істейтін экструдерлік цех бар. Кәсіпорын өндіретін үлпілдек тәтті тағамдар, қытырлақ, кептірілген ертеңгілік тағамдар, сондай-ақ көп қатпарлы шоколад өнімдері мен өзге де кәмпиттер нарықта белгілі бір сұранысқа ие. Кәсіпорын осы бағытта әр түрлі маркетингтік стратегияларды пайдалана отырып, өзінің бәсекелік артықшылықтарын одан әрі дамытуы тиіс.

    «Баян сұлу» АҚ-ның бәсекелік артықшылықтарына тоқталмастан бұрын, ең алдымен айтарымыз: осы кәсіпорын өндірген өнімдердің сапасы жалпы алғанда жақсарып келеді. Оның негізгі бәсекелік артықшылығы – өндірісте натуралды шикізат түрлері мен компоненттерін пайдаланады.

    Зерттеу көрсеткендей, отандық кондитер кәсіпорындары  негізінен арзан жұмысшы күші мен шикізат сияқты төменгі дәрежедегі артықшылықтарға ғана ие: жоғары дәрежедегі артықшылықтарға қол жеткізу едәуір инвестицияны қажет етеді. Сол себепті компаниялар қаражаттың жетіспеушілігінен олардың барлығын пайдалана алмайды. Жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, алайда тағы да сол қаржының жетіспеушілігінен олардың барлығын осы заманғы технологиямен ауыстырудың сәті түспей тұр.

    Осы кондитерлік кәсіпорындардың экономикалық тұрақтылығын талдау барысында олардың  бірқатар қаржы-экономикалық ерекшеліктері анықталды. 2007 жылы 11 мың тоннаға өндірістік қуаты күрт төмендеді, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 90,83%-ды құрады. Кәсіпорындарда іске қосылған өндірістік қуаттардың саны 50%-дан төмендеді. Ең күрделі жағдай қуаты 10 тоннадан аз шағын кондитерлік фабрикаларда қалыптасқан, ол жерде жабдықтың тек 10%-ы ғана жұмыс істейді. Кондитерлік кәсіпорындардың дамуының проблемаларын талдаудан осы кәсіпорындардың көпшілігі инвестициялауды қажет ететіні көрінеді.

    Жүргізілген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей республикада кондитерлік өнім нарығының дамуының оң үрдістеріне қарамастан егжей-тегежейлі талдап шешуді қажет ететін бірқатар өзекті факторлар жоқ емес. Осы факторларға мыналарды жатқызуға болады:

    а) кіріс деңгейі мен баға саясатындағы айырмашылыққа байланысты тұтынушылардың сұранысын әртараптандыру. Мәселен, 2005 жылмен салыстырғанда 2007 жылы шоколад, шоколад пен қанттан жасалған өнімдер бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 26,2%-ға, 2006 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ғана ұлғайды. Өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының бағасы 2007 жылы 12,4%-ға, ал сусынды қоса алғанда тамақ өнімінің бағалары 29,5%-ға, оның ішінде шоколад пен қант қосылған кондитерлік өнімнің бағалары 13%-ға ұлғайды;

    ә) өңірлік сәйкессіздіктер. Облыстар үш топқа бөлінеді, оның ішінде кондитерлік өндіріс дамымаған деп айтуға болатын облыстардың бірінші тобы (Ақмола, Жамбыл облыстары мен Астана қаласы). Екінші топқа шамалы ғана және нарықтың кондитерлік өнімге қажеттілігін қамтамасыз етпейтін облыстар кіреді (Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары). Үшінші топқа ірі өндірістер бар және 2007 жылы өндірістің жалпы көлемінде өнімнің жиынтық көлемі 94,8%-ды құраған облыстар кіреді (Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары).

    Бәсекелік ортаны талдау нәтижесінде стратегиялық топтар картасын салыстыру әдісін пайдалана отырып, шоколад өнімін негізгі өндірушілердің нарықтың үлесі мен өнім түрінің кеңдігі бойынша бәсекелестердің келесі үш тобын жеке бөліп айтуға болады. Бірінші топқа нарықтағы көшбасшылар – Қазақстан аумағындағы шетелдік кәсіпорындар; екінші топқа бәсекелестік жайғасымы күшті ең белгілі отандық өндірушілер; үшінші топқа – бәсекелестік жайғасымы нашар отандық өндірушілер кіреді. Әрбір белгіленген стратегиялық топқа ең тиімді бәсекелестік стратегиялар ұсынылады.

    Бәсекелестік  жайғасымы нашар отандық кәсіпорындарға:

    а) арзан немесе бірегей өніммен  жұмыс істеуге;  

    ә) әртараптандырудың жаңа әдістерін  пайдалануға;

    б) сату көлемін, нарықтың үлесін, пайдалылықты, қол жеткізілген бәсекелестік жайғасымды сақтап қолдауға;

    в) қысқа мерзімде пайда алу және қаражаттың жылдам түсуін қамтамасыз ету мақсатында бизнесті қайта инвестициялауға  негізделетін стратегиялар ұсынылады.

    Бәсекелестік  жайғасымы күшті кәсіпорындардың  екінші тобы нарықта күресу үшін:

    а) саланың көшбасшылар ерекше назар  аудармайтын нарықтағы бос жайғасымды іздестіру;  

    ә) халықтың нақты тобының қажеттілігіне  ерекше назар аудару, сатып алушылар жоғары бағалайтын қызметтің арнайы түрлерін дамыту;

    б) әртараптандыру мен бөлшектеу стратегияларын ұштастырудың арқасында тұтынушылардың нақты топтарына жоғары сапалы өнімді ұсынуға мүмкіндік беретін үздік тауар өндіру;

    в) көшбасшының артынан ілесу;

    г) шағын фирмаларды басып алу –  ұсақ кәсіпорындарды біріктіру нәтижесінде  өсу саясаты;

    ғ) өнім өндіруші сатып алушылардың  сана-сезімінде тартымды бейнесін қалыптастыру арқылы өнімді әртараптандыру стратегиясында бәсекелестерге қарағанда артықшылық алуға ықпал ететін айрықша имидж  сомдау қарастырылған стратегияларды таңдайды.

    Көшбасшы кәсіпорындардың практикамен расталған стратегиясы мен беделінің болуына байланысты олар:

    а) ілгері жылжу саясатын жалғастыруға;  

    ә) өздерінің жайғасымын сақтап қалуға;  

    б) бәсекелестерге ойдағыдай қарсы  төтеп беруге толық мүмкіндігі бар.

    Автордың ойынша, шоколад нарығы кәсіпорындарының топтары атап өтілген бәсекелестік стратегиясын нақты өндірісте кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктері мен өзі жұмыс істейтін нарықтағы жағдайды ескере отырып, өзінің бәсекелестік жағдайын нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін іске асыра алады.

    Компания  бәсекелестік жағдайында тіршілік етіп ойдағыдай даму үшін нарықтағы барлық өзгерістерді, яғни тұтынушылардың талаптарын, бағалардың арақатынасын, сондай-ақ жаңа өнімдердің жасалуын, дистрибьюторлық желіге жаңа элементтердің енгізілуін қадағалауға тиіс.

    Өнім  қоржынын қалыптастыру мен талдауды, сондай-ақ функционалдық стратегияларды анықтауды стратегиялық келешекті  ескеріп іске асыру қажет.

    Алдымен бұл үшін сыртқы ортаны (бәсекелестерді, жеткізушілерді, тұтынушыларды, зерттеу, PEST-талдау және т.б.), содан кейін қолданыстағы жайғасымды және кәсіпорынның мүмкіндіктерін (техникалық, технологиялық, қаржы, шикізаттық және т.б.) талдау, келесі кезеңде – SWOT-талдауды, басқаша айтқанда бастапқы стратегиялық талдаудың матрицасын қолдану қажет. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі аспектілерінің өзара іс-әрекет жасауын ескеруге және компанияның дамуының оңтайлы стратегиясын таңдауға көмектесетін ең қарапайым әрі қол жеткізімді әдіс.

    SWOT-талдау  – кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудың ықтимал тәсілдемелерінің бірі ғана екенін атап өткен орынды. Егер менеджер SWOT-талдаумен қатар стратегиялық жоспарлаудың басқа да әдістерін қолдануға әрекет жасаса бұдан жақсы нәтиже алынады.

    Бұл жағдайда біз «Рахат» АҚ стратегиясын әзірлеуде SWOT-талдауды қолданудың негізгі нәтижелерін қарастырамыз.

    Осы компанияның өнімдерінің нарығы аумақтық бөліну мен сауда түрі бойынша  бөлінген:

    а) Қазақстанның өңірлері (негізінен ірі  көтерме сауда);

    ә) Алматы қаласы – (бөлшек сауда және ірі көтерме сауда);

    б) сауда желілері;

    в) фирмалық сауда. Ол өз кезегінде «Рахат» АҚ-ның дүкендерінде және фабрикамен франчайзинг шартымен жұмыс істейтін дүкендердегі сауда бөлінеді.

5-кесте – «Рахат» АҚ қызметінің салыстырмалы қаржы көрсеткіштерінің нәтижесі келтірілген  

Көрсеткіш 2008 жылдың  қаңтар-қазан айларында 2009 жылдың қаңтар-қазан айларында
Жарғылық  капитал, мың теңге     900 000     900 000
Меншікті  капитал, мың теңге     10 635 444     11 185 492
Жиынтық активтер, мың теңге 13 278 267 13 477 411
Сату  көлемі, мың теңге 13 964 022 13 823 321
Жалпы кіріс, мың теңге 2 573 200 2 435 156
Таза  пайда, мың теңге 588 662 441 755
Акциялардың баланстық құны, теңге 2804 3 107
Жиынтық активтер пайдалылығы, % 4,4 3,28
Меншікті  капитал пайдалылығы, % 5,5 3,95
Сату  көлемінің пайдалылығы, % 18,4 17,61
Ескерту – «Рахат»АҚ есептік деректері бойынша
 

    Келтірілген деректер «Рахат» АҚ-ның жағдайына  елдегі және әлемдегі күрделі макроэкономикалық  ахуалдың өзгеруіне байланысты дағдарыс кезеңінде экономикалық жағына әсер еткені байқалды. Компанияның 2009 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы сату көлемі 1,1%-ға азайып, осы кезеңдегі таза пайда 25%-ға төмендеді.

    Қазіргі уақытта отандық кондитерлік өнеркәсіпте кондитерлік өнім өндіруге толықтай немесе ішанара маманданған 200-ден астам ірі және орташа кәсіпорын жұмыс істейді. Мұның өзінде елімізде 90%-дан астам өнімді 3 компания, яғни «Рахат» АҚ, «Баян сұлу» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ шығарады.

    Кондитерлік өнімді өндірушілердің арасынан «Рахат»  АҚ басты ішкі бәсекелестерін атап өтсек, олар:

    а) «Баян сұлу» АҚ – Қостанай қаласында орналасқан, кондитерлік өнімнің 160-қа жуық түрін шығарады. Өндірістік қуаты 30 мың тоннаны құрайды, 2002 жылы өндірістің көлемі 11,4 мың тонна болды, бұл ішкі нарықтың 8%-дық үлесіне тең;

    ә) «Қарағанды кәмпиттері» АҚ – Қарағанды қаласында орналасқан, 160-тан астам кондитерлік өнім түрін өндіреді, өндірістік қуаты 40 мың тоннадан асады. 2002 жылы кәсіпорын 9,4 мың тонна өнім шығарып, нарықтың 6%-ын құрады.

    Қазақстан нарығында 2007 жылы импорт өнімінің үлесі 50%-дан асты және Ресей мен Украинаның кондитерлік өнім өндірушілері отандық өндірушілердің негізгі бәсекелесі болды.

    Компанияның есебі бойынша «Рахат» АҚ Қазақстан  нарығының 65%-ын ұстап тұр, ал Алматы қаласында компания нарығының үлесі 75-80%-ды құрайды, мұнда әр адам 8,5 кг-ға жуық тәтті өнім тұтынады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, АҚШ-та жан басына шаққанда әр адам 10 кг тәтті өнім тұтынады, солтүстік еуропалық елдерде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 20 кг-ға жетеді екен.

    «Рахат» фабрикасын бәсекелестерімен салыстырып, оның күшті және нашар жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырайық (6-кесте).  

6-кесте. «Рахат» кондитерлік фабрикасын SWOT-талдау 

Күшті жақтары:

нарықтың көшбасшысы;

компанияның тұрақты  қаржылық жағдайы;

жоғары және орта буындағы білімді әрі білікті басшылық;

маркетингке, үздік  қызмет көрсетуге ерекше назар аударылады;

өнімнің кең  түрі;

сатып алушылар арасында беделді, жақсы танымал сауда белгісі;

тәртіпке келтірілген  өнім өткізудің икемді жүйесі;

 өте икемді  баға саясаты;

шығын жөніндегі артықшылықтар;

шикізат жеткізушілермен  ұзақ мерзімді байланыс жасау.

Нашар жақтары:

өндірістік қуаттардың толық іске қосылмауы;

 зерттеулер  мен әзірлемелер саласында артта  қалу;

қаланың ішінде орналасу: өндірістік үй-жайлардың  тарлығы, даяр өнімнің бірыңғай қоймасының болмауы;

қосымша көлік  шығындары (шикізат қоймасының алыста орналасуы); 

кейбір жұмысшы  мамандықтары бойынша білікті мамандардың жетіспеуі.

Мүмкіндіктер:

шығарылатын өнімнің  жоғары сапасын және басқа да тұтынушылық  қасиеттеріне ерекше назар аудару;

жаңа нарықтарға немесе нарықтардың сегменттеріне  шығу;

өндірістік желіні, өнімнің түрлерін кеңейту;

сатылас интеграция;

деңгейлес интеграция;

бәсекелес фирмалардың  жайғасымдарының әлсіреуі;

жаңа өнім шығаруда жаңалықтар мен технологиялық «ноу-хауды» пайдалану қабілеті;

Қазақстанда жалпы  инвестициялық ахуалдың жақсаруы;

компанияның қаржы  жағдайының жақсаруы;

келешегі мол  дамушы саланың тұрақты және қарқынды дамуы.

Қауіптер:

Қазақстандағы тұрақсыз макроэкономикалық ахуал;

ұлттық валютаның  құнсыздануы, инфляция;

 ғаламдық  қаржы дағдарысы; 

әлемдік тауарлық нарықта жағдаяттың күрт өзгеруі,

халықтың кірісінің  төмендеуі, халықтың төлемге қабілеттілігінің түсуі;

шығындары төмен  жаңа бәсекелестердің пайда болу мүмкіндігі;

отандық өндірушіні мемлекеттік қорғау мен қолдаудың  жеткіліксіз тиімді жүйесі;

халықтың әл ауқаты мен сатып алу қабілетінің  деңгейіндегі өңірлік сәйкессіздіктердің сақталуы;

сатып алушылар мен жеткізушілердің талаптарының артуы;

импорт өнімі  тарапынан күшті баға бәсекелестігі;

жергілікті шикізат  базасының жеткіліксіздігі мен дамымау салдарынан кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жағдайын әлемдік нарық жағдаятына тәуелді ететін импортталатын шикізаттың жоғары үлесі.

Ескерту – «Рахат» АҚ есептік деректері бойынша автор құрастырған.

Информация о работе Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру