Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 15:11, реферат
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти-
желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала-
дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан
көрінеді.
4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
5.Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.
Кәсіпкер— жеке тұлға, ол:
- өндірістік-шаруашылық;
- көтерме сауда
- инновация;
- кеңестер беру;
- коммерциялық делдалдар;
- бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.
Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға жэне сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:
- зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін;
- алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;
- одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.
Кәсіпкерлік қызмет
және оның түрлері
Кәсіпкерлік субектісі
1.Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары(қызметтері заң талабына сай болса ғана).
2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.
3.Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.
2. Кәсіпорынды
меншік иесі атынан басқару.
Меншіктің мұндай ережелері өзара
міндеттерді анықтай отырып, келісім
арқылы реттеледі.
Бұл келісімде:
- мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
- әр түрлі қызметті іске асыру;
- материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;
- келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).
Кәсіпкердің құқықтары
- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту;
- интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
- өндірістік бағдарламалар жасау;
- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
- сыртқы
экономикалық қызметтерді жүзеге
асыру;
- кәсіпорындарды
басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді
жолға қою;
Информация о работе Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары