Кәсіпорынның айналым құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:21, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның әдеттегі және үздіксіз жұмыс істеу үшін, негізгі қорлардан басқа, айналмалы өндірістік қорлармен айналыс қорлары болуы тиіс. Ақшалай нысанында көрсетілген айнымалы қорлар мен айналыс қорлардың сомасын кәсіпорынның айналым қаражаттары дейді. Сонымен, пайдалы қазбаларды өндіру мен сатуды үздіксіз қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жеткілікті көлемде айналым қаражаты болуы керек. Айналым қаражаты, кәсіпорының ақшалай қаражат жиынтығы.

Работа содержит 1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛМАЛЫ ҚҰРАЛДАРЫ.doc

— 132.50 Кб (Скачать)

  ЖОСПАР  
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Капитал деп - тауар өндіру мен қызметтер көрсетуге, инвестициялық жұмсалым ретінде пайдаланатын ақшалай соманы айтады. Капитал мына түрде болуы мүмкін өндіріс құрал-жабдығы (өндіріс капиталы), ақша (акшалай капитал) және тауарлар (тауарлай капитал) өндірістік капитал  екіге бөлінеді: негізгі және ақшалай капитал. Негізгі капиталдан айналмалы капиталдың айырмасы өзінің құнын жаңадан өндірілген пайдалы қазбаларға толық көшіріп, өндірушіге капиталдың әрбір ауыспалылы айналымының соңында ақшалай нысанында қайтарылады.

       Кәсіпорынның әдеттегі және үздіксіз жұмыс істеу үшін, негізгі қорлардан басқа, айналмалы өндірістік қорлармен айналыс қорлары болуы тиіс. Ақшалай нысанында көрсетілген айнымалы қорлар мен айналыс қорлардың  сомасын  кәсіпорынның айналым қаражаттары дейді. Сонымен, пайдалы қазбаларды өндіру мен сатуды үздіксіз қамтамасыз ету үшін   кәсіпорында  жеткілікті көлемде  айналым қаражаты  болуы керек. Айналым қаражаты, кәсіпорының  ақшалай қаражат жиынтығы.

       Айналмалы өндірістік қорлар  өндірістік процентті бастауға  дайындалған  еңбек заттарынан  тұрады. Айналмалы өндірістік қорларды  жоспарлау мен есепке алу тәжірибесінде  оларды  үш топқа бөлуге болады.

  1. өндірістік қосалқы қорлар (қазбаларды бекіту материалдары,  жарылғыш заттар қорлары, жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшкетер, отын т.б.)
  2. аяқталмаған өнім
  3. болашақ кезеңдер шығындары

         Кәсіпорында материалдық құндылықтар  қорының бір бөлігі өндірісте болады, ал екінші бөлігі  өндірістік процеске дайын,  қоймада жатуы мүмкін,    оны қойма қоры дейді. Материалдық құндылықтардың бір бөлігі жолда болып, кәсіпорының көлік қорын құрады.

       Болашақ кезеңдер шығындары кәсіпорынның  болашақ кезеңде өнім өндіруде  арналған ағымдағы шығыстары. Кейде айналмалы  қаражаттың  бір бөлігі аяқталмаған өндіріс шығындарына  жұмсалады.

       Айналыс қорлары  айналыс саласында  жұмыс істейтін  кәсіпорындардың   қаражаты.айналыс қорлары, кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін құрайды. Дайын және өткізілген  өнім калдықтарынан,  қоймадағы дайын өнімнен немесе сатып алушыларға жөнелтілген, бірақ олар әлі ақысын  төлемеген өнімнен, есеп айырысу есепшотындағы, кассадағы ақшалай қаражаттар, сондай-ақ,  есеп айырысудағы қаражаттан құралады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кәсіпорын айналым  қаражаттарының  айналымы

       Кәсіпорнының өндіріс процесі  мен оның өндірілген өнімі  айналыс процеснде үздіксіз болуы  тиіс. Айналым қаражаттың  бір   бөлігі өндіріс,  ал екінші бөлігі айналыс саласында болады.

       Капиталдың өндіріс саласынан  айналыс саласына көшуін капиталдың  айналымы дейді. Капиталдың айналымы  капиталдың ауыспалы айналымы, ол  дүркін дүркін жаңарып отырған  процесс ретінде қаралады, оның дейекті  түрде  авансылануын, өндірілген пайдалы кенбайлықтың сатылуын, бастапқы нысанға  қайтып оралуын  камтиды. Капитал үш сатыдан өтеді.

      Бірінші сатыда ақшалай қаражаттар  оларсыз өндірістік процесстің  орындалуы мүмкін болмайтын әр  түрлі материалдық құндылықтардың өндірістік  қорларына ауысады.

      Екінші  сатыда  өндірістік қорлары   дайын өнім шығаруға  жұмсалады,  өндіріс процесі  жүзеге асырылып,  пайдалы  қазбалар өндіріледі.

      Үшінші сатыда  кәсіпорын өзінің  өндірген өнімін сатып, өткізіп,  өндірген жұмсалған қаражатын қайтарып  пайда алуға күш салады.

      Бірінші және үшінші сатылары  айналыс саласына, ал екінші сатысы  өндіріс саласына жатады. Сонымен, ақша тауарға айналып, тауар қайтадан ақшаға ауысады, үздіксіз өндірістік процесс қайталанады.

     Капталдың қозғалысы үздіксіз болуы үшін  оның белгілі бір бөліктер бір мезгілде ақшалай, өндірістік, тауар нысының бірінде болып және үш  сатыдан өтуі тиіс. Сөйтіп капиталдың  ауыспалы айналымы үздіксіз, ұдайы қайталанып отыратын процесс болып табылады. Үздіксіз жаңартылып  отыратын процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік капиталдың ауыспалы айналымы, оның айналымын құрайды. Капитал айналым уақыты бүкіл авансыланған капитал өндіріспен айналыс сатысынан өтетін және  бастапқы нысанына қайтып оралатын кезең реттінде қаралады. Капитал айналымынның жылдамдығы, оның бір жыл ішінде жасалатын айналымдылық  санымен сипатталады.

Айналым  қаражаттарының  құрамы мен құрылымы

        Кәсіпорынының айналым капиталы  өндірістегі және айналыстағы  капиталға бөлінеді.

       Өндірістік қорлар аяқталмаған өндіріс пен болашақ кезең шығындары, кәсіпорынның айналмалы қорын құрайды, ал оның дайын өнім ақшалай қаражаттары айналыс қоры болады. Өндірістік қосалқы қорлар мен кәсіпорынның қоймадағы дайын өнімі, оның тауар материалдық құндылықтарын құрады.

        Өнеркәсіпте өндірістік қосалқы қорларға мыналар кіреді

                -      қосалқы материалдар

               -     отын және жанармай

               -        ыдыс және ыдыс материалдары

                -       құнсыздау және тез тозатын заттар

                -       арнаулы киім мен аяқ киімдер.

        Қосалқы материалдар өндірістік  процесте қосымша рөл атқаратын еңбек заттары .Қосалқы бөлшектер машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын жөндеу жұмыстарына арналған бөлшектер, узелдер мен агрегаттар,айналым қаражаттар жалпы сомасында олардың үлесі орташа есеппен алғанда 4 тен 6 пайызға дейін. Аяқталмаған өндіріс кәсіпорында дайындалып бітпеген өнім. Дайын өнімге өнеркәсібінде өндеудің барлық сатыларынан өткен және өндірістік тұтынуға жарамды пайдалы қазбалар жатады. Дайын өнім айналыс қорының бөлігі. 
 
 

                     Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құрылу көздері

 

      Нормаланатын айналым қаражаттарына  кәсіпорындардың  жоспарланатын  меншікті қаражататтары, ол тауар материалдық  құндылықтардың ең аз қосалқы қорларын жасау мен өндірістің үздіксіз  жұмыс істеуін және өнімнің өткізілуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

     Нормаланатын айналым қаражаттарына  өндірістік қорлар, аяқталмаған  өндіріс, болашақ кезеңдер мен  дайын өнім жатады.

      Дайын өнімнен басқа айналыс  саласында жұмыс істейтін қаражаттар  нормаланбайтындарға жатады, олар  төлеу мерзімі басталмаған жөнелтілген  тауарларға, сатып алушылар мерзімінде  төлемеген  жөнелтілген тауарларға,  банктегі есеп айырысу шотындағы кассадағы есепайырысудағы қаражат.

       Құралу көздері бойынша айналым  қаражаттары меншікті қарыз және  сырттан тартылған болып жіктеледі.

       Меншікті капитал кәсіпорынның  міндеттемелері шегеріліп тасталғаннан  кейінгі активтер. Оларға жарғылық, сақтық қорлары, бөлінбеген капитал жатады.

       Жарғылық қор құрылатын кәсіпорынның  активтеріне құрылтайшылар  салған  салымдардың құны, яғни оның капиталының  бастапқы сомасы   кәсіпорынның  жарғысында  айқындалады.

       Қарыз қаражаты кәсіпорын банктен қысқа мерзімі несие тәртібімен алған айналым қаражаттарының бөлігі.

       Тартылған қаражатқа кәсіпорынға  тиесілі емес, бірақ оның уақытша   иелігіндегі  ақшалай қаражат  жатады. Оған  кредиторлық берешектің  барлық түрлері кіреді. 
 
 

   Айналым  қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері

 

      Өндіріс тиімділігіне айналым  қаражаттарының айналымдылығы үлкен   әсер етеді. Ол бір жылдағы,  бір тоқсандағы айналым қаражат  айналымның  санын және бір  айналымның ұзақтығын сипаттайды. Сонымен, айналым қаражаттарының  айналымдылығы оны  тиімді пайдалануды сипаттайтын  экономикалық көорсеткіш. Алдында айтқанымыздай, кәсіпорынның  айналым қаражаттары ұдайы өндіріс процессінің бір сатысына, екінші сатысына үнемі ауысып оытрады. Оның бұл үздіксіз қозғалысы, айналым қаражаттарының  ауыспалы  айнымалы болып табылады.

       Айналым қаражаттарының  айналымына  жылдамдығын  айналымдылық коэфициент  деп атайды. Ол өткізілген өнім  құны мен айналым қаражаттарының  орташа қалдығы қатынастарымен  есептеледі: 

                                     К =    ӨӨ / АҚ,

Мұндағы,

      К -  айналым қаражаттарының  айналымдылық коэфициенті

     ӨӨ - белгілі бір кезеңде нарық белгілеген баға мен өткізілген өнім көлемі,тнеге

     АК -  айналым қаражаттардың үздіксіз айналыста болатын орташа қалдығы,тенге:

       Айналымдылық коэфициенті сандық  шамамен айналым қаражаттарының  бір теңгеге шаққандағы сатылған  өнім мөлшерін көрсетеді.

       Айналымдылық коэффициентіне кері  көрсеткішті жүктеме немесе орналастыру  коэффициенті дейді, ол мына  формуламен есептеледі:

                  

                       Кж  = АК/ӨӨ

   Бұл көрсеткіштің экономикалық  маңызы мынада бір теңгеге  өнім шығару үшін, қанша айналым  қаражаты керек екендігін білдіреді.

Айналым қаражаттарын нормалау әдістері

       Айналым қаражаттарын нормалау үшін мына негізгі әдістер  пайдаланылады:  тікелей есептеу, талдамалы, және коэффициенттік.

      Тікелей есептеу әдісі айналым  қаражаттардың әр элементті бойынша   дәлелднлінген есептеуді қарастырады.  Осы әдісті пайдаланғанда   кәсіпорынның ұйымдастырушылық техникалық даму деңгейінде, тауар материалдық құндылықтарды  тасымалдауда, кәсіпорындар арасында есеп айырысу практикасында барлық өзгерістерді есепке алу қажет бұл әдіс  экономисттерден  жоғары біліктілікті  талап етеді,  оның арқасында айналым  қаражаттар  қажетілігі  дәл анықталады.

      Кәсіпорын  қызметті  жағдайында  көп өзгерістер  болмағанда  айналым  қаражаттардың қажжетті мөлшерін  талдамалы әдіспен есептеген  дұрыс. соған орай, айналым қаражаттарының  нормативін есептегенде, өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен өткен кезеңдегі нормаланатын айналым  қаражаттар мөлшерін еске алу керек.

      Айналым қаражаттарды коэффициенттік  әдіспен  есептегенде,  олардың  қорлары мен шығындарын белгілеу  тікелей өндіріс көлемімен   байланысты (материалдар, аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындар), және оған байланысты емес (арзан бағалы  және тез тозатын заттар) болып бөлінеді.

      Бірінші топ бойынша айналым  қаражаттар қажеттілігі, олардың  ағымдағы жылдағы  мөлшері  мен  келесі жылдағы өнім  өндірудің өсуімен анықталады.

      Екінші топ бойынша айналым  қаражаттардың қажеттілігі бірнеше  жылдағы айналым қаражаттардың  орташа нақты қалдықтар деңгейінде  жоспарланады.  
 
 
 
 

    Кесте1 - “Шардара мақта“ ЖШС өндірісінің 2006 - 2009 жылдардағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы,                                                мың тенге 

Көрсеткіштер 2006 ж 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
Ағымдағы  активтер, соның ішінде 1461344 1623320 2130560 1008631
1.1 Тауарлы – материалдық қорлар 1015037 183746 3118 640130
1.2 Дебиторлық борыш 381391 1393223    
1.3 Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржы инвестициялар  
59996
 
8206
 
1214
 
18126
1.4 Басқа да ағымдағы активтер 4920 38145 2126228 350675

Информация о работе Кәсіпорынның айналым құралдары